Просмотр содержимого документа
«Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша»
Пән: қазақ тілі 3-сынып.
Сынып жетекшісі: Айтмағамбетова Күлшат Мерзімі: 17.11.17ж Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тұрлаулы мүшелерден алған білімдерін толықтыру, бастауыш пен баяндауыш арасында қандай жағдайда сызықша қойылатындығын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып , өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу.Өз елін, жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын, өршіл, рухты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қазақ тілі оқулығы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1 слайд Психалогиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
І т оп: « Ақыл »
ІІ топ « Сабыр »
ІІІ топ «Талап »
Топ құру топ басшысын сайлау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: . Алдымен өткен тақырыптарға шолу жасап өтейік . Сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата? . Сөйлем мүшелері дегеніміз не? . Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың сұрақтарын ата.
10.Баяндауыш дегеніміз не?
2 слайд: Жаңа сабақ :
Кіммін мен?
Бәрінің иесімін.
Маған қарап құрайсың
Ойыңның сен жүйесін. (Бастауыш)
Ешқашанда ол аянбайды,
Не болғанын баяндайды.
Жазған бала нүкте қойып,
Сөйлемін аяқтайды. (Баяндауыш
Сурет жапсыру арқылы сөйлем құрау
Етістіктен болатын баяндауыш Зат есімнен болатын баяндауыш
І топ Айгүл биледі. Айгүл-биші
ІІ топ Асан оқыды Асан -оқушы
ІІІ топ Алмұрт пісті Алмұрт -жеміс
3 слайд: Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан
кейін сызықша ( - ) қойылады:
Мысалы: Әмір – күйші. Алматы – сәулетті қала.
Оқулықпен жұмыс:
Жұппен жұмыс орындарында жұптасып орындайды
47-жаттығу(жазбаша)
Сәуле – биші. Сәуле биледі.
Әділет – оқушы. Әділет оқыды.
Сазан – балық. Балық шоршиды.
Алма – жеміс. Алма пісті.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру , талдау.
Сәйкестендір: (жазбаша)
Бастауыштан кейік сызықша қойып жаз
1. Отан-қуат, отбасы-шуақ.
2.Мектеп-кеме, білім-теңіз.
3. Ас атасы- нан.
Сергіту сәті:
Далада жел тұрды
Жел қаттырақ соқты
Найзағай жарқ етті
Жаңбыр жауа бастады
Жел баяулады
Жаңбыр да ақырындады
Жел басылды, күн ашылды
5 слайд: Баяндауышы зат есімнен тұратын сөйлем құрастыр:
Ағам - Атам - Әкем – . Нағашым –
6 слайд: Ағам - суретші. Атам - ұста. Әкем - жүргізуші. Нағашым - мұғалім
Баяндауышы зат есімнен болғанда бастауыштан кейін не
қойылады? •
«Таңдау» әдісі. • 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. • 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. • 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. • 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым • 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.