kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош,дайындық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.

Міндеттері:

1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.

3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар.  «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастайық. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер атының баласы емес, халықтың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.

Залға балалар шармен  музыка әуенімен екі - екіден кіреді.

Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Ән: «Біріншіге барамын»

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

 

Ботақандай бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

 

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын

 

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік

1-ші жүргізуші:Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)

Әліппе сөзі: 

Армысыңдар, жас достар

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліппесін меңгерер

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

2-ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.

Әріптерді таныңдар

Бәрін жаттап алыңдар

Онда қызық ойын бар

Оған көңіл қойыңдар

 

 Ойнаңдар да ойлаңдар

Қызығына тоймаңдар

Бәрін қарап шығыңдар

Әріп сырын ұғыңдар

 

 А дегенім ардақты

Ақ сүт берген анамыз

 

Б дегенім бал тілім

Біз бақытты баламыз

 

Ә дегенім әншінің

Әнге айналған әуені

Р әрпі:

Раушан гүлін Раушан
Өте жақсы көреді
Үй маңына болсын сән
Деп өсіріп келеді

Т әрпі:

Түлкі, тазы, тотықұс
Тырнаны оған қосыңыз
«Т» дан басталар
Терек, тарақ, тасыңыз

Л әрпі:

Тастан тасқа секірген
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты

Тапсырма:  «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.

2-ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.

«Бауырсақ»ертегісі.

Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
 

Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
 

Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Мен мектепке барамын
 

Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын табамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз
«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?

Хор:  «Апатайым анашым».

Тәрбиеші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты  ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3.    Тамағын уақытында бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?
 Жүргізуші: Рахмет  көп- көп
                       Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                       Тойымызға сән беріп
                       Би билейік тамаша

Музыка сабағындағы «Көжек» биі.
 «Кітап-білім бұлағы»
М:-Балалар кітапты оқи отырып,адамның ішкі рухани,жан дүниесі артады.Айналадағы өмірмен,табиғатпен,адамның еңбегімен,құрбы-құрдастарымен танысып,жақсы болуға,жақсылық іс істеуге жол сілтейтін кітап екен.Олай болса кітап туралы не білеміз?
 

Ән салайық басқоса
Даярлықпен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса
 

Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын
«Жаман бала»дегізбей
Жақсы оқитын боламыз
 

Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып,ән жаттап
Оқып,жазып үйрендік
 

Міне мен де
Үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын өзім де
« Ойнаймыз,ойлаймыз»
Қызықты есептер «Шешуін кім табады?»
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы 8)
2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )
3.Құмырсқалар еңбекшіл
Үйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)
4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы,қанша қалғанын 5+2 7-2
5.Анаң  вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
6.Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға
Сонда неше қарға?
7.10 саны- тура және кері санау
8.Ойын : «Өз орныңды тап»   1-10 дейін
Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім

 

Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен
 

Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біріншіге  барамыз

 

Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.

 

Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс

Би: қазақ биі.

 (Сауат ашу мен Әліппе ортаға шығады)

Сауат ашу: Балалар мен сендермен қоштасайын енді біз кездеспейміз, сендер бір сынып жоғарыладыңдар, мен сендер сияқты кішкентай балаларды қарсы аламын. Ары қарай сабақтарыңды жақсы оқыңдар,тәртіпті болыңдар.Енді мен кетейін, сау болыңдар.

Әліппе: Балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, барлықтарың да білімді, өнерлі екенсіңдер. Бүгінгі кеште мен өте жақсы демалдым, енді сендермен 1-ші қыркүйекте кездесеміз, жаз бойы жақсылап демалып келіңдер. Ал қазір мен кетейін баратын жерлерім бар, сау болыңдар.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                      Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
                      Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
                      Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
                      Бір ата, бір ананың тірегіміз,
                      Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
                      Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.
                      Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді тәрбие ісінің меңгерушісіне және ата-аналарға береміз.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош,дайындық»

3 Красный Яр орта мектебі

Бастауыш сынып ұстазы Саденова Самал Болатбекқызы

1 «Б» сыныбында өткізілген «Біз мектепке барамыз» ертеңгілігі


Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.

Міндеттері:

1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.

3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар. «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастайық. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер атының баласы емес, халықтың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.

Залға балалар шармен  музыка әуенімен екі - екіден кіреді.

Айналайын, балалар,
Сендерде ой сана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер даналар.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Ән: «Біріншіге барамын»

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін



Ботақандай бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін



Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын



Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік

1-ші жүргізуші:Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)

Әліппе сөзі: 

Армысыңдар, жас достар

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың

Әліппесін меңгерер

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

2-ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.

Әріптерді таныңдар

Бәрін жаттап алыңдар

Онда қызық ойын бар

Оған көңіл қойыңдар



 Ойнаңдар да ойлаңдар

Қызығына тоймаңдар

Бәрін қарап шығыңдар

Әріп сырын ұғыңдар



 А дегенім ардақты

Ақ сүт берген анамыз



Б дегенім бал тілім

Біз бақытты баламыз



Ә дегенім әншінің

Әнге айналған әуені

Р әрпі:

Раушан гүлін Раушан
Өте жақсы көреді
Үй маңына болсын сән
Деп өсіріп келеді

Т әрпі:

Түлкі, тазы, тотықұс
Тырнаны оған қосыңыз
«Т» дан басталар
Терек, тарақ, тасыңыз

Л әрпі:

Тастан тасқа секірген
Ұзын салпаң құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім білмейді лақты

Тапсырма:  «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.

2-ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.

«Бауырсақ»ертегісі.

Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз


Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз


Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым
Мен мектепке барамын


Оқимыз,білім аламыз
Болашақ жолын табамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз
«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Мектепке біз барамыз ба?
2.    Кілең бестік аламыз ба?
3.    Айтқан тілді аламыз ба?
4.    Ақылды бала боламыз ба?
5.    Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.    Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7.    Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8.    Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9.    Екі алғанда жылаймыз ба?
10.     Оқушы біз боламыз ба?

Хор: «Апатайым анашым».

Тәрбиеші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты  ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.    Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2.    Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3.    Тамағын уақытында бересіз бе?
4.    Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5.    Сериал көріп жатасыз ба?
6.    Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7.    Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.    Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.    Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?
 Жүргізуші: Рахмет  көп- көп
                      Балаларымыз көңілді
                       Шақырамыз ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                       Би билейік тамаша

Музыка сабағындағы «Көжек» биі.
«Кітап-білім бұлағы»
М:-Балалар кітапты оқи отырып,адамның ішкі рухани ,жан дүниесі артады.Айналадағы өмірмен ,табиғатпен,адамның еңбегімен ,құрбы-құрдастарымен танысып,жақсы болуға,жақсылық іс істеуге жол сілтейтін кітап екен.Олай болса кітап туралы не білеміз?

Ән салайық басқоса
Даярлықпен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса

Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын
«Жаман бала»дегізбей
Жақсы оқитын боламыз

Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып,ән жаттап
Оқып,жазып үйрендік

Міне мен де
Үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын өзім де
« Ойнаймыз,ойлаймыз»
Қызықты есептер «Шешуін кім табады?»
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы 8)
2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )
3.Құмырсқалар еңбекшіл
Үйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)
4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2
5.Анаң вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
6.Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға
Сонда неше қарға?
7.10 саны- тура және кері санау
8.Ойын : «Өз орныңды тап» 1-10 дейін
Өз үлгіңді ұстаймын
Айтқаныңнан шықпаймын
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім



Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суреттермен


Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Мектепалды тобымен қоштасып
Біріншіге барамыз



Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.



Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс

Би: қазақ биі.

(Сауат ашу мен Әліппе ортаға шығады)

Сауат ашу: Балалар мен сендермен қоштасайын енді біз кездеспейміз, сендер бір сынып жоғарыладыңдар, мен сендер сияқты кішкентай балаларды қарсы аламын. Ары қарай сабақтарыңды жақсы оқыңдар,тәртіпті болыңдар.Енді мен кетейін, сау болыңдар.

Әліппе: Балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, барлықтарың да білімді, өнерлі екенсіңдер. Бүгінгі кеште мен өте жақсы демалдым, енді сендермен 1-ші қыркүйекте кездесеміз, жаз бойы жақсылап демалып келіңдер. Ал қазір мен кетейін баратын жерлерім бар, сау болыңдар.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                    Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
                    Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
                    Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
                    Бір ата, бір ананың тірегіміз,
                    Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
                  Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
                    Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді тәрбие ісінің меңгерушісіне және ата-аналарға береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош,дайындық

Автор: Саденова Самал Болатбековна

Дата: 26.12.2016

Номер свидетельства: 373625


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства