??рау- ??рау ??лыным, ?озы менен ла?ым ?айдасы?дар т?лдерім?
(т?лдері ж?гіріп келеді.)
Т?лдер: Біз мындамыз.
Жанерке: Т?лдерім сендер ?лкен болып ?сті?дер енді мектепке барасы?дар. Сендер б?гін о?ушы боласы?дар. Мен сендерді? ?стаздары? боламын. ?ане сынып?а кіріп, парталары?а орналасы?дар.
Біз саба?ты бастаймыз.
?айталаудан аспаймыз,
?ане ?озым ойланып
Екіге ?шті ?оса ?ой.
(?озы дірілдеп, ?алтырап орнынан т?рып былай дейді)
?ди:
Білмедім мен шешуін
М?мкін ??лап кетуім.
Жанерке:
?ос к?рінер ?оры??ан?а
?ор?у деген жаман іс.
Екіге ?шті ?ос?анда
Шы?ады міне ?лкен бес.
Жанерке:
Енді ла?ым сен келші
?нері?ді к?рсетші
Екіге екіні ?ос?анда
Не болады тез айтшы
(Ислам жалма- жан д?птерін ашып, жауабын іздейді)
Жанерке:
Д?птерге ?йтіп ?арама
Алдау?а бізді болама?
Аспай – саспай, байыпта
Шешуін тап ойланып.
Жанерке:
Б?зауым са?анда келді кезек.
Жан – жа?ы?а ?арамай
М??ият ты?дап с?зімді ?шке- ?шті ?оса ?ой.
(Б?зау орнынан т?рып, желкесін ?асып, жауап бере алмай ?иналады)
?анжар: м?- м? – ?шке – ?шті ?ос?анда.
Жанерке:
К?п ойланды? достым – ай
Жауабы? сені? осыма – ай
Жанерке:
Ал ??лыным шап?ылайсы?
Жазды? ай?ын белгісі.
Беспен бесті? ?осындысын
Келеді ж?ртты? білгісі
Ерн?р:
Жауабын берсем б?л есепті?
Кім білмейді екі ?олда
Он боларын сауса?ты?.
Жанерке:
Міне д?рыс жауап берді?
С?ра?ымды беске білді?.
Бота енді ?зі? айт
?зі?де бар неше ая??
Жайы?:
О? ая?пен сол ая?
Болады міне екі ая?.
О? ая?пен сол ая?
Болады міне т?рт ая?.
Жанерке:
Міне осылай тап?ырлар
А?ылды бол к?шті бол.
С?ра? бердім саспады?
Осы еді ?ой тос?аным.
Саба? бітті осымен
Сау болы?дар достарым.
М??алім: Балалар, мына ?ойылымнан т?лдер де есептеулерді ?иналып, ?йреніп жатыр екен. Ал, сендер есептеулерді ?алай ?йреніп жат?андары?ды к?рейік. Ол ?шін тойбастарымызды? ішіндегі тапсырманы орындайы?.
2.« Ж?мба? есептер»
*Бес б?та?ты ?айы?да,
Б?та? сайын бес алма.
Біреуін бер Марат?а,
Сонда ?алды неше алма?(?айы?да алма ?спейді)
*10 ешкіден 5 ?ойды алса?, неше ешкі ?алады?(10)
Ойын: « Ж?йріктер»
Музыка ?уенімен ж?реді, то?та?ан кезде бір ?а?аз алады. ?а?азда есептер жазыл?ан ауызша тез жауап береді.
Ата-аналар?а: Тойбастарымызды? ішіндегі тапсырма:. «Кім жылдам» ойыны
б?гін бізді? ортамызда отыр?ан ата-аналарымыз да ?уанышымыз?а орта?тасып жатыр.Келесі кезекті ата-аналар?а берейік.Орта?а ?ш ата-ана шы?сын. ?ол?а бір-бірден шар аламыз, ?рлейміз. Шарды? ішінен сыйлы? шы?ады. Шарды? ішінен шы??ан ?ріптерден басталатын с?здермен жауап бересіздер.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта?ы "?ліппемен ?оштасу"»
Сабақтың тақырыбы: әліппемен қоштасу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігі, еңбек ету, бір-біріне жолдастық, көмек көрсету сезімдерін дамыту.
Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер, суреттер, шармен безендіру.
Барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Тамырын тереңге жайған, тағылым мен тәрбиенің алтын бесігі – білімнің ақ ордасы – Тәуелсіз Қазақстанның білімді де білікті ұрпағын тәрбиелеп отырған Чернова орта мектебіне қош келдіңіздер.
Мектеп өміріндегі ең қуанышты ұмытылмайтын мереке «Әліппе» тойының басты кейіпкерлері 1-сынып оқушыларын қарсы алайық.
Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шымылдығын ашайық! (Шашу шашылады)
І.Кіру сәті: музыка әуенімен қолдарына шар ұстаған 1 сынып оқушылары кіреді.
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке, зор қуаныш.Осыдан үш ай бұрын қолдарына әліппені алып, сауатын ашқан оқушылар өздерінің сүйікті Әліппелерін бітіріп, қоштасқалы отыр. Әліппе – білімнің, ғылымның басы. Барлық адам баласы білімін әліппеден бастайды. Бүгін, білім баспалдағының алғашқы асуынан аман-есен өтіп отырсыңдар. Бүгінгі қуанышты күн- «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын!
Тойларыңыз құтты болсын!
ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар сізге мың сәлем! (Хормен)
Ернұр:
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз күлімдеп,
Қадамымды құп алып
Аяжан:
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым,
Құлшынып балғын жас жаным.
Әди:
Бұл күндері еліміздің біз сияқты мыңдаған балалары Әліппе оқулығын бітіріп мерекелеуде.
Маржан:
Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл өнерді бізге «Әліппе» досымыз үйретті.
Мұғалім:
Олай болса, балалар сүйікті досымыз «Әліппені» ортаға шақырайық.Төрт ай ішінде меңгерген, үйренген білімімізді, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, әліппе! (Хормен)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Мұғалім: Жақсы, Әліппе, сізге төрімізден орын бар. Енді өлең, әніміз сізге арналады.
Хор: «Әліппе» әні
Ислам:
Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болған Әліппем.
Қанжар:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Жанерке:
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған,
Рақмет, ұстаз, алғашқы!
Жайық:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны, әліппе! (Әліппе ортаға шығады)
Хормен: Рақмет саған, Әліппе!
Мұғалім:қымбатты «Әліппе» біздің оқушылар аздағанәзіл – шумақтар дайындаған.
құрау- құрау құлыным, қозы менен лағым қайдасыңдар төлдерім?
(төлдері жүгіріп келеді.)
Төлдер: Біз мындамыз.
Жанерке: Төлдерім сендер үлкен болып өстіңдер енді мектепке барасыңдар. Сендер бүгін оқушы боласыңдар. Мен сендердің ұстаздарың боламын. Қане сыныпқа кіріп, парталарыңа орналасыңдар.
Біз сабақты бастаймыз.
Қайталаудан аспаймыз,
Қане қозым ойланып
Екіге үшті қоса ғой.
(қозы дірілдеп, қалтырап орнынан тұрып былай дейді)
Әди:
Білмедім мен шешуін
Мүмкін құлап кетуім.
Жанерке:
Қос көрінер қорыққанға
Қорқу деген жаман іс.
Екіге үшті қосқанда
Шығады міне үлкен бес.
Жанерке:
Енді лағым сен келші
Өнеріңді көрсетші
Екіге екіні қосқанда
Не болады тез айтшы
(Ислам жалма- жан дәптерін ашып, жауабын іздейді)
Жанерке:
Дәптерге өйтіп қарама
Алдауға бізді болама?
Аспай – саспай, байыпта
Шешуін тап ойланып.
Жанерке:
Бұзауым сағанда келді кезек.
Жан – жағыңа қарамай
Мұқият тыңдап сөзімді үшке- үшті қоса ғой.
(Бұзау орнынан тұрып, желкесін қасып, жауап бере алмай қиналады)
Қанжар: мө- мө – үшке – үшті қосқанда ...
Жанерке:
Көп ойландың достым – ай
Жауабың сенің осыма – ай
Жанерке:
Ал құлыным шапқылайсың
Жаздың айқын белгісі.
Беспен бестің қосындысын
Келеді жұрттың білгісі
Ернұр:
Жауабын берсем бұл есептің
Кім білмейді екі қолда
Он боларын саусақтың.
Жанерке:
Міне дұрыс жауап бердің
Сұрағымды беске білдің.
Бота енді өзің айт
Өзіңде бар неше аяқ?
Жайық:
Оң аяқпен сол аяқ
Болады міне екі аяқ.
Оң аяқпен сол аяқ
Болады міне төрт аяқ.
Жанерке:
Міне осылай тапқырлар
Ақылды бол күшті бол.
Сұрақ бердім саспадың
Осы еді ғой тосқаным.
Сабақ бітті осымен
Сау болыңдар достарым.
Мұғалім: Балалар, мына қойылымнан төлдер де есептеулерді қиналып, үйреніп жатыр екен. Ал, сендер есептеулерді қалай үйреніп жатқандарыңды көрейік. Ол үшін тойбастарымыздың ішіндегі тапсырманы орындайық.
2.« Жұмбақ есептер»
*Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалды неше алма?(Қайыңда алма өспейді)
*10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады?(10)
Ойын: « Жүйріктер»
Музыка әуенімен жүреді, тоқтаған кезде бір қағаз алады. Қағазда есептер жазылған ауызша тез жауап береді.
Ата-аналарға: Тойбастарымыздың ішіндегі тапсырма: . «Кім жылдам» ойыны
Шарты: бүгін біздің ортамызда отырған ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып жатыр.Келесі кезекті ата-аналарға берейік.Ортаға үш ата-ана шықсын. Қолға бір-бірден шар аламыз, үрлейміз. Шардың ішінен сыйлық шығады. Шардың ішінен шыққан әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың жолдасы кім?
Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Мұғалім: 1. Тойбастарымыздың ішіндегі тапсырманы орындаймыз «Кішкентай тапқырлар» (екі әріптен тұратын сөздер құрау)
Тойымыз ән, бисіз болмайды. Ұлдардың орындауында би «Жігіттер»
Мұғалім: Тойбастарымыздың ішіндегі тапсырманы орындаймыз «Мен сауатты жаза аламын, сауатты оқи аламын.»
«Бауырсақ ертегісін сахналау»
Мұғалім:
-Әліппенің уақыты таяп қалды.Рахмет Әліппе, сіздің және балалардың ата-анасының көмегі арқылы сауатымызды аштық.
Әліппе:
-Мені жақсы меңгердіңдер,таза ұстадыңдар.Енді мен сендермен қоштасамын.
Ал, енді сендермен 4 жыл болатын, білім беретін Ана тілі оқулығын ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар.Енді мені оқып, менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер.