Сабақтың тақырыбы : Дара және күрделі етістіктер Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мәлімет бере отырып,етістіктің күрделі және дара түрлерін таныту,салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін түсіндіру, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау.
Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, өз бетінше, жұмыс істеу, жаттығулар орындау шеберлігін, машығын, сөздік қорын, қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды таза, ұқыпты, тиянақты жазуға және тапсырманы түсініп отырып орындауға тәрбиелеу.
Міндеті: Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы дара және күрделі етістіктерді меңгерту.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: Сызбалар,суреттер,ережелер,жаттығулар слайд.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;
- сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
371-жаттығу. Сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Ереже сұрау.
- Етістік дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Етістіктің сұрақтарын атаңыз?
- Етістікке байланысты қандай сөздер айтуға болады?
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
IV . Жаңа сабақ:
Кіріспе:
Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.
Дара етістік бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді.
Күрделі етістік екі, үш сөзден құралады: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.
Дара Күрделі
Барды
Келді
Алды
Айтты
Жүрді
Барып қайтты
Келе жатыр
Алып кетті
Айтып отыр
Жүре бастады
V. Оқулықпен жұмыс: Күннің жадын жазу. Көркем жазу.
Кк, Кк, Кк
Көркем кітаптарды көрді.
Дәптермен жұмыс:
375-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Не байқадың?
1. Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр.
2. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады.
3. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
VI. Топтық жұмыс:
1-топ: «Қызғалдақ»
2-топ: «Бәйшешек»
3-топ: «Раушан»
1-топ: 376-жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Ұшты, күреді, құйды, үйді, сүзді.
Дара етістік Күрделі етістік
Ұшты ұшып кетті
Күреді күреп жүр
Құйды құйып отыр
Үйді үйіп қойды
Сүзді сүзіп алды
2-топ: 377-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
Гүлдер жайқалып өсіп тұр.
Сайыста қатысушылар би биледі.
Дәрігер адамдарды емдеп жүр.
3-топ: 378-жаттығу. Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
Дара етістік Күрделі етістік
Көздеді Ойлап жүр
Көрді Келе бастады
Шомылды Тоқып жатыр
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Саусақтармен ойнаңдар.
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын.
VII. Шығармашылық тапсырма:
1-топ: Семантикалық карта құрастыру.
2-топ: Венн диаграммасын құрастыру.
3-топ: C уретке қарап өлең құрастыру.
VIII. Қорытынды.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтті ме?
- Нені үйрендік?
- Нені білдік?
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтарын атаңыз?
IX . Үйге тапсырма беру. 379-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Ереже жаттау.
X. Бағалау. Үлгі ету, мақтау.
№ 19 орта мектеп
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі етістіктер»
Өткізген: Сұлтанова К
Сынып: 2 «Д»
2017 оқу жылы