Кіріспе | 4 мин | Психологиялық дайындық жүргізу. «Миға шабуыл» әдісі Топқа бөлу.
| Сыныпта ынтымақтастық атмосфералық жағдай қалыптастыру . — Балалар, бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр.Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын.Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін! Шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қою. -Ал енді ,балалар, дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек?
Топты жалғаулар арқылы бөліп отырғызу.Спортшылардың құрал- саймандарының суреттері арқылы топқа бөлініңдер.
Топ бағалаушыларға бағалаушыларына бағалау парақтарын үлестіру. Мұғалім:Мың қосшыға бір басшы.Сондықтан жұмыс тобында көшбасшыны сайлап алыңдар, ол сендерді сабақ барысында бағалап отырады. Мұғалім: Сабақтың табыс критерийлерімен танысайық:
| Сәлемдесу. Оқушылар хормен айтады. Қайырлы күн, алтын күн! Қайырлы күн, көк аспан! Қайырлы күн, достарым! Қайырлы күн, қонақтарым! Шаттық шеңбер. Оқушылар жауаптары. 1) Ерте тұру керек. 2) Үнемі денені таза ұстау керек. 3) Артық тамақ ішпеу керек. 4) Салауатты өмір салтын сақтау керек. 5) Тісті күнде тазалау керек. 6) Жаттығу жасау керек. 7) Спортпен шұғылдану керек. 8) Зиянды заттарды жемеу керек. 9) Сергек жүру керек. 10) Сенімді болу керек. 11) Жалқау болмау керек. 12) Шыдамды болу керек. Бәрі бірге: Біз дені сау ұрпақ боламыз! 1-топ: «Зілтемірші» тобы, 2-топ: «Шаңғышылар» тобы
Топ бағалаушысы орындаған тапсырмаларын бағалау парағына жинаған бағаларын жазып отырады.
Оқушылар дауыстап оқиды. Табыс критерийлері: 1.Спорт түрлерін білемін. 2.Қазақстан спортшыларын білемін. 3. Топтық жұмыста белсенді жұмыс жасай білемін. 4. Жеке жұмысты ойдағыдай орындаймын. | |
Білу | 5мин |
1.«Ойлан,жұптас,пі-кірлес» әдісі 2.Ментальді карта
3.«Домино» әдісі | Мұғалім сөзі: Балалар, біз өткен сабағымызда «Спорт. Менің сүйікті спортшым» атты 4- модульді бастадық. Модульдің 1- сабағы «Спорт түрлері» деп аталды.Өткен тақырып бойынша білімдерімізді жинақтап бекітейік. «Ойлан,жұптас,пікірлес» әдісін пайдалана отырып, ментальді карта құрады. 1-топ 1.Балалар , «спорт» дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Балалар,сендер қандай жазғы спорт түрлерін білесіңдер?
2-топ: 1.Спорт арқылы не қалыптасады және жақсарады? 2.Балалар,сендер қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер?
«Домино» әдісін пайдалана отырып, жұптық жұмыс орындаймыз. Тапсырма:Берілген суреттерге қарап, спорттың түрін анықтап және спортшының қозғалысын айтып беріңіз. | Оқушылардың жауаптары. 1-топ : 1-сұрақ. 1 «Спорт» ағылшын сөзі. «ойын, көңіл көтеру». 2.Спорт-ол мәдениет. 3.Спорт-ол интеллектуал. 4.Спорт-ол қозғалыс. 5.Спорт-ол күрес. 6.Спорт -жүгіру мен жүру. 7.Спорт- баспалдақпен жоғары -төмен түсу. 1.Футбол 2.Баскетбол 3.Волейбол 5.Бокс 6.Теннис, 2-топ: 1-сұрақ. 1. Сұлу бітім қалыптасады. 2.Денсаулықты жақсарады. 3.Ойлау қабілетті өседі. 4.Мінез қалыптасады. 5.Көңіл жақсарады. 2-сұрақ. Шаңғы спорты ,батминтон, хоккей, шорт трек, коньки спорты, бобслей, скелетон,фристайл. Оқушылардың жауаптары. Берілген домино парақшылары жұппен жұмыстанады. 1.Футбол-Доп тебеді,гол соғады. 2.Баскетбол- Допты қолмен ойнайды,торға допты салады. 3.Хоккей-Мұзда конькимен сырғанайды,қақпаға шайба салады. 4.Шахмат-Мимен ойланады, қарсыласына мат қояды. 5.Шаңғы спорты- Шаңғы тебеді .Мәреге сырғанап жетеді. 6. Жүзу- Суда жүзеді, мәреге жүзіп жетеді. 7.Грек –рим күресі- Балуандар бір -бірін лақтырады, қарсыласының екі жауырын кілемге тигізеді. 8.Бокс- боксшы жұмсақ былғары қолғап киеді, қарсыласының денесіне, бетіне соққы береді. 9.Велоспорт – велосипед арқылы өте қысқа мерзімде мәреге бірінші болып жету 10.Спорттық гимнастика -еркін жаттығулар,снарядтағы жаттығулар, доппен, секіртпемен, лентамен ,обручпен жаттығулар жасайды. 11.Ауыр атлетика- зілтемірді жоғары көтереді.
| |
Түсіну | 5 мин | Оқулықпен жұмыс . Ой қозғау. Слайдтық презентация қарау. Сөздік жұмысы. Мәтінмен жұмыс Суретпен жұмыс | 1.Мұғалім: Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер?. Оқушылар 139- беттегі 1-тапсырманы орындайды. Қазақстанның спортшыларын атап шығады. Оқушылар бір -бірлеп спортшыларды атап шығады. Мұғалім: Тыңдалым. Балалар, сабақты бастамас бұрын слайдтық презентацияға көңіл аударайық. Бүгінгі сабағымызда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына үлестерін қосқан олимпиада ойындарында жеңіске жетіп ,ән ұранды шырқатып; қазақ елінің көк туын желбіреткен қазақтың спорт саңлақтары туралы сөз қозғаймыз. Сабағымыздың мақсаты :Рио Олимпиадасының жеңімпаздарымен танысу. Мұғалім: Біздің спортшыларымыз 2016 жылдың 5 -21 тамыз аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындары қатысты. Бұл олимпиада Бразилия мемлекетінде, Рио-де-Жанейро қаласында өткізілді. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысты. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алды. Рио Олимпиадада жеңімпаз болған Батыс Қазақстанның чемпиондары:1.Данияр Елеусінов.бокс. 2.Екатерина Ларионова, әйелдер күресі , Алтын медаль иегерлері- 3. Олар: 1.Ниджат Рахимов, ауыр атлетика , 2. Дмитрий Баландин, жүзу, 3.Данияр Елеусінов.бокс Күміс медаль иегерлері-5. Олар:1.Елдос Сметов, дзюдо . 2. Жазира Жаппарқұл, ауыр атлетика 3. Василий Левит, боқс 4. Әділбек Ниязымбетов, бокс 5.Гюзель Манюрова, әйелдер күресі Қола медаль иегерлері-9. Олар:1. Галбадрах Отгонцэцэг, дзюдо , 2.Фархад Харки, ауыр атлетика , 3.Карина Горичева, ауыр атлетика , 4. Ольга Рыпакова, жеңіл атлетика , 5.Эльмира Сыдықова, әйелдер күресі , 6.Екатерина Ларионова, әйелдер күресі , 7. Иван Дычко, бокс , 8. Дариға Шакимова ,бокс, 9 .Кайрат Ералиев,ауыр атлетика Мұғалім: - Балалар, ал спортпен айналысып, жеңіске жететін адамды қалай атайды? - Олай болса ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? - Бүгінгі сабақта « Біздің спортшыларымыз » деп аталады.Олар спортпен айналысып,әр түрлі спорт түрлері бойынша жеңіске жеткен адамдар туралы болады.
Тыңдалым. Жазылым. Жаңа сөздер: Жеңімпаз- победитель Алтын-золото,золотой Күміс-серебро,серебряный Қола-бронза,бронзовый Иегер-обладатель мақтаныш-гордость а/ сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу. ә/жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Мәтін парақтары үлестіріледі. а/ мәтін оқылады б/мәтін бойынша суреттерден спортшыларды көрсету,атап кету. Мәтін: Біздің спортшыларымыз. Қазақстанның спортшылары: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов,Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гүлбадрах Отгонцэцэг, Карина Горичева,Кайрат Ералиев .Бұл спортшылар Рио Олимпиадасының жеңімпаздары .Олар алтын, күміс, қола медальдарының иегері. Біздің еліміздің мақтаныштары. | Оқушылар жауаптары. 1-тапсырманы оқып шығады. Жақсылық Үшкемпіров, Ольга Шишигина, Бекзат Саттарханов,Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров,Зульфия Чиншанло,Илья Ильин, Светлана Подобедова Оқушылар слайдтық презентацияны мұқият қарайды.
Оқушы жауабы. -Жеңімпаз. Сабағымыздың тақырыбы: « Біздің спортшыларымыз ». Оқушылар күннің жадысын, сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады. Сөздік дәптерлерін ашады.Жаңа сөздерді жазады.
Оқушылар сөз тіркестер айтады. Алтын медаль,күміс медаль,қола медаль,медаль иегері, еліміздің мақтанышы.
Оқушылар мәтінмен жұмыстанады. 1-топ .Мәтін оқиды оқиды. 2.топ. 3-топ .Мәтін бойынша суреттерден спортшыларды көрсету,атап кету. | |
Қолдану | 10 мин | Бейнебаян көру. Семантикалық Картаны толтыру. | -Балалар, орындалатын әнді мұқият тыңдаңдар,бейнебаянды мұқият қараңдар. Осы бейнебаян арқылы тапсырманы орындаңдар. Семантикалық картаңызға қай спортшы алтын медаль, күміс медаль, қола медаль алғандарын белгілеп отырасыңдар. Тапсырманы орындаған соң, сұрақтар қойылады. 1.Бұл - әнді естідіңдер ме? - Бұл ән қалай аталады?
2.Бұл қандай ән? 3.Бейнебаянда кімдерді көріп отырмыз?
4.Рио Олимпиадада спортшы лардың қайсысы алтын, күміс, қола медальдар алды? Семантикалық картаны толтыру Спортшылар | Алтын медаль | Күміс медаль | Қола медаль | Дмитрий Баландин, жүзу, | + | | | Ниджат Рахимов ауыр атлетика , | + | | | Елдос Сметов, дзюдо . | | + | | Жазира Жаппарқұл ауыр атлетика | | + | | Галбадрах Отгонцэцэг дзюдо , | | + | | Кайрат Ералиев ауыр атлетика. | | | + | Карина Горичева ауыр атлетика , | | | + | Мұғалім:Балалар ,әннің қайырмасындағы сөздеріне көңіл аударайықшы. Көк тудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту Жан емес, Маған керегі- Көк тудың желбірегені. Сөздер:Ту- флаг,Қуат –сила,Жан –душа,Желбірегені –развеялся,Талас –спор,Түссе - если наступит,Маған керегі -мне нужно -Бұл өлең жолдарында көк байрағымыздың ,көк аспан астында желбірегені адам жүрегіне, жанына рух, күш беретінін көре аламыз. Егер әр адамның таңдауы болса,онда ол сол елі үшін өзінің жаның құрбан етуге дайын тұруы керек.Жерім, елім деп соққан әрбір жүрек сол елінің үлкен мақтанышы, батыры, бетке ұстар азаматы бола алады. | Оқушылар бейнебаянды көреді,тапсырманы орындайды.
1.Көк тудың желбірегені» әні . 2.Жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. 3.Спортшыларды көрдік.Олар Олимпиада чемпиондары.Олар Қазақстан тәуелсіз елінің мақтаныштары,спортшылары.
1-топ :Алтын медаль иегерлерін айтады. 2-топ: Күміс медаль иегерлерін айтады. 3-топ: Қола медаль иегерлерін айтады. | |