kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: Тақырыбы: «Су – өмір көзі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Су -өмір көзі" атты ашық сабақ. Судың адам өміріндегі қажеттілігі туралы білімдерін кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: Тақырыбы: «Су – өмір көзі»»


Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі








Ашық сабақ


Тақырыбы: «Су – өмір көзі» 












Өткізген: Шакирова Бейбитгуль Сайрановна.







Тақырыбы: «Су – өмір көзі» 

Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат - ананы қорғап, аялауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. 3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, ассоциация құрастыру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, кері байланыс.

Ресурстары: Мақал - мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар, тәжірбиеге қажетті заттар, жұлдызшалар, слайдтар, кеспе қағаздар т. б.


1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу

Психологиялық дайындық
Айдай арайлап, Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз - Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасыру.

  1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
    Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
    Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
    Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
    (Су)


  2. 2. Қыста шыны боп қатады,
    Жылыда су боп жатады..
    (Мұз).
    3. Көзге көрінгенмен
    Ұстасаң қолға ілінбейді.
    (Бу.)
    1 - топ «Су», 2 - топ «Мұз», 3 - топ «Бу»
    Топ басшыларын сайлау

2.Үй тапсырмасын тексеру 30 сабақ : 139 бет, Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» түсініп оқып келу. 1-2 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау. 
Әңгіме желісіне сай сұрақтар: 
- Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер? 
- Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер? 
- Адам тіршілігі үшін судың қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар? 
- Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар? 
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу: 

-Балалар үйге берген тапсырмаға жақсы дайындалып келіпсіңдер!

Бейнефильм «Таза бұлақ»

Жаңа сабақ

- Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су – өмір көзі » деп аталады. «О,су! Сенің не дәмің, не түсің, не иісің жоқ.Сені тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, сенің нендей зат екендігің туралы ойланбаймыз да, бірақ құмарлана жұтып, шөлімізді қандырамыз.Сен бізді қуаныш сезімге бөлейсің».
Оқушыларға бейнефильм көрсету

Кіріспе әңгіме
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

22 наурыз-бүкіләлемдік су күні.
Су - тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4 - 5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды

Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардыңжауаптарытыңдалады) Дұрысайтасыңдар.

Слайд

Ендеше мен сендергетолығырақтүсіндірекетейін.

Су өмірбойыайналымдаболады. Олжаңбырменжергетүседі, арықболыпағып, өзендіқұрайды, ал соданкейінқайтаданкүншуағыменбуболыпаспанғакөтеріліп, жербетінежаңбырболып, қайтаоралады. Жаңбырданаққанкішкентайсуларбірігіп, жылғаларболып, үлкентеңізқұрайды.






I Тәжірибе «Су — мөлдір» 1 топ «Су»

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүтмөлдіремес».




II Тәжірибе «Суда дәмжоқ» 2 топ «Мұз»

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шай ұсынады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» 3 топ «Бу»

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті «Ақ бұлақ» бейнефильм



3. Жағымды ой пікір : (Дәйексөз) 
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат. (Дәптермен жұмыс)
М.Хакімжанова 
Дәйексөздерді оқушыларға айтқызу, дәптерлеріне жазғызу.Мағынасын ашып түсіндіру. 
Су тіршіліктің көзі.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршіліктегі құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді.Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі айналыста жүреді. Жер бетінде «сусыз» тіршілік болмайды.Сондықтан судың қадірін біліп өсуіміз керек. 

1-топ.
Судың пайдасы туралы әңгіме жазу

2-топ
Судың зияны туралы   әңгіме жазу

3-топ
Суды қалай қорғауға болатыны  туралы әңгіме жазу


4.Әңгiмелеу : «Мұғалім сыйы»

Тесік құмыра 
(Өсиет әңгіме)
Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып,бұлақтан үйіне су тасиды екен.Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен.Үйге жетенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен.Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты. Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен.Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланатын көрінеді,ал жырық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен.Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра,қарияға былай депті:
- Қатты ыңғайсызданып жүрмін.Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр.Сонда қария күліпсіріп құмыраға былай депті:
- Сен ештеңені байқамадың ба?Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы.Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ.Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп,сол тарапқа гүлдің тұқымын екен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің.Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін.Егер де сенің сол тесігің болмағанда,үйімді осыншама көркейтіп,гүлдендіре алмас едім............

Оқулықпен жұмыс «Жаңбыр жауды» өлеңін оқу

Мақал- мәтелдердің жалғасын тап !
Судың кепкені-тіршіліктің кеткені
Сулы жер
-нұрлы жер
Бұлақ көрсең
-көзін аш
Сулы жер-құрақсыз болмас,
таулы жер-бұлақсыз болмас
Су-атасы
, жер-анасы
Сусыз өмір
-тұзсыз аспен тең
Су бар жерде
өмір бар
Су
-табиғаттың ажары

Тірек сызбалары бойынша жұмыс:

1 топ Судың күйі

2 топ Судың қасиеттері

3 топ Су қалай пайда болады?


6.Топпен ән айту.

«Жау жаңбыр» әні.
Сөзі,әні: Бота Бейсенова
1.Келді міне көктемім 
Жердің жүзі көктеді 
Ақ жаңбырды сыйлады 
Ақша бұлттар көктегі 
Қайырмасы: 
Жау жау жаңбыр 
Тамшыларың 
Жау жау жаңбыр 
Жау жаңбыр 
Табиғаттың сән 
Жау жау жаңбыр 
Жау жаңбыр 
Мөлдіреген 
Тамшыларың 
Жау жау жаңбыр 
Жау жаңбыр 
2.Жаушы жаңбыр тағыда 
Күтіп сені сағына
Кірсін жердің сәні де
Топырақтың нәрі де 

7.Үй тапсырмасы: Оқулықтан 134 бет, С.Оспановтың «Жаңбыр жауды»өлеңін түсініп оқып келу. Дәптердегі тапсырманы орындау 

8. Соңғы тыныштық сәтi. «Сабақтың қорытынды сәті». 
Бүгінгі сабақтан не білдік? Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен қамқорлық пен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. 
Су- адамға ең қажетті тағамның бірі, су- тазалық көзі, су- жан сұлулығының нәрі, су – шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те болмайтының білдік.Өйткені адамдар, өсімдіктер, жан- жануарлар, аң, құстар, сусыз өмір сүруі мүмкін емес.Судың адам өміріне аса қажеттілігін ұғындық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық сабақ: Тақырыбы: «Су – өмір көзі»

Автор: Шакирова Бейбитгуль Сайрановна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390318

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Ашы? саба?. Та?ырыбы; «Оттекті? жалпы сипаттамасы,  таби?атта таралуы мен ?асиеттері». "
    ["seo_title"] => string(88) "ashyk-sabak-tak-yryby-ottiektin-zhalpy-sipattamasy-tabig-atta-taraluy-mien-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "157804"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421656245"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ашық сабақ тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»"
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk_sabak_tak_yryby_k_u_star_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "451559"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516599847"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ана тілі. Ашы? саба? та?ырыбы:  "Не деу керек ?""
    ["seo_title"] => string(47) "ana-tili-ashyk-sabak-tak-yryby-nie-dieu-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "258182"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448460183"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "Ашы? саба? Та?ырыбы: К?ліктер (денсаулы? са?тау технологиясы бойынша) Білім беру саласы: Таным Б?лімі: Айналамен таныстыру"
    ["seo_title"] => string(129) "ashyk-sabak-tak-yryby-koliktier-diensaulyk-sak-tau-tiekhnologhiiasy-boiynsha-bilim-bieru-salasy-tanym-bolimi-ainalamien-tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "330463"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464265858"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашы? саба? та?ырыбы: "Т?лдер" "
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk-sabak-tak-yryby-toldier"
    ["file_id"] => string(6) "193180"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427607668"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства