Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Сөз таптары"»
Сыныбы:3сынып
Пәні:Қазақ тілі
Уақыты: 28.01.15 Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз. Сабақтың мақсаты:
1. Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру.
2. Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз ойларын ортаға салуға, талқылауға үйрету
3. Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд,плакат. Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс. Жаңа технологиялар:СТО,симантикалық карта,топтастыру
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық Қайырлы таң достым Қайырлы күн болсын Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын!
-Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.Мен сіздерге сенемін!
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа айту.Қарамен жазылған сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату.
Есте сақтау мақсатында тағы қандай жаңылтпаштарды білеміз?Есімізге түсірейік.
Жаңылтпаш
III.Өткенді пысықтау
-Жарайсыңдар!Ендеше өткен сабаққа шолу жасайық
«Бәйге» ойыны 10 30 50 20
40 20 10 30 1. Сол жақтағы 10 – кім?кімдер?не?нелер?сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі.Бастауыш
2. Ортадағы 30 - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?Түбір 3. Ортадағы 50 - Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?жұрнақ 4. Оң жақтағы 20 - Түбір сөзге жалғанатын бөлікті не деп атайды?қосымша 5. Сол жақтағы 40 - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.жалғау 6. Ортадағы 20 – Сөйлемде бастауыш,баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері.Тұрлаусыз
7. Ортадағы 10 – Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді не дейміз?Туынды сөз 8. Оң жақтағы 30 – Ақыл-дос,ашу-.....(дұшпан) IV.Ойқозғау.
-Балалар,сендерге ертегі ұнай ма?
Ендеше, бүгін «Қазақ хандығына» саяхат жасаймыз.
-Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары»атты хандығы болыпты.
Осы «Сөз таптары» хандығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт ханзадасы болыпты. Хандық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен.
-Балалар білесіңдер ме?Биыл қазақ хандығына неше жыл?
-Дұрыс айтасыңдар.Биылғы жыл біздер үшін айтулы мерекелі жыл.Тағы қандай ұлы мерекені білеміз?Ұлы Жеңіске 70жыл.
- Сол «Сөз таптары» патшалығына саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін.
Жж-дауыссыз,ұяң дыбыс.Ж-дыбысына жіңішке дауысты дыбысты тіркеп жазу.
Же,жи,жү,жә,жі
Ахмет Байтұрсынов суреті шығады.
-Балалар бұл кім?
-А.Байт.Осы сөз таптарына тұңғыш анықтама беріп,тілімізге енгізген қазақтың ғалымы,ағартушысы туралы не білеміз?
-А.Байтұрсынов туралы әңгімелеу.
Оқушылар жауабы.
-Біздің мект.А:Байт.атымен аталған.
*Ахмет Байтұрсынұлы 1872жылы Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. қазақтыңақыны, әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1]мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2] Ол орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болды.
*А.Байтұрсынов қазақ тілінен тұңғыш рет «Тіл – құралы» атты оқулық жазды. Ол 3 кітаптан тұрады.
Бұл кітапта дыбыстық жүйе,сөйлем мұшелері, сөз таптары жайында айтылған.-
-Дұрыс айтасыңдар балалар!Енді осы тілімізге сөз таптарына тұңғыш анықтама беріп, тілімізге енгізген қазақтың ғалымы, ағартушысы Ахмет атамыздың сөз таптарын есімізге түсірейік.
-Ол үшін тас қақпа тапсырмасын орындайық.
Тас қақпа.
Сөз таптары.
V.Топтастыру слайд.
Зат есім.Кім?Не?Кімдер?Нелер?Мысалы
Сын есім.Қай?Қандай?Мысалы
Сан есім.Неше?Қанша?нешінші?Мысалы
Етістік.Не сітеді?Неғылды?Қайтті?Мысалы
-Тас қақпа ашылады.Бәрекелді!
VI.Ереже тұжырымдау.
Сөздің қай сөз табына жататынын білу үшін оған сұрақ қоямыз.Сонда сөздердің қайсысы заттың атын,іс қимылын,сынын,санын білдіретінін тез ажыратамыз.
-Балалар, алдымыздан тағы қандай кедергі шықты?
Күміс қақпа.
VIII.Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма.Тақтаға жаздыру.
Оқулық 26-бет
Кішкентай балалар ......не істеді?етістік.
Кішкентай .......жүгірді. кімдер?зат есім.
......балалар жүгірді. Қандай?сын есім.
2-жаттығу.
IX.Шығармашылық жұмыс.
Сурет бойынша әңгімелеу.Ауызша.Сөз таптарын тапқыз.Бес жолды өлең құрату.
X.Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»әуеніне қимыл жасау.
-Жарайсыңдар балалар күміс қақпада ашылды.Енді не көріп тұрмыз?
Алтын қақпа.
-Ал,енді алтын қақпа тапсырмасын орындайық.Карта үлестіру.
Симантикалық карта.3-жаттығу.
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Етістік
-Алтын қақпада ашылды.Өте тамаша!
Сиқырлы сандық.
-Міне,балалар,хандығымыздың сиқырлы сандығына да жеттік.Жарайсыңдар!
Бұл сиқырлы сандық құлыптаулы тұр екен.Кәне,сиқырлы сандықты ашуға тырысып көрейік.Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек..
4-жаттығу.Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.Плакатпен жұмыс