Просмотр содержимого документа
«Дайындықпен қоштасу»
Тақырыбы:Дайындықпен қоштасу! Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу. Әдісі: Ертеңгілік. Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. ) – Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Өсті міне бойларың Өсті ақыл-ойларың Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың!
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Дайындықпенқоштасу!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. ҚР Гимні айтылады
Келесі кезекті бүлдіршіндерге береміз.
Мағжан: Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Бұл қуаныш себебін, Бізге қарап ұғарсың, Ер жетті деп бөбегім, Ата-анамыз қуансын.
Алуа:
Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше.
Нұрсая: Нағыз білім ырыс бақ, Дүниені тұр ұстап, Енді біздер сабаққа, Кірісеміз дұрыстап. Думан: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз Қоштасып даярлық топпенен Біріншіге барамыз.
Мейрамбек: Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім, Мектепке барам мен енді, Даярлық топ қош енді.
Ән: “Біз өмірдің гүліміз” (барлығы бірге айтады)
Ұлболсын: Әліппеден әріп танып, Алғаш рет оқимыз. Тәрбиеден тәлім алып, Санамызға тоқимыз. Абылай: Ән салайық бас қоса Даярлықпен қоштаса. Қалам, дәптер, өшіргіш, Кітаптармен достаса.
Әдина: 5 болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз. Арсен: Қуанбаймыз неге біз, Күліп күн де тұр асқақ. Оқығалы келгенбіз, Біз бірінші сыныпқа. Қабыл: Мектеп қамқор анамыз, Оқып, білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін, Біз оқушы боламыз.
Ермұхан: Айналайын, балалар, Алда мектеп- ана бар. Өздеріңнен өседі, Өнерпаздар, даналар ӘН: «Анашым»(барлығы бірге айтады)
Тәрбиеші: Ретімен тізбелі, Әрбір санды даралап. Қайсың барсың бізге енді , Айтып берер санамақ. (Санамақтарайтқызу) 1 саны-Думан Мені келсе білгің Мен таяқша бірмін Барлық санға жол бастап Ең басында тұрамын 2 саны-Нұрсая Бірден кейін тұрағым Бірден кейін тұрамын Бірді-бірге қосқанда Мен шығамын шырағым 3саны-Абылай Екіден соң арқашан Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын Екі айшық саламын 4саны-Кәусар Үш сызықтан аяғым Оқушылар қояды Төрт дегенің баяғы Төрт түліктің аяғы 5саны-Жұлдызай Төрттен кейін бесті Білу оңай десті Санап шықшы
Бір қолымның саусағын 6саны- Назерке Мен өзімді қатарға Бестен кейін тұрамын Басым бестен басталып нөлмен бітер аяғым 7саны-Ұлболсын Қара мына қызықты Көсеуді ұмытты Жазылғанда қос дөңгелек Бел ортамнан сызықты 8саны-Жанерке Менің атым сегіз Жетіден соң десеңіз Жеті болам бір тартсаң Мен боламын сегіз 9саны-Арсен Сегізден кейін тоғыз Алтыны төбесінен тұрғыз Сонда боламыз тоғыз
10саны-Мағжан
Бәрінен де үлкен,
Мен боламын он.
Ән: “Қошақаным” орындайтындар Жұлдызай, Нұрсая, Жанерке Ойын: «ия, жоқ» балалармен 1. Біріншіге біз барамыз ба? 2. Кілең бестік аламыз ба? 3. Айтқан тілді аламыз ба? 4. Ақылды бала боламыз ба? 5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 6. Танартен ерте тұрамыз ба? 7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9. Екі алғанда жылаймыз ба? 10. Оқушы біз боламыз ба?
Ән: “Бол жанымда” орындайтындар: Мағжан мен Диас Ата аналармен ойнау: 1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе? 2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе? 3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе? 5. Сериал көріп жатасыз ба? 6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 9. Балаңыз үшін басқа балаларды ұрасыз ба? 10. Бала үшін асулардан асасыз ба? Жанерке:
Тәрбиеші: Сүйікті балғын балалық шақ. Сендердікі болашақ. Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар
Балалар: (барлығы бірге айтады)
Талай талай баспалдақты аттармыз,
Ата ананың үмітінде ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды,
Есімізде өмір бақи сақтармыз.
Қорытынды: – Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз. Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата, тілек сұраймыз.