kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен 4 сыныпта "Атау септік"тақырыбына қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

зат есім мен септік жалғауларын түсіндіру,атау септік туралы түсінік бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; тіл дамыту, сөз сөйлем құрастыру, сөйлем ішінен таба білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен 4 сыныпта "Атау септік"тақырыбына қысқа мерзімдік сабақ жоспары»



Қазақ тілі

Смагулова Гульмира Каировна

4 сынып


Сабақтың атауы

Атау септік

Сілтеме

Ғаламтор,қазақ тілін оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сөзжұмбақ, жұлдызша, , үнтаста, сурет, плакат, жұмбақ, мақал, ребус т.б

Жалпы мақсаттар

зат есім мен септік жалғауларын түсіндіру,атау септік туралы түсінік бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; тіл дамыту, сөз сөйлем құрастыру, сөйлем ішінен таба білу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты екі топқа бөлу/ «отбасы» «шаңырақ»

Ынтымақтастық атмосферасы

Тыныштық сәті «Жұлдызды түн»(баяу музыка әуенімен)

-Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

Ал енді барлығымыз түнгі жұлдызды аспан әлемін көз алдымызға елестетеміз. Жұлдыздар сан алуан ұсақ-үлкен, жарық-көмескі. Біреулеріңізге бір немесе көп жұлдыздар, енді біреулеріңізге сансыз көп жарық нүктелер елестейді.

Осы жұлдыздар арасынан жеті қарақшыны тауып алыңыз. Бұл жұлдызға тағы да бір қараңызшы, неткен ғажап, неткен керемет! Сол жұлдызыңыз сіздерге нұрлы шуақ шашып сәттілік тілеуде . Біртіндеп көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күлімдеп, сәттілік тілеңіздер. Рахмет

(Бағалау парақтарын үлестіру )

Өткенді қайталау

-Ал, балалар , біз өткен сабағымызда «Зат есімнің септелуі» тақырыбын қарастырып, онда «Жетіген» аспабының пайда болу тарихына тоқталған болатынбыз.

«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті.

-Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті .

-Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.
-Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып
«кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады.

-Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?» - дейді.

-Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.

-Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып

«неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі.

-Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда

«кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Сол сабақты еске түсіре отырып, топ болып жеті қарақшының тапсырмаларын орындай қояйық.














Қызығушылықты ояту

. Ертегі Жеті септік. (В гостях у сказки) әуенін қойып, ертегіні аудиодан тыңдату

«Зат есімнің септелуі»

«Септіктің жеті ұлы»ертегі (сахналық қойылым)

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде,

Септік есімді дана қария өмір сүріпті. Оның Атау, Ілік,Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес атты жеті ұлы болыпты. Балаларының ақылы бірінен-бірі асыпты. Қария балаларының еншісін бөліп беріп, жеке отау құрғызыпты. Күндерде бір күні Қария барлық балаларын жинап алып былай депті:

-Мен қартайдым. Өмірімнің көбі өтіп, азы қалды. Сендердің ақыл парасаттарыңды білгім келеді. «Отбасы» деген не?-депті.

Алғашқы сұрағын үлкен ұлы Атауға қойыпты:

Отбасының діңгегі мен қазығы кім?

-Әке, шеше.

-Кімнің баласы болған жөн?

Ілік: -Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

-Ұрпақ кімге қарап өседі?

Барыс: -Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі

Кімді сыйласаң қадірлі боласың?

Табыс: -Үлкенді сыйласаң қадірлі боласың.

Кішіні сыйласаң құрметті боласың.

Отбасының бақыты неде?

Жатыс: - Бірлікте, сыйластықта.

-Кімнен жақсы ұл туады?

Шығыс: - Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Кіммен дос болған жөн деп ойлайсың?

Көмектес:-Азаматпен дос болсаң-қадіріңді біледі

Білімдімен дос болсаң – ақыл-кеңес береді.

Қария барлық баласының жауабына риза болып, батасын берген екен. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де , сол жеті ұл іргесі ажырамай келеді екен. Міне, балалар күні бүгінге дейін септіктер туралы естіп, оқып келеміз.

Қазақ тілінде 7 септік,

орыс тілінде 6 септік,

ағылшын тілінде 1 септік бар. Ілік септік ғана.

Кестеден көрсету

Атау септік: Кім?Не?

Ілік септік: Кімнің?Ненің?

Барыс септік: Кімге?Неге?

Табыс септік: Кімді?Нені?

Жатыс септік: Кімде?Неде?

Шығыс септік: Кімнен?Неден?

Көмектес септік: Кіммен?Немен?

(Бағалау парағын толтыру)

Мағынаны тану

Жаңа сабақ


Ой ашар










Екеуара жұмыс

ІV.Жаңа сабақ.(өздігінен меңгерту)

«Ребус шешу» Атау септік.

  • 1. Атау ауылы:

Жалғау бермей әйтеуір

Атауды дара бөліпті

Тұңғыш ұлы Атауға

Кім? Не? сұрағын беріпті. - Олай болса, балалар біз бүгін «Атау септік» ауылына келіп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз білімімізді көрсетейік.

көркем жазу:

Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын дәптерлерімізге жазамыз


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

1.Жастар (кімдер?)-еліміздің үміт күткен болашағы

.2.Қызғыш (не?) жауын құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді.

3.Мысықторғай (не?) орманға аса зиянды,улы жұлдызқұрттарды теріп жеп, пайда келтіреді.

4.Спорт ойындары (нелер?)-денені шынықтырып, ептілікке, жинақылыққа үйретеді.


Ереже: Атау септіктің арнаулы жалғаулары болмайды.

Атау септіктің сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? (кімі? несі?)


2-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы. Атау септігінде тұрған зат есімдерді тап

Сұхбат

Көрші бала:

-Іні деген кім өзі?

Қандай оның мінезі?

Мен:

-Анық білем мінезін,

Іні-кешегі мен өзім.

Көрші бала:

-Аға деген кім өзі?Қандай оның мінезі?

Мен:

-Айыра алмаймын мінезін,

Аға ертеңгі мен өзім.

М.Әлімбаев

3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз Атау септіктің сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, астын сыз.

1.Егер күн ұясына қызарып батса, ертеңіне күн ыстық болады.

2.Ит жерге аунаса, қар жауады.

3.Күзде ағаш жапырақтары тез түссе, қыс қатты суық болады.

4. Жаңбырдың алғашқы тамшылары ірі болса, жаңбыр тез басылады.

7 саны туралы не білеміз? 7 септік, 7 ата, 7 қазына, кемпірқосақтың 7 түсі, 7 күн-бір апта т.с. с.

-Сергіту сәті.

Бір апта
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні ағаш ектік біз бақта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.


4-жаттығу.Берілген сөздерді сұрақтар бойынша кестеге жаз.

Су, дәптерлер,бағбан,домбыралар, нағашы, теңізшілер, заңгер, жусан, әжелер,биші, компьютер, жолаушылар, музей, сәулетші.


Кім?

Кімдер?

Не?

Нелер?

бағбан

нағашы

заңгер

биші

сәулетші

теңізшілер

әжелер жолаушылар

су

жусан

компьютер

музей

дәптерлер домбыралар


6-жаттығу.Мәтінді оқы. Сөйлемдерден атау септіктің сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.


Құмырсқа мен көгершін.

Бір құмырсқа өзеннің жағасына келеді. Өзеннің суына еңкейе бергенде, толқын соғып, суға кетіп қала жаздайды. Мұны көрген көгершін аузындағы тістеген бұтағын суға тастайды. Құмырсқа бұтаққа жабысып, аман-есен қалады. Осы кезде бір мерген тормен көгершінді ұстамақ болады. Мұны көрген құмырсқа мергенге жабысып, оның аяғын шағып алады. Мерген «Не болды?»-деп, торын тастай бергенде көгершін ұшып кетеді.

-ертегіні сен қалай атар едің?

-құмырсқа мен көгершіннің іс-әрекеті туралы қандай мақал айтуға болады?

«Жоғалған әріпті тап»ойыны.

1.Бас киім -а-а-а-

2.Өсімдік -а-а-а-

3.Құс -а-а-а-

4.Ағаш -а-а-а-


Ой толғаныс

Кері байланыс.(5 ұпай)

Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін мәнерлеп оқып, септік жалғаулары мен сұрақтарын қайталап өтеді.
Жеті септік
Жеті септік-жеті бала,
Жетеуінің атын ата.
Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.
Кімнің? ненің? – деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.
Кімге? неге? қайда? барсаң,
Барыс септік біліп.қояр.
Кімді? нені? керек етсең,
Табыс септік жүріп табар.
Кімде? неде? қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.
Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың соны айтар.
Кіммен? немен? керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.
Сұрағы қызық аттары да,
Септіктерді жатталықта.


Үй тапсырмасы

5-жаттығу.Сөйлемдерді

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері байланыс

 Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...



























............ баласы болма,.

............ баласы бол.



........... қарап ұл өседі,

.......... қарап қыз өседі

..............сыйласаң қадірлі боласың.

..............сыйласаң құрметті боласың.



-Ананың табанының астында.



жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

.................жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

.....................дос болсаң-қадіріңді біледі

..................дос болсаң – ақыл-кеңес береді.





Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен
Атау септік: Кім?Не?

Ілік септік: Кімнің?Ненің?

Барыс септік: Кімге?Неге?

Табыс септік: Кімді?Нені?

Жатыс септік: Кімде?Неде?

Шығыс септік: Кімнен?Неден?

Көмектес септік: Кіммен?Немен?

























Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-346-жаттығуды орындап келу.

-Бұл жаттығуды қалай орындау керек?

-Көмектес септігіне қойып,сөйлем құрау.

-Оларға сұрақ қою.

-Қай сөзбен байланысып тұр?

Мақсат қою кезеңі:

1. Септіктерді қайталап, талдау.

Білімді тексеру кезеңі.

-Балалар, біз осы күнге дейін септіктерді өтіп келдік. Бәрімен таныстық.

-Енді осы септіктер деген қайдан шықты екен?

-Соған назар аударайық.

-Бәріміз мына ертегіге құлақ түрелік.

5 класқа барғанда оқып, танысасыңдар.

1.Дәптермен жұмыс.

-Балалар , дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін жазыңдар.

А/ таза ауа.

Ә/348-жаттығуға назар аударамыз.

1.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

2.Зат есімнің қай септікте тұрғанын айт.

3.Ы.Алтынсарин кім?

4.Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім жатқа біледі?

5.К.С тұрған сөздер бар ма?

6.Қалған сөйлемдерді оқып, септік жалғауларын табамыз.

2.Сергіту жаттығулары.

349-жаттығу.

1.Берілген сөздерді септе.

2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

3.Әнші –туынды сөз.

-Қандай әншілерді білесіңдер?

-Қай әншіні ұнатып тыңдайсыңдар?

4.Қобыз-түбір сөз.

А/ Қобыздың суретін көрсету.

Қобыздың атасы-Қорқыт ата. Қорқыт ата –түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жы¬рау, қобызшы. Шамамен 7-10 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қобыз,қылқобыз- көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. Аспап жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалған. Қазақ халқына ең жақыны –қылқобыз.

Жырауды үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата,

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

5.Екі оқушыны тақтаға шығарып, септетемін. Жалғауларын тап , ауызша айтып өт.

-Енді, 350-жаттығуға қараймыз.

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

А/ Өзім өлеңді мәнерлеп оқып шығамын.

Ә/ Оқушыларға шумақ бойынша оқытамын.

2. «ҚАНСОНАР» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Қансонар»-бірінші жауған қардағы аңшылық, «сонар»-алғашқы жауған қар деп те атайды.

Жаңа жауып басылған көбік қардан кейінгі іздің жақсы көрінетін кезі.

3. Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілі.

-Айларын ата.

-Абай аталаларыңның «Қыс» өлеңін кім жатқа айтады?

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»-деген өлеңді кім жатқа айтады?

4.Суретпен жұмыс.

5.Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

6.Дәптерге жаздыру, орнында отырып орындайды.

Сабақты бекіту кезеңі:

-Балалар, бүгін біз қандай тақырыпты қайталадық?

-Зат есімдерлің септелуі.

-Қазақ тілінде неше септік бар?

-7 септік.

-Осы 7 саны туралы не айтуға болады?

-7 шелпек нан

-7 қазына, 7 қарақшы, 7 күн,7 апта

-Қазақта 7 саны киелі сан болып есептеледі.

-Олай болса, осы 7 септіктің сұрағы мен жалғауларын еске түсірейік.

1.Атау- кім?не?кімдер?нелер?

2.Ілік- кімнің? ненің?кімдердің? нелердің?

3. Барыс – кімге ? неге? Кімдерге?нелерге?

4.Табыс- кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді?

5.Жатыс- кімде? Неде? Кімдерде? Нелер¬де? Қайда?

6.Шығыс- кімнен? Неден? Кімдерден? Не¬лерден?

7.Көмектес-кіммен? Немен? Кімдермен? Не¬лермен?

Сабақты қорыту:

Тест

1.Барыс септігіндегі сөзді тап а)мұражайға ә) қаламды б) дәптердің

2.Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған қандай қосымша жалғанады?

а) жуан ә) жіңішке б)ұяң

3. «Театрдан» сөзі қай септікте тұр?

а) атау ә) ілік б) шығыс

4. «Бала» сөзі қай септікте тұр?

а) атау ә) шығыс б) көмектес

5. Жатыс септігінің сұрағын тап

а) қайда ә) неге б) ненің?

6. Шығыс септікте тұрған сөзді тап

а) шегірткеден ә) шегіртке б) бала

7. Табыс септік жалғауы қандай?

а) –ны ә)-тан б) –тен

8. Көмектес септік қандай сұраққа жауап береді?

а) нелерімен ә) неде б) нелер

9. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 6 ә) 7 б) 8

10. «Ілгіштің» сөзі қай септікте тұр?

а) ілік ә) табыс б) барыс

Бағалау нормасы; 10-9- «5»

8-7 -«4»

6-5 – «3»

4-3- «2»

Үйге тапсырма : 251-жаттығуды орындап келу.Түсіндіру.

Бағалау.

Сабақты бекіту үшін мұғалім тақтада жазылып қойылған Ерте, ерте, ертеде

Мінезі суық қаталдау

«Қазақ тілі» атанған

Хан патшасыболыпты.

Киіз үй тігіп жайлауға

Қыр басына қоныпты.

Септік деген атаның

Жеті ұлы болыпты.

Жетеуі де ер жетіп,

Білімімен жаныпты.

Ақылымен жетектеп

Сара жолға түсіпті.

Қазақ тілдің ұрпағы

Әкесіне сеніпті.

Жетуіне қаз-қатар

Жеті үй тігіп беріпті.

Қатаң тәртіп қағида

Білімсізді жойыпты.

Сұрақтар мен жалғауын, Жатыс септікпен таныс болыңдар

Жатыс болса бүгінде,

Кімде? Неде? сұрағы.

-да,-де,-та,-те, боп

Жабыстырып қойыпты.

Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.
Жатыс септік.
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда? Кімдерде? Нелерде?
Жалғаулары: - да,- де, - та, - те
Мысалы: қарда, аязда, боранда, әжемде

көркем жазу |Қ қ қ-дауыссыз қатаң

Сөздік диктант: әжені – т.с, найзаның –і.с, ұшқыш-а.с, атаға-б.с, кітапхана-б.с, ынтымақты-т.с

Оқулықпен жұмыс

Ерте, ерте, ертеде

Мінезі суық қаталдау

«Қазақ тілі» атанған

Хан патшасыболыпты.

Киіз үй тігіп жайлауға

Қыр басына қоныпты.

Септік деген атаның

Жеті ұлы болыпты.

Жетеуі де ер жетіп,

Білімімен жаныпты.

Ақылымен жетектеп

Сара жолға түсіпті.

Қазақ тілдің ұрпағы

Әкесіне сеніпті.

Жетуіне қаз-қатар

Жеті үй тігіп беріпті.

Қатаң тәртіп қағида

Білімсізді жойыпты.

Сұрақтар мен жалғауын, Жатыс септікпен таныс болыңдар

Жатыс болса бүгінде,

Кімде? Неде? сұрағы.

-да,-де,-та,-те, боп

Жабыстырып қойыпты.

Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.
Жатыс септік.
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда? Кімдерде? Нелерде?
Жалғаулары: - да,- де, - та, - те
Мысалы: қарда, аязда, боранда, әжемде

көркем жазу |Қ қ қ-дауыссыз қатаң

Сөздік диктант: әжені – т.с, найзаның –і.с, ұшқыш-а.с, атаға-б.с, кітапхана-б.с, ынтымақты-т.с

Оқулықпен жұмыс

Үйге берілген жаттығуды тексеру және өткен сабақты қайталау.

  • Қандай сөз таптарын білеміз?

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Септік жалғауы дегеніміз не?

  • Қазақ тілінде неше септік бар?

  • Күрделі сөздер дегеніміз не?

  • Біріккен сөздер дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ертегі желісінде өтпек.

  • Ерте, ерте, ертеде ақылымен жетектеп, сара жолға салатын «Қазақ тілі» атанған, қазақ тілдің ұрпағы Хан патшасы болыпты. Сол патшалықта Септік деген атаның жеті ұлы өмір сүріпті. Киіз үй тігіп жайлауға, жетеуіне қаз-қатар жеті үй тігіп беріпті.

Қатаң тәртәп қағида,

Білімсізді жойыпты,

Білімімен жанатын

Жетеуі де ер жетіп

Сұрақтар мен жалғауын

  • Қазір біз «Қазақ тілі патшалығына» саяхатқа шығамыз. Бүгін хан патшасы біздің білімімізді тексермек. Олай болса, Септік атамен бірге 7 ұлының ауылына саяхат жасаймыз. Қазақ тілі пәнінен өз білімімзді көрсетейік. 1. Атау ауылы:

Жалғау бермей әйтеуір

Атауды дара бөліпті

Тұңғыш ұлы Атауға

Кім? Не? сұрағын беріпті. - Олай болса, балалар біз бүгін «Атау септік» ауылына келіп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз білімімізді көрсетейік.

4. Қолдану. Біліктілік дағдысын қалыптастыру: Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Жаттығуды ауызша талдау. Жаттығуды орындау барысында мынадай қорытындыға келдік. Атау септігінің жалғаулары болмайды, сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

2- тапсырма: Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру. Тақтаман жұмыс.

Отбасына кімдер кіреді.?

  1. Отбасы мүшелерін топтастыру:

  2. Отбасы туралы мақал-мәтел айту

  3. Отан - Отбасынан басталады.

  4. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білейік!




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілінен 4 сыныпта "Атау септік"тақырыбына қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Автор: Смагулова Гульмира Каировна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377093


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства