Білімділік:Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану,әдебиеттік оқу,музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 2 топқа бөлу.
І топ. «Тұрлаулы мүшелер» ІІ топ. «Тұрлаусыз мүшелер»
ІІ.Психологиялық дайындық.
- Амансың ба, Алтын Күн!
- Амансың ба, Көк Аспан!
- Амансың ба, Жер – Ана!
- Амансың ба, қонақтар,
Сіздерді көріп қуанам.
- Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» Кубизм.
- Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
Екі топ 1-жаттығуды орындайды.
Оқулықпен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Айбек кітап оқыды.Нұржан суық суға жуынды.Нұртай саябаққа барды.Үйдің жанында бау-бақша бар.Айжан әжесімен әңгімелесті.
Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талда
Сөйлем мүшелері бір- бірімен байланыста болады.Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.
Мысалы:Үсен қиын есепті тез шығарды.
Үсен (кім?) шығарды.
Үсен (қайтті?) шығарды.
қиын (қандай?) есепті
тез(қалай?) шығарды
есепті(нені?)шығарды
Тақтада жұмыс .2-жаттығу.
Әр топқа тапсырма.
І топ.Сөйлемдерді тек тұрлаулы мүшесі бар сөйлемге айналдырып жаз.
Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді. Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді. Презентация: оқушы «автор орындығынан» өзінің шығармасын оқиды «Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.