kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. Сөз таптары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок в 4 классе. Тема: Қайталау. Сөз таптары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Сөз таптары.»


Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Мақсаты: 1. Сөз таптары туралы өткенді пысықтау.

2. Оқушылардың саутты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Көрнекіліктер: карточкалар, топ аттары, оқулық, жұмбақтар, мақалдар, семантикалық карталар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру)

2. Психологиялық ахуал. (Барлығы ортаға шығып, шеңберге тұрып айтады)

Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.

Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,

Бүгінгі күн баршамызға сәттілік тек тілейік.

3. Топқа бөлу. (Әр оқушы үстелден бір сөзді алып оқып, соған сұрақ қояды. Сөз таптарына бөлінеді)

4. Мұғалім сөзі: - Ерте, ерте, ертеде «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, етістік, сын есім, сан есім атта төрт ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе мен тілектеспін.

- Осы патшалықтың ханзадалары сендерсіңдер. Бірінші тапсырма – ережелерді қайталау. (Әр топ өзіне сәйкес ережелерді айтады)

5. Жаңа сабақты меңгерту. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Көркем жазуға арналған тапсырма орындаңдар. Өзімізге бұйрық береміз.

Екінші тапсырма:

6. «Жасырынған сөзді тап» Жұмбақ шешу.

А) Аппақ болып гүл тұрар, Жылына бір құлпырар. Жеміс ағашы.

Ә) Ұшып жүрген гүл көрдім, Қонғанда ұстап үлгердім. Көбелек.

Б) Жатты да жатты, Жылғаға тартты. Қардың еруі.

В) Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. Жаңбыр.

Г) Ақ сиыр тұрып кетті, Қара сиыр жатып қалды. Қыс пен көктем.

- Осы жұмбақтардың шешімдеріне қарап жасырын сөзді анықтаңдар. Бір сөзбен қалай айтуға болады? «Көктем» - шағын әңгіме жазу. Зат есімдерді тауып, астын сызу.

6. Үшінші тапсырма. «Жалғасын тап» Мақалдарды толықтыру. Әр топ өзіне берілген мақалды толықтырады, тақтада жазады, етістікті табады, сұрақ қояды, түрін анықтайды.

1 топ. Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас.

2 топ. Бірлігі күшті ел озады, Бірлігі жоқ ел тозады.

3 топ. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.

4 топ. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

7. Сергіту сәті.

8. Төртінші тапсырма. Оқулықпен жұмыс, 224 бет, 43 жаттығу. Сын есімдердің түрін анықтау.

9. Бесінші тапсырма. «Ойлан, тап» Математикалық жұмбақтар шешу. Сан есімдерді тауып, сұрақ қою.

а) Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.

Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,

Қалды екен нешеу енди?

(61саңырауқұлақ)

ә)Жайлы орын маңай толы үйеңкі,

Батыр барыс алтыбақан құрыпты.

Кешке қарай жиналыпты көршілер.

40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,

Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.

Айтшы аңдар саны қанша,

Болып қалмай тек күлкі.

(47 аң)

б)Шыңғыс берді 11 гүл

Алмас берді 3 гүл,

Саят пенен Жақсылық

Тағы  берді 5 гүл

Нұршат пенен Назерке

Әкеліп берді 7 гүл

Қалғандары қосылып,

Берді тағы 5гүл.

Болды енді қанша гүл?

(31 гүл)

в)13 түйе, 5 жылқы,

7 сиыр, 5 ешкі,

8 қоян, 10 түлкі.

Таба алмасаң бұл күлкі.

(48 жануар.)

10. Алтыншы тапсырма. Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушы өзі орындайды.

Сөздер


Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

1.Жұлдыз






2.Бес






3.Оқыды






4.Жасыл






5.Ақын






6.Пісірді






7.Үшінші






8.Үлкен






9.Биле






10.Алтын








11. Жетінші тапсырма. «Ия», «жоқ» ойыны.

- Мен сендерге бір сөйлем айтамын, егер сол сөйлем дұрыс болса сендер қол соғасыңдар, егер ол қате болса аяқтарыңды топырлатасыңдар.

- Зат есім кім? Не? сұрақтарына жауап береді. Ия.

- Бастауыш пен баяндауыш – тұрлаусыз мүшелер. Жоқ.

- Сан есім неше? Қанша? сұрақтарына жауап береді. Ия.

- Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ия.

- Сын есім не істеді? Қайтті? сұрақтарына жауап береді. Жоқ.

- Қазақ алфавитінде 33 әріп бар. Жоқ.

- Етістік не істеді? Неғылды? сұрақтарына жауап береде. Ия.

- Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді негізгі сөз дейміз. Жоқ.

Мұғалім: - Жақсы, балалар. Рахмет. Ал қазір біз рефлексия жасаймыз. Оны білесіңдер ия, сабақ бойынша қорытынды жасау. «Бас бармақ» әдісін қолданамыз.

  • Сендерге сабақ ұнады ма? (Ия-Саусақты жоғары көтеру, жоқ-саусақты төмен қарату, түсінбеген жерлері болса-саусақты қырынан қою).

  • (Егер сабақ ұнаса) Не ұнады? Қандай тапсырма жеңіл болды? Қандай тапсырма қиындық туғызды? Топпен жұмыс істеген ұнай ма?

Осымен сабағымыз аяқталды, барлықтарыңа рахмет айтамын, семантикалық карталарыңды тексеріп, бағаларыңды қоямын. Үй тапсырмасы 225 бет, 47 жаттығу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ. Сөз таптары.

Автор: Кудайбергенова Марал Амангельдиновна

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375150

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Сөз таптары""
    ["seo_title"] => string(44) "k_azak_tili_p_ninien_ashyk_sabak_soz_taptary"
    ["file_id"] => string(6) "404355"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490725260"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ашы? сабак: С?з таптары "
    ["seo_title"] => string(25) "ashyk-sabak-soz-taptary-1"
    ["file_id"] => string(6) "195371"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427900195"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сауат ашу. Та?ырыбы : х дыбысы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(42) "sauat-ashu-tak-yryby-kh-dybysy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "301923"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457012748"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Ша?ын біріктірілген мектептерде ?дебиет саба?ынан ашы? саба?ты? ?лгісі. "
    ["seo_title"] => string(83) "shag-yn-biriktirilghien-miektieptierdie-diebiiet-sabag-ynan-ashyk-sabak-tyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "138355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530971"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Х х дыбысы мен әрпі" Ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(33) "kh_kh_dybysy_mien_rpi_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "372677"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482475686"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства