|
Ашық сабақ |
Тақырыбы: « Не деу керек?» |
|
Өткізген:Байдуллаева А.С |
|
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Не деу керек?» Буын.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға буын туралы түсінік беру, кішіпейілділік ұғымы туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері: 1. Тақырып мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылырға бағыт-бағдар бере отырып,
өздіктерінен жұмыс істетету, ой-өрістерін дамыта
отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға
машықтанады.
3. Оқушылар адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан оқу мен жазу арқылы дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,ізденушілік.
Сабақтың барысы:
Ι.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылырдың назарын сабаққа аудару.
ΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді қайталау. 5 түрлі тапсырма
5 топқа ат қою.
Қызғалдақ гүлі
Бәйшешек гүлі
Жауқазын гүлі
Раушан гүлі
Райхан гүлі
Ι.Қызығушылықты ояту.
«Буын» туралы сөзжұмбақ шешу.
ΙΙ.Мағынаны таныту.
58 – жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқу, әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау. Ережемен таныстыру, хормен айтқызу. Мысал келтіру.
От, а-та, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік.
2. Сурет бойынша жұмыс
3. Дәптермен жұмыс
Сары жанғанда дайындалады.
Жасыл жанғанда жүреді.
Қызыл жанғанда тоқтайды.
«Оқушы» туралы топтау әдісі.

қайырымды иманды

білімді кішіпейіл
әділетті
әдепті
59-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқу. «Сандар қатары» ойыны (топтық жұмыс)
Ананың сүті –бал,
Баланың тілі - бал
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айту.
Сергіту сәті. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен». «Не деу керек?»
«Қызғалдақ» гүлі – 1 шумағын оқиды.
«Бәйшешек» гүлі – 2 шумағын оқиды.
«Жауқазын» гүлі – 3 шумағын оқиды.
«Раушан» гүлі – 4 шумағын оқиды.
«Райхан» гүлі – сұрақтарға жауап береді.

* -бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
Төле би туралы айту. Өлеңді оқыту
Мақал-иәтелді оқып, түсіндіру.
ΙΙΙ. Қорыту. Ой толғаныс
Буын туралы ережені сұрау
Әдепті бала мен әдепсіз бала туралы Венн диаграммасын құрастырып көрейік.
Әдепті бала Әдепсіз бала
Үйге: мәнерлеп оқу, «Әдепті бала» туралы әңгіме жазу.
Бағалау.