Просмотр содержимого документа
«C. Жиенбаев "Мені? анам" ?ле?і»
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқып,анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету, Ана деген ардақты атты қорғауға,сүюге тәрбиелеу, дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.
«Өрмекшінің торы» Ортаға шығып шебер құрамыз. Мен біреуге оралған жіпті лақтырамын. Оның атын айтамын және оның маған ұнайтын мінезін, жақсы қасиетін айта отырып тілек тілеймін. Келесі адамға жалғасады. Жіп соңында өзіме келуі тиіс. - Қараңыздаршы, бізді байланыстырған жіп, әдетте, ол бізге көрінбейді. Бірақ өмірде бар, осы жерде тұрған барлықтарының жылы, мейірімді сөздерін бір – бірімізді байланыстырып тұр.Сондықтан да бүгінгі сабақта бір – біріміздің арамызда осындай байланыс болсын дегім келеді.
Өткенді пысықтау
Тығыздалған, қатқыл қар
Кілемдей түрленер
Көктем
Рахаттану, масайрау
Көктем қандай көрікті
Жазғытұры
Масатыдай құлпырар
Мазатсып
Қасат қар
Қ.Шаңғытбаев
Ә.Ысқақбай
А.Құнанбаев
Қызығушылықты ояту
«Ана» өлеңін тыңдату.
Мағынаны тану.
Сағи Жиенбаев (1934-1994)
Қазақ ақыны,нәзік сезімді,қайырымды азамат,поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы – Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған.
1955жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласының 10орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
1956жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналының редакцияларында істеді. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы»баспасының поэзия редакциясын басқарды.Соңғы жылдары «Ақ Орда»журналының бас редакторы болды.
С.Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы,1959жылы жарық көріп,қалың оқырманды ақындық аса нәзік ерекше тынысымен баурап алды.
Балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезіне сәйкес келген Сағи небәрі 7 жаста болған. Оның әкесі қуғынсүргіннің құрбаны болып, үш жасында әкеден жетім қалып анасының тәрбиесінде өскен.
Ақынның соғыс жылдарына арналған өлеңдері қазіргі Одақ көлеміндегі поэзиямыздың үздік үлгілерінің сапында.«Сыртта боран ұлып тұр», «Оң аяқ», «Боран», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Жеңістің тұңғыш таңы бұл» - сияқты өлеңдері көзіңе жас,ерніңе күлкі шақыратын, өзегіңе от тастап, кеудеңді тұңғиық мерей рахатқа бөлейтін озық туындылар.
«Тарту», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде сол бір көктем», «Әлия», «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр дүние» және басқа өмір туралы,табиғат туралы, өмірдің өткелең өрісі туралы ой-толғауларға толы өлең кітаптары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Өзінің40жылдық шығармашылық қызметінде Сағи Жиенбаев айрықша ақындық үнімен танылды. Дүние құбылыстарын барынша шебер дәрежесіне көтерген ол 30-дан астам өлеңдер мен поэмалар кітабының авторы.«Қарлығаш» (1959), «Дала гүлі» (1959), «Сырлы теңіз» (1969), «Алтын қалам» (1969), «Оймауытым» (1975), «Құралай салқыны» (1979), «Ақсақал», (1979), «Бозторғай» (1981), «Жарық жұлдыз»(1983), «Іңкәр дүние» (1983), «Нан мен тұз» (1986) т.б.
Сағи Жиенбаев 1994 жылы 15 мамырда 61жасқа қараған шағында кенеттен қайтысболды.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 ақпан №257 қаулысымен Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын С.Жиенбаев есімі Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасына берілді және қала көшесі, Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылының орта мектебі ақын есімімен аталады.
Мәтінмен жұмыс.
Менің анам
Бір күні әкеп анашым,
Сыйлады бір ат маған.
Ешкім іздеп таппаған,
Екім мініп шаппаған.
Қолыма бір түсті де
Құстар ұшарарғымақ!
Арғымақтың үстіне
Мініп алдым қарғып – ақ.
Арғымағым со бойда
Ұшты зулап қыр жаққа
Қалың орман, тоғайлар
Қалып жатты бір жақта.
Асқар таулар шықты алдан
Аспанменен таласып....
Сонау – сонау бұлттардан
Кетер едім әрі асып....
Кетер едім әрі асып....
Арғымақпен көсіле
Осы кезде анашым
Түсіп кетті есіме.
Қалмады енді төзім де,
Жетіп келдім үш аттап
Жатыр екем өзім де,
Анашымды құшақтап.
Сұрақтары:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Өлеңің «Менің анам»деп аталу себебі не?
- Түс дегеніміз не?
- Баланың түсін қалай жорыр едіңдер?
- Өмірде ақылды да ардақты кім?
-Анаға арналған қандай өлең білесіңдер?
Ата – ана туралы видео көрсету.
«Жылжымалы орындық»
Қима қағаздарды алып, мен мына өлең жолдарын оқығанда орындыққа келіп отырасыздар. Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана – дейді жас сәби де жарқылдап. Ана – деген бәйтерегі өмірдің, Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
Сөз ұйқастыр кестесі
Сұрақтары
Берілген сөз
Жауап
Қандай?
Анам
Қандай?
Құшағы
Қандай?
Жанары
Кімнің?
Сүті
Ненің
Нұры
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Суретпен жұмыс.
Сен өз арғымағыңның суретін салып көр.
Ой таным.
Балалар бүгін біз кімнің өмірімен таныстық?
Бүгінгі өткен тақырыбымыз қандай?
Олай болса «ана» сөзінен күн шуағын шығара қояйық.