?ткен саба?та ?тілген та?ырыптар?а шолу жасау, ауызша с?ра?тар беру ар?ылы пысы?тап бекіту. ?йге берілген жатты?уды тексеру. 36-жатты?у
А?дар: жолбарыс, ?сімдіктер: са?ырау??ла?
??стар: а??у, Жер-су аттары: Алак?л
ІІІ. Ма?сат ?ою кезе?і: Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын хабарлау
Айнаг?л Теміртау ?аласында т?рады.
- Осы с?йлемде к?рделі с?здер кездесіп т?р?анын бай?ап т?р?ан шы?арсы?дар,
к?рделі с?зді? ?андай т?рін к?ріп т?рсы?дар?
- Айнаг?л, Теміртау с?здері ?алай жасалып т?р, айна мен г?л, екі т?бірді? бірігуі ар?ылы жасал?ан к?рделі с?з, сол сия?ты темір ж?не тау, с?зі де екі т?бірді? бірігуі ар?ылы жасал?ан к?рделі с?з, ендеше б?л с?здер біріккен с?з болып табылады.
- ?орытынды: Кейбір с?здер екі т?бірден ??ралады, екі т?бірден жасал?ан с?з біріккен с?з деп аталады. Біріккен с?зді ??райтын т?бірлер бірігіп жазылады.
К?рделі с?здерді? жасалу жолдары - Кім ?з ойынан мысал келтіре алады.(о?ушыларды? айт?ан біріккен с?здерін талап ету)
Біріккен с?зге к?біне мына атаулар жатады.
Слайд бойынша біріккен с?зге жататын атауларды к?рсету
1) Географиялы? атаулар, 2) Кісі аттары, 3) Дене м?шелері, 4) А?, ??с, ж?ндік, ?сімдік атаулары, 5) Ауру атаулары, 6) Ойын атаулары, 7) ?о?амды? ?мірге, к?нделікті т?рмыс?а байланысты ?р т?рлі атаулар, 8) Мезгілге байланысты атаулар
Алматы облысы,Қарасай ауданы,«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ Кундакбаева Г бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Біріккен сөз.
Сабақтың мақсаты: 1. Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердің жазылу
ерекшелігімен таныстыру,
2.Біріккен сөздердің жазылу емлесін меңгерту, сөздік
қорын молайту, танымдық қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3. Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу отырып,
адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру,
патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қорытындылау көрнекілік, іздену
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Көрнекіліктер: слайд «біріккен сөздер»
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау
Мұғалім балаларга орындарынана тұруды ұсынады:
- Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды
созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақта өтілген тақырыптарға шолу жасау, ауызша сұрақтар беру арқылы пысықтап бекіту. Үйге берілген жаттығуды тексеру. 36-жаттығу
Аңдар: жолбарыс, Өсімдіктер: саңырауқұлақ
Құстар: аққу, Жер-су аттары: Алакөл
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Айнагүл Теміртау қаласында тұрады.
- Осы сөйлемде күрделі сөздер кездесіп тұрғанын байқап тұрған шығарсыңдар,
күрделі сөздің қандай түрін көріп тұрсыңдар?
- Айнагүл, Теміртау сөздері қалай жасалып тұр, айна мен гүл, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, сол сияқты темір және тау, сөзі де екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, ендеше бұл сөздер біріккен сөз болып табылады.
- Қорытынды: Кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Күрделі сөздердің жасалу жолдары - Кім өз ойынан мысал келтіре алады.(оқушылардың айтқан біріккен сөздерін талап ету)
Біріккен сөзге көбіне мына атаулар жатады.
Слайд бойынша біріккен сөзге жататын атауларды көрсету
1) Географиялық атаулар, 2) Кісі аттары, 3) Дене мүшелері, 4) Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары, 5) Ауру атаулары, 6) Ойын атаулары, 7) Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар, 8) Мезгілге байланысты атаулар
Біріккен сөздерге жататын атаулар
- Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, жолбарыс,
саңырауқұлақ, көкқұтан, бәйшешек, бәйтерек, аққу т.б.
- Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Талдықорған
- Кісі аттары: Айгүл, Гүлсезім, Айжан, Біржан, Ержант.б.
- Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар, сегізкөз, тоқішек, мойыномыртқа т.б.
- Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел т.б.
- Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ, орынсатпақ т.б.
- Мезгілге байланысты атаулар:былтыр, қыстыгүні, жазғытұрым т.б.
- Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, отағасы, ақсақал т.б.
ІҮ. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс а) 38-жаттығу Мәтінді оқы.Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, олардың айтылуы мен жазылуын салыстыру
ә) 39-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, біріккен сөздерді табу және олардың қалай жасалғанын түсіндіру
V. Сергіту сәті Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
мүйіз бақан
суық қазан
көл барыс
жол қу
алты торғай
ақ қарақшы
жеті тұмсық
бір сүйек
ақ бақа
Табылған сөздер: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан,
жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.
б) 40-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызу
в) 41-жаттығу Керісінше сөзжұмбақ Сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ жазу
г) 42-жаттығу жұмбақты оқып, шешуіндегі қала атын жазу
ҮІ Бекіту. VІ Сабақты бекіту
Ойын:
1. Күрделі сөз дегеніміз не?
2. Оның түрлері қандай?
3. Біріккен сөзге мысал келтір
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
5. Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата
6. Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарын ата
7. Біріккен сөзден жасалған аң-құс аттарын ата
VІІ. Сабақты қорытындылау
- Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
- 1 желтоқсан және 16 желтоқсан қандай күндер?
- Осыған байланысты не білесіңдер?
- Аға-әпкелеріміз біздің егеменді ел болуымызды армандап өз өмірлерін қиды. әуесіз
Қазақстанның биіктен көрсететін сендерсіңдер, сондықтан елімізді, тілімізді,
Отанымызды сүйіп, еліміздің патриоты, мақтанышы болайық.
ҮІІІ Үйге тапсырма: 43-жаттығу. Оқушыларды бағалау