| Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі Ауганова Альфия Турдыанышевна Пәні: Сауат ашу Сынып: 1 «В» |
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану, жаратылыстану, дене шынықтыру. |
Сабаққа қажетті ресурстар: | Тақырыпқа сай көрнекі суреттер, қима қағаздар, дыбыстық белгілер, проектор, ламинатты планшет, маркер, сүрме, бағлау тақтасы. |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , видео көрсетілім, слайд. |
Тілдік құзыреттілік | Қарбыз - арбуз - water melon, асқабақ - тыква - pumpkin, сәбіз - морковь - carrot, бұрыш - перец - pepper, көбелек - бабочка - butterfly. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин | Сәлемдесу. Сабақтың күнделікті сабақтан ерекшелігін айту. Табиғат дыбыстарын тыңдату. Ширатуға сұрақтар қою. 1.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2.Жуан дауысты дыбыстарды ата. 3.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. 4.Буын дегеніміз не? 5.Буынның неше түрі бар? Топқа бөлу. І. Ашық буын ІІ. Тұйық буын ІІІ. Бітеу буын Топтар | Постер | Тату достар | Көз бен сзө | Ғажайып микрофон | Сиқырлы қалам | Жұлдызды жұп | Қорытынды | Ашық буын | | | | | | | | Тұйық буын | | | | | | | | Бітеу буын | | | | | | | | Топтарды бағалау "лүпіл" жинау арқылы жүргізіледі. Әр топты тапсырманы орындауына қарай жүрекшелермен белгілеймін. | слайд, аудиодыбыс пішіндер салынған топ аттары |
Сабақтың басы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут | Бүгінгі сабақтың ережесін құрамыз. Әр топ гүл күлтелеріне өздері таңдаған сөздерді жабыстырады. | "Алтын ереже" Алтын ереже |
Сабақтың ортасы 4 минут | І-бөлім Постер "Табиғатқа саяхат" Әр топқа аспан, жер, су бейнеленген парақтар мен әр түрлі қима суреттер таратылады, топ мүшелері суреттерді шапшаң әрі жүйелі сәйкестендіреді. "Б б" дыбысы дауыссыз. Б -дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі. Оқушылар ламинатты планшетке дыбысы мен әрпін көркем етіп жазып көрсетеді. ІІ-бөлім "Тату достар" Суретке қарап, сұрақтардың көмегімен «Әсем табиғат» тақырыбында мәтін құра. ІІІ-бөлім "Көз бен сөз" Көл жағасында не өсіп тұр? Ағаштың айналасында нелерді көріп тұрсың? Ағаш бұтағынан не байқадың? Ағаш маңында нелер ұшып жүр? Бала қандай әрекет жасауда? Балық қайда тіршілік етеді? | әр түрлі қима суреттер Өткен сабаққа шолу Оқулықпен жұмыс. |
Сергіту сәті 1 минут | «Бірге қозғал» қимыл-қозғалыс жаттығуы | Сергіту сәтіне арналған аудиожазба |
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут | ІҮ-бөлім "Ғажайып микрофон" Көбелектер қонған заттарды атайды. Әр топқа суреттегі сөздерді қатыстырып "б" дыбысы кездесетін сөйлемдер таратылады және оқушылар сол сөздерді табады. Ү-бөлім "Сиқырлы қалам" Суреттегі сөздерді жазамыз. Жиырма бесінші қаңтар Сынып жұмысы Асқабақ, қарбыз, сәбіз, бұрыш, көбелек, көкөністер. Бұларды бір сөзбен не дейді? (көкөністер) ҮІ-бөлім "Жұлдызды жұп" | Қима қағазбен жұмыс Дәптермен жұмыс Көкөністер туралы видеокөрсетілім |
Сабақтың соңы 2 минут | "Қорытынды" Жұмбақты жасыру арқылы "Табиғатты аяла" сөзін шығару. Рефлексия Оқуды бағалау (білім) Оқыту үшін бағалау (білік) Смайликтерді ғаламшардың суретіне жабыстырады. | Кеменің желкенін үш түрлі бояуды пайдалана отырып бояп, сабақты бағалайды.
Смайликтер мен ғаламшар |