| Сыныбы:   | 2 сынып | 
  | Пәні | Әдебиеттік оқу | 
  | Мұғалімі: | Ильясова Гүлім Нақыпқызы | 
  | Сабақтың тақырыбы: | Батылдық | 
  | Сабақтың мақсаты: | Мәтін мазмұны мен негізгі идеясын ашу | 
  | Сілтеме: | Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2- сыныбына арналған оқулық. Алматыкітап баспасы 2013ж | 
  | Сабақтың міндеті: | -Кейіпкерлердің іс- әрекетін дәлелдеуге өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға үйрету. -Оқушуларды шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға, қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу. Жолдас баланың батылдығын, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. | 
  | Күтілетін нәтиже: |  Баланың батылдығы туралы біледі.Өз бетінше ой қорытуды меңгереді.Сыни ойлау, танымдық – шығармашылық белсенділігі артады. | 
  | Түйінді идеялар: | Мәтінді талдай отырып, күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстыра біледі. Мәтіндегі түйінді ойды тауып, ой түйеді. | 
  | Тапсырма көздері: | Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды. Топтық жұмыстар: өз ойын еркін жеткізу, қосымша деректер, дәлелдеу.   | 
  | Көрнекілігі: | Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. | 
  | Қолданылған модульдар: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту мен оқудағы көшбасшылық. Жас ерекшелігіне сай оқыту. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. | 
  | Сабақтың жүрісі | 
  | Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті 
 | 
  | I. | Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер. Танысу. Сәттілік тілеу. | 
 Әр оқушы аттарын атап, бір- біріне сәттілік тілейді. | 
  | II. | Психологиялық ахуал. Амансың ба? Алтын күн! Амансың ба ? Көк аспан! Амансың ба? достарым, Сендерге қарап қуандым! 
 Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу. 
 (Топ басшысын анықтау) | Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. 
 
 
 
 Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді. 
 Әр топ топ басшысын сайлайды. | 
  | III. 
 | Үй тапсырмасын тексеру. | Мәтінді түсініп оқу. Сурет салу. | 
  | IV | Жаңа сабақ. «Батылдық» Мәтінмен жұмыс. Дәптермен жұмыс жасау. 
 | Мәтінді өз бетінше оқып, дәптердің ортасындағы сөздерге тән сипаттауларды сызып, жұмыс жасайды. | 
  | V | Топпен жұмыс I - топ: Бұзылған ойын. II – топ: Қорқынышты жеңген батылдық. III- топ: Балалардың ойы. | Топқа берілген тапсырмалар бойынша, жұптасып бір – бірімен ой бөліседі, диалог құрады. Сыни ойланады, талдайды, сараптайды, болжамдар айтады, қорытынды шығарады. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта талдап, бір шешімге келеді. 
 Постер жасап қорғайды. | 
  | VI | Сергіту сәті: | Интерактивті тақтадан көрсетілген қимылдар бойынша. | 
  | VII | Деңгейлік тапсырма: |  I-топ: Қорқақ мың рет өледі,  Батыр ............ өледі. II-топ: Батырдың ... өлмейді. III- топ: Қорыққанға ...... көрінер | 
  | VIII | Қорытынды: | Мәтінді оқып, өзің үшін қандай қорытынды жасадың? | 
  | IX | Үйге тапсырма: 
 Шығармашылық тапсырма: | Мәтінді мазмұндау, 148-149-бет. «Қорқынышқа хат» немесе «Мен қорқынышты қалай жеңдім?» деген күлдіргі әңгіме жаз. 
 | 
  | X | Кері байланыс: | «Бағдаршам» Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – әліде практика қажет. Жасыл – барлығы түсінікті. Осы ұғымдар бойынша текшелерді көтереді | 
  | XI. | Бағалау: Бірін – бірі бағалау. Формативті бағалау. | 
 Топ басшылары бағалау парағын толтырады. |