жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім
дәрежесін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру бөлімі.
-сәлемдесу.
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
5-жаттығу. 72-бет
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сыз.
..... (құрылысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер) мектептің шатырын жөндеді. 2. ..... (ұшқыштар, шахтерлер, жүргізушілер) шахтада көмір өндіреді. 3. ..... (жазушылар, зейнеткерлер, бишілер) оқушылармен кездесуге келді. Аулада биік .... (раушан, сексеуіл, шырша) өсіп тұр.Ағаш арасында кішкентай (қарға, дегелек, бұлбұл) сайрап отыр.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?
Болат ерте ..... . Төсегін өзі ..... . Болат – өте ұқыпты бала. Ол киімдерін кешке .... . Болат сабақты жақсы .... . Бос уақытында ата –анасына ..... .
Керекті сөздер: оқиды, көмектеседі, жинайды, тұрады, дайындайды.
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз.
Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлзарға су себелеп,
Газетке де үңілді.
5-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауышты ғана теріп жаз.
Бие құлындады. Құлыншақ басады. Ол жүрді. Құлыншақ жақындады. Ол емді.
ІҮ.Бекіту.
Бастауыш қандай сұраққа жауап береді? (Кім?, не? кімдер?, нелер?)
Баяндауыш дегеніміз не? ( Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді?, не қылды?, қайтті? Деген сұрақтар қойылады.)