К?рнекілігі: ю дыбысына байланысты суреттер,слайд,ж?мба?.
?дісі: ой ?оз?ау,т?сіндіру,топтастыру,ойын, шы?армашылы? тапсырма,сурет ар?ылы с?йлем ??рау,с?ра?-жауап.
Т?рі: саяхат саба?
Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і.
-Балалар,біз б?гін топ болып хайуанаттар ба?ына саяхат жасаймыз.Ба?та а?дар,??стар болады.Оларды арнайы торда к?тіп ?сіреді.Ба?та?ы а?дар бізге тапсырмалар береді,соны біз орындауымыз керек, ?ане тапсырманы орындау?а дайынбыз ба? Автобус?а отырып,хайуанаттар ба?ына барып саяхат жасайы?.
-Балалар,?ара?даршы мынау ?андай а?дар?
-Аю,арыстан,?ас?ыр,т?лкі,жолбарыс.
-Ендеше,соларды? тапсырмасын орындайы?.
?ас?ырды? тапсырмасы.
Ой ?оз?ау.
а)Дыбыс деген не? ?)?ріп деген не? б)Дыбыстар нешеге б?лінеді? в)ю дыбысы ?андай дыбыс?
Аюды? тапсырмасы.
«С?з ойла,тез ойла»ойыны.
а) ю дыбысынан келетін с?здер айту.?)ю дыбысынан келетін с?здерді буын?а б?лу. Аю,ою,к?бею,оюлау.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Ю дыбысы мен ?рпі »
Тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушыларға ю дыбысы мен әрпін одан әрі түсіндіру, ю әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Дамытушылығы: ю дыбысы мен әрпі арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылығын сөздік қорларын,буын туралы түсінігін кеңейту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке,ұқыптылыққа,сауаттылыққа, жануарларды қорғауға үйрету.
Көрнекілігі: ю дыбысына байланысты суреттер,слайд,жұмбақ.
Әдісі: ой қозғау,түсіндіру,топтастыру,ойын, шығармашылық тапсырма,сурет арқылы сөйлем құрау,сұрақ-жауап.
Түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,біз бүгін топ болып хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.Бақта аңдар,құстар болады.Оларды арнайы торда күтіп өсіреді.Бақтағы аңдар бізге тапсырмалар береді,соны біз орындауымыз керек, қане тапсырманы орындауға дайынбыз ба? Автобусқа отырып,хайуанаттар бағына барып саяхат жасайық.
-Балалар,қараңдаршы мынау қандай аңдар?
-Аю,арыстан,қасқыр,түлкі,жолбарыс.
-Ендеше,солардың тапсырмасын орындайық.
Қасқырдың тапсырмасы.
Ой қозғау.
а)Дыбыс деген не? ә)Әріп деген не? б)Дыбыстар нешеге бөлінеді? в)ю дыбысы қандай дыбыс?
Аюдың тапсырмасы.
«Сөз ойла,тез ойла»ойыны.
а) ю дыбысынан келетін сөздер айту.ә)ю дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу. Аю,ою,көбею,оюлау.
Қоянның тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.(хормен оқу, жеке оқу)
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Түлкінің тапсырмасы.
«Шығармашылық жұмыс» Көктемнің суретіне қарап сөйлем құрату.
-Қазір қай мезгіл?
-Көктемнің қай айы?
-Аптаның қай күні?
Көктем келді. Күн жылына бастады.Құстар ұшып келді.
Арыстанның тапсырмасы.
«Ребусты шеш»Күй,май,айна,тай,қара.
«Қай дыбыстан басталады?»ойыны. Дыбысты сәйкес суретпен үзік сызықтар арқылы біріктір.
Жұмбақты шеш.
Жазда қаңғиды,
Қыста қалғиды.(аю)
Аюда бар,
Айда жоқ.
Оюда бар,
Ойда жоқ.(ю)
Қорытынды.
-Бүгін біз балалар,қайда бардық?
-Қандай дыбыспен таныстық?
-Ю дыбысы қандай дыбыс?
-Ю дыбысы сөзде қалай орналасады?
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.