Білімділік : Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. Ана мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқытуға жаттықтыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткісіз болуына тәрбиелеу.
Сабақ типі:
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағы
Түрі:
Сабақтың әдісі:
СТО технологиялары,оқу, іздену, түсіндірмелі, топтық, жеке, сұрақ - жауап, әңгіме жазу
Ананың тілегі, ананың махаббаты туралы мәтіннен оқып, мәтінді өз ойларымен жеткізеді.
Өрмекші стратегиясы бойынша мақалдың жұбын табады.
Оқушының іс-әрекеті:
Топта бірлесіп оқиды. Берілген тапсырма бойынша топпен және жеке тапсырмалар орындайды.Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме оқушылар,ұстаздар.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр .
Сабағымызды бастамас бұрын сәлемдесіп алайық
Психологиялық ахуал
Мұғалімнің сәлемдесуі
Жеті бірдей өренсің,
Жеті түрлі шумақсың,
Жеті бірдей әуенсің,
Жеті түрлі бояусың
Кең пейілді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
Оқушылар ортаға шығып келген қонақтармен амандасады
Оқушылардың сәлемдесуі
Сыныптас біз ұл - қыздар Тату - тәтті ойнаймыз. Сыйластықпен өмір сүріп Тек жақсылық ойлаймыз. Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым! Амансыз ба, қонақтар! Амансыз ба, ұстазым! Сіздерді көріп қуанам. Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? - Жақсы.
Онда сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды жақсы өткіземіз деп сендерге сенемін. Сәттілік тілеймін!
Топқа бөлу
Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық .Өздеріңнің парталарыңда тұрған
«оқу құралдарың» арқылы топқа бөлінейік.
Оқушылар қолдарына оқу құралдарын алып көрсетеді сол арқылы топқа бөлінеді
Қалам ,қарындаш, өшіргіш, сызғыш алған оқушылар бір топқа ,ал кітап ,дәптер ,күнделік алғандар бір топқа отырыңдар .Енді орынымызға жайғасайық. Отырып болған соң топ басшысын және топтың атын тағайындап алыңдар.
Топ басшысын сұқ бармақ арқылы көрсетеді. Сол топ басшысы болып сайланады.
Топ басшыларына бағалау парақтары беріліп бағалау барысы туралы айтып кетемін .
Үй тапсырмасы
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Кезекші есебі тыңдалады.
Үйге Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі және Шыбық мәтінін оқып мазмұнын айтып келуге берілді .Еңбекке байланысты мақал мәтелдер жазып келу.
Онда үй тапсырмасын «Еркін микрафон» арқылы айтайық.микрафон алған оқушы келесі оқушыға микрафонды өзі ұсынады.
Сынып оқушыларының үй тапсырмасын толығымен айтып болған соң
Мұғалім үй тапсырмасын қорытындылау. Сонымен біз бүгін сендерменСансызбай Сарғасқаев жайында мәліметтер алық Шыбық мәтінін өзімізге қатысты көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын.
Ой қозғау бөлімі.
Ал балалар барлығымыз назарымызды экранға аударайықшы экранда не берілген екен
–Жұмбақ
Енді осы жұмбақты шешіп көрейікші.Жұмбақты экраннан оқып беремін .
«Бала, бала, бала!» деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған - Бұл кім?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
- Шешуі Ана!
Түйінді сөз
Балалар мен бүгінгі сабағымызды мына сөзбен бастайын деп отырмын
Ана –жүрек, жүректі құдіретте.
Ана –тірек, тіректі құрметте,
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана –күнің , күніңе табынып өт.
Балалар мен кім жайында сендерге айтып өттім
-Ана туралы айттыңыз
Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбында болады.
Балалар бізге аналары туралы үш тілде өз аналары туралы
Дильназ,Бексұлтан ,Әділхан айтып береді.
Жаңа сабақ
Кластер құру
Балалар бүгігі сабағымыздың тақырыбы Ана тақырыбына арналатындықтан Ана сөзінің мағынасына топтастыру жасайық. Сендердің алдарыңда парақтар тұр сол параққа жаза қойыңдар .
Жазып болған соң тақтадағы АНА сөзіне апарып жазғандарын оқи отырып іледі .Экраннан толық нұсқасы көрсетіледі.
Бейне материал
Балалар бұл мәтінді Баубек Бұлқышев жазған екен ендеше жазушы өміріннен қысқаша бейне материалмен танысайық.Бейне материал қойылады.
Баубек Бұлқышев (1916 – 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған, аға лейтенант болды.1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Мәскеу әскери училищесінде оқыды. Ол қазіргі Қарғанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Ауылдан Алматыға» әңгімесі,«Балалық шақ» поэмасы, «Есімізде қанды жорықтар», «Алматы менің туған қалам», «Заман біздікі» т. б. туындылары бар.
Оқулықпен жұмыс
Балалар оқулықтарыңның 183 бетіндегі Ана тақырыбынашып 183 бетте
Оқулықтарыңның 183 бетін ашыңдар
Барлығымыз мәтінге көңіл аударайық Ана мәтінін өзім оқып беремін.
Ал балалар мәтін 4 абзацтан тұрады кезектесіп оқып шығамыз.Балалар мәтінді дауыс ырғағына көңіл бөліп оқимыз. Топ жетекшілері оған да көңіл аударып отыруларың керек Оқушыларға мәтінді тізбектей оқытамын.
Талдау. Ой бөлісу. -Мәтінде қандай теңеу бар? (Ананың тілі,ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?) оқушылар мәтіннен теңеуді тауып оқиды -Неге теңізге теңейді?(Өйткені, теңіз терең, ананың да махаббаты шексіз терең) -Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінесіңдер?
Дәптермен жұмыс
Балалар дәптерлеріңді алып
Ақпанның 24-і
Сынып жұмысы.
Тақырыбы: Ана деп жазып қойыңдар
Сөздікпен жұмыс
Құндақта –жаялыққа оралған сәби (нәрестелік шақ)
Сергіту сәті Ана әнін орындату топпен ( 2 мин)
Өрмекші торы
Өз жұбыңды тап
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
Ананың сүті—бал, баланың тілі-бал
Анаңа ауыр сөз айтпа атыңа ауыр жүк артпа
Ана сүті бой өсіреді ата тілі ой өсіреді Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер "
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың"
"Анасыз өмір — сөнген көмір
Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады
"Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон тішер"
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды
Ананың ізін қыз басар,атаның ізін ұл басар
Өлең құрастыру
Балалар біз ақын емеспіз.Ақын болмасақта ұқсап бақ деген сөз бар .Бізге данасың панасын баласын, анашым сөздерінің ұйқасын тауып 1 шумақ өлең құрастыра қойыңдар
--------------------------- данасың.
-------------------------- панасың.
---------------------------баласын,
---------------------------анашым.
Автор орындығы
«Ана» «Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме
Балалар топ жетекшілері келіп мына жерден конверт ала қойыңдар ол конвертте сендерге суреттер жасырылған .Конвертте берілген суреттер бойынша топпен шағын әңгіме құрауларың керек .Құрап болған соң топтан бір оқушы келіп автор орындығына отырып оқып береді .
Сабақты бекіту Балалар көктемнің алғашқы күндерінің бірінде қандай мереке бар? - 8 наурыз. Аналар мерекесі
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақ болып келіп отырған ұстаздарға қандай мерекелік тілектерің бар?
Оқушы тілектері айтылады.
Келе жатқан 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Кері байланыс
Балалар стикерлерге аттарыңды жазып тақтада тұрған смайлингтарға жапсыра қойыңдар
Өте жақсы. Жақсы. Ұнамады.
Үй тапсырмасы 1.«Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау.