Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Жанар Алымхановна 4-сынып
Тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу. 2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту. 3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау. Көрнекілігі: шар, плакат, суреттер
Сабақтың барысы:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ауа қабығы. Ауа райын болжау»
Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Жанар Алымхановна 4-сынып
Тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу. 2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту. 3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау. Көрнекілігі: шар, плакат, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру
Сынып ережесін еске түсіру
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат, Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық.
3.табиғаттағы суды ластаушы заттар III. Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Сен оны көрмейсің,бірақ маңайыңда екенін сезесің.Міне,ол есікті тарс жапты.Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің.Тіпті басын шұлғып,ырғалған шөптерді байқайсың.Сені үнемі қоршап тұрады.Сенімен бірге жүреді. Барма жоқпа оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Ол не? (ауа) 2. Мағынаны тану.
-Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?
Мұғалім сөзі: балалар, ауа айналаның бәрінде бар екен дәлелдейміз.
1-тәжірибе. Аузыңды жауып, танауыңды қыс. Ішіңнен сана не байқадың? Тұншықтың саған не жетіспейді?
2-тәжірибе.
Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. –Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?
3-тәжірибе.
Екі ұртынды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?
«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.
Түссіз Серпімді
АУА
Иіссіз Сығылады
Қоспа Барлық жерде бар
Ауаның маңызы туралы тірек-сызба арқылы түсіндіру;
Ал балалар бүгінгі күн ретін жазамыз
-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ауаның құрамы,Ауаның қабығы. Ауа райын болжау » деп аталады.
Мұғалімнің нұсқауы:
Ауа көзге көрінбейді.Біз оны көрмейміз.Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.
Оқулықпен жұмыс
І топ
-Іштей оқимыз
Оқушыларға кезек - кезек оқыту
Ауаның құрамы 1. Ауа - газдардың қоспасы екенін дәлелдейтін абзацты тауып оқы 2. Жұмсалған оттегінің орнын толтыратын бөлімді тауып оқы
Телеграмма тапсырмасы. Диаграммаға қарай отырып, ауаның құрамын атап жаз
ІІ топ Ауа қабығы
4. Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұратын бөлігін тауып оқы. 5. Метеориттер дегеніміз не?
Телеграмма тапсырмасы
Тапсырма : Атмосфера дегеніміз не?......................................... (анықтамасын жаз)
Ауа қабығы-жердің қорғанышы. «ауаның маңызы( сызбасын толықтыр) ІІІ топ Ауа райын болжау
- Тізбектей оқыту. - Іштерінен оқып шығу Ауа райын болжау түрлері. Кедендік аудандық аумақтарда - - 12 сағаттан 7 тәулікке дейін болжау, - бір айлық ауа райын болжау, - он күндік ауа райын болжау, - бір маусымға болжау.
Үлгерімі жоғары оқушының қосымша материалдарын оқиды
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған? Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуық болды. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады. Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады. Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.
Ауа райы диктанты Шартты белгілермен таныстыру. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс * Апталық ауа райы болжамы.
- Ауа райы деген ен? - Ауа райының көрсеткіштерін санамалап айтып жаз
Телеграмма тапсырмасы - Ауа райын біліп отыру кімдер үшін қажет? Сергіту сәті
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысын
Қандай екенін ұғайық.
-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
Ауа аузымыз арқылы шығатындықтан дыбысымыз өзгереді.
Тест тапсырмасы (ОЖСБ –ға дайындық)
Аузекі ғылыми жұмыс. «Егер мен ... болсам»
Мұғалімнің нұсқауы : Ғылыми жұмыста әр бір топ өздерін «жер, су, ауа» ның орнында болып қалған жағдайда адамдар үшін қандай пайда әкелетіндігін айтып береді.
1топ. «Егер мен су болсам» Бүкіл әлемге өзімнің таза суымды беретін едім. Завод және әр түрлі кәсіпорындардан шығатын лас суларды жоғалтып, таза судың мөлшерін көбейтер едім.
2топ. «Егер мен ауа болсам» Адамдардың денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір көруі үшін, ауаның ластауына жол бермей, таза ауа болатын едім.
3топ. «Егер мен жер болсам» Адамдар үшін қызмет етер едім. Өнімді жерлерімді өсімдіктердің саналуан түрлерін көбейткен болар едім.
IV. Сабақты қорытындылау
V.Үйге тапсырма: Ауақабығы .Ауа құрамы. Ауа райын болжау оқу түсінігін айту