kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дара ж?не к?рделі етістіктер конспект урока

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Дара ж?не к?рделі етістіктер Саба?ты? ма?саты: 1. Білімділігі: О?ушылар?а етістікті? дара ж?не к?рделі болып б?лінетінін, к?рделі етістіктер екі- ?ш с?зден ??ралып, ??рамында?ы с?здерден б?лек жазылатынын ме?герту. 2. Дамытушылы?ы: Шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, жа?а техноло-гияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. С?здер ар?ылы с?з байлы?ын, с?йлеу да?дыларын жетілдіру. 3. Т?рбиелігі: Жерін, елін, Отанын с?юге, таби?атты аялай білуге т?рбиелей отырып, ??стар?а, жануарлар?а ?ам?орлы? жасау. Т?рі: Аралас ?дісі: С?ра? –жауап, жеке, ?з бетімен ж?мыс жасау. Технологиясы:Дамыта о?ыту К?рнекілігі: Плакаттар, сызба суреттер ?йымдастыру кезе?і: Психологиялы? дайынды? -?рбір адам? Досым, сыныптасым - ?рбір саба?? ?йрену, о?у, іздену - ?рбір ісі?? Тірлік, тірек, адамды? - ?рбір с?зі?? Шынды?, бірлік, адалды? ?азір ?андай саба? екенін еске т?сірейік ?аза? тілім – ?з тілім, анам тілім, Абай, М?хтар с?йлеген дана тілім. ?астерлейді ?л –?ызы? м??гі сені,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дара ж?не к?рделі етістіктер конспект урока»

Бастауыш сынып мұғалімі Тайсалова Ақтолқын

Қазақ тілі. 2- сынып.



Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларға етістіктің дара және күрделі болып бөлінетінін, күрделі етістіктер екі- үш сөзден құралып, құрамындағы сөздерден бөлек жазылатынын меңгерту.

  2. Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа техноло-гияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын , сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелігі: Жерін, елін, Отанын сүюге , табиғатты аялай білуге тәрбиелей отырып, құстарға , жануарларға қамқорлық жасау.

Түрі: Аралас

Әдісі: Сұрақ –жауап, жеке, өз бетімен жұмыс жасау.

Технологиясы:Дамыта оқыту

Көрнекілігі: Плакаттар, сызба суреттер

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық



-Әрбір адам? Досым, сыныптасым



  • Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

  • Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

  • Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік

Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл –қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

Балалар сөз таптарына нелер жатады?

Балалар біз қандай сөз таптарын өтіп жатырмыз?

Зат есім дегеніміз не?

Етістік дегеніміз не?



Үй тапсырмасын пысықтау.

349 жаттығу.

Бірлігі жоқ ел тозады.

Бірлігі күшті ел озады

Үй жұмысын қорытындылау

Жаңа сабаққа әзірлік

«Буындардан сөз құра»

Берілген тем, көк буындарынан сөз құраймыз

-Қандай сөз шықты?

-Көктем

-Көктем дегенде ойларыңа не келеді?

-Күн жылиды?

- Адамдар жеңіл киіне бастайды.

- Ағаштар бүршік жарады.

-Құстар ұшып келеді.

-Жаңбыр жауады

- Жылғалардан су аға бастайды

- Күн күркірейді

Жаңа сабақ

Күн күркірейді. Күн күркіреп жатыр

Құстар ұшты. Құстар ұшып келеді

Арман жүгірді. Арман жүгіріп келеді

Күркірейді, ұшты, жүгірді – дара етістік

Ұшып келеді, күркіреп жатыр, жүгіріп келеді - күрделі етістік

Ереже шығару.

Етістіктердің дара –және күрделі түрі болады. Мысалы: Күлді, келді, жүр, жүзді. Дара етістік бір сөзден, күрделі етістік екі немесе үш сөзден құралады. Мысалы: ұшып келді, оқып отыр, жүріп келе жатыр.

1-тапсырма: «Ішінде-сыртына» ойыны

Оқушылар мұңайып тұрған күнді күлдіруі керек. Күннің ішіндегі дара етістіктерден күрделі етістік жасап, сыртына шығарып жапсырады.

Ішінде Сыртына

Жүзді Жүзіп жүр

Тікті тігіп отыр

Сарғайды Сарғайып жатыр

Жылайды Жылап жүр

Құйды Құйып тұр

Ойнады Ойнап жүр



Сергіту сәті

Оқушылар бір-біріне доп лақтырып, сөз айтады.



350-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Не байқадың?

Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.



351-жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап. Етістікті салыстыр. Етістік болып тұрған сөз саны бірдей емес екенін байқа.

(Ауызша қарастырылады).

Жерде жатып желімдейді

Күз түскенше желінбейді

Үндеместен төлдеп жатыр

Су беріңдер шөлдеп жатыр.



352- жаттығу. Етістіктің астын сыз. Олардың қайсысы етістік, қайсысы күрделі етістік екенін айт.

Тауық шылаушынды ұстап алды. Ол балапандарын шақырды. Балапандар жүгіре жөнелді. Сары балапан бұрын жетті. Қара балапан кейін барды.





Шығармашылық тапсырма.

Берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастыр.

А) Ермек, жүр, аударып, жер

Ә) Егін, диханшылар, екті.

Б) Айдар, сүргіледі, тақтайды.





Сабақты қорындылау.

Біз бүгін етістіктің қандай түрімен таныстық?

Дара етістік неше сөзден тұрады екен?

Күрделі етістік неше сөзден тұрады екен?

Дара етістікке сөйлем құра

Күрделі етістікке сөйлем құра



Оқушыларды бағалау.

Үйге: 353-жаттығу. Ережені жаттау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дара ж?не к?рделі етістіктер конспект урока

Автор: Касымова Кулянда Букановна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257788


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства