Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Жазушы,зерттеуші ,суретші карточкаларын ұсыну. Оқушылар таңдаған карточкаларға сай топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді. Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз? | 1-топ: Жазушылар 2-топ: Зерттеушілер 3-топ: Суретшілер «Балалық шақтан қызықты оқиға» Тренинг. |
Ортасы 10 минут | Қолдану Бүгінгі сабағымызда «Сапар мен Парта» мысалын оқимыз. Адырбек Сопыбеков – балалар ақыны. Мәнерлеп оқу Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. 1961–1965 жж. Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде жауапты хатшы, аудандық партия комитеті хатшысының көмекшісі, Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары болып қызмет істеген. 1967–1985 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің редакторы, Жаңақорған аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, «Кітап» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанындағы Қазақстан Халық ақыны М.Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, 1990 жылдан осы өнер мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына енген. Марапаттары КСРО Жазушылар одағының Құрмет грамотасы (1989), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы (1983), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы (1991), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (1997), Қызылорда облыстық Мәслихатының Грамотасымен (1996) марапатталған. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі жетістіктері үшін» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері. Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы (1987), Қазақстанның Құрметті журналисі (2008).[2] Кітаптары «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», т.б. Өлеңдері Шешілген жұмбақ. Суретті кітапша,1969; Өлеңдер мен аңыздар,1973; Көктем жыры, 1976; Базарлық, 1981; Полет на Луну. Стихи и фантастическая поэма, 1992; Айналайын, 1997; Жаңарған Жаңақорған, 1998; Күншуақ, 2001; Манаптың бір өзі – бір театр, 2004. Талдау – табыс кілті • Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? • Парта Сапарға неге ренжіді? • Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады? • Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма? Ойлан ▪ Парта неден жасалады? ▪ Емен ағашы туралы не білеміз? ▪ Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің? Біздің сыныпта Эссе Мұны білген жөн Гигиеналық талаптар 1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара - қашықтығы келесідей болуы керек: а) парталар қатарының арасы – 60 см; ә) екі парта арасы – 50 см б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы – 70 см в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 - 2, 7 м ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см д) тақтаның жерден биіктігі – 80 - 90 см Кабинет жабдықтарының өлшемі мен белгілері Ой толғаныс Алтын ереже • Мектеп мүлкін күтіп ұста • Партаны сызба • Партаны бүлдірме • Орындықты ырғыма • Шкафтың есігін жай ашып, жай жап • Кабинет есігін қатты жаппа • Партаны күтіп ұста • Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт. Талдау Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. ▪ Өлең неліктен “Сапар мен Парта” деп аталған? ▪ Бұл мысалдың негізгі ойы не? Үйге: “Сапар мен Парта” мысалын оқу | Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |