Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға атау септігіндегі сөз жекеше, көпше түрде қолдана беретіндігі, өзіне тән жалғауы болмайтынын түсіндіру.
Дамытушылығы: Әр түрлі сөйлем үлгілерінің ішінен атау септіктегі сөздіайыра білу дағдысын қалыптастыру.
Тәриелілігі: Оқушыларды сыйластыққа, бауырмалдылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, септіктер кестесі, «Кубизм» әдісі т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару
ІІ. Өзектілігі: Үйге берілген жаттығуды тексеру және өткен сабақты қайталау.
Қандай сөз таптарын білеміз?
Зат есім дегеніміз не?
Септік жалғауы дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Біріккен сөздер дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Балалар, бүгінгі сабағымыз ертегі желісінде өтпек.
Ерте, ерте, ертеде ақылымен жетектеп, сара жолға салатын «Қазақ тілі» атанған, қазақ тілдің ұрпағы Хан патшасы болыпты. Сол патшалықта Септік деген атаның жеті ұлы өмір сүріпті. Киіз үй тігіп жайлауға, жетеуіне қаз-қатар жеті үй тігіп беріпті.
Қатаң тәртәп қағида,
Білімсізді жойыпты,
Білімімен жанатын
Жетеуі де ер жетіп
Сұрақтар мен жалғауын
Қазір біз «Қазақ тілі патшалығына» саяхатқа шығамыз. Бүгін хан патшасы біздің білімімізді тексермек. Олай болса, Септік атамен бірге 7 ұлының ауылына саяхат жасаймыз. Қазақ тілі пәнінен өз білімімзді көрсетейік. 1. Атау ауылы:
Жалғау бермей әйтеуір
Атауды дара бөліпті
Тұңғыш ұлы Атауға
Кім? Не? сұрағын беріпті. - Олай болса, балалар біз бүгін «Атау септік» ауылына келіп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз білімімізді көрсетейік.
1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Жаттығуды ауызша талдау. Жаттығуды орындау барысында мынадай қорытындыға келдік. Атау септігінің жалғаулары болмайды, сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
2- тапсырма: Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру.Тақтаман жұмыс.
Отбасына кімдер кіреді.?
Отбасы мүшелерін топтастыру:
Отбасы туралы мақал-мәтел айту
Отан - Отбасынан басталады.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білейік!
«Сұхбат» өлеңін мәнерлеп оқыту. Атау септігінде тұрған зат есімдерді тапқызу.
3- тапсрма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, атау септігінде тұрған сөздерді тауып, астын сызу. Жеке көмекті қажет ететін оқушыларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
5- тапсырма. Берілген сөздерді сурет бойынща топтап жазу. Таратпа қағаздарын пайдаланып, тақтаға топтау. Атау септігіне тиісті сөздермен сөйлем құрастыру.
Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі
Сабақты қорытындылау.
Қазақ тілінде неше септік бар?
Атау септігінің сұрақтарын атаңдар? Мысал келтір
Ертегілер еліне саяхатымыз аяқталды. «Қазақ тілі патшалығы» сендердің білімдеріңе қанағаттанды деп ойлаймын.
Білімдерін бағалау:
Рефлексия кезеңі:
Бүгінгі сабақ несімен сені қызқтырды?
Нешінші тапсырманы қызыға орындадың?
Өткен тақырыптардан ойыңа ерекше сақталған тақырыптарды атай аласың ба?