Мақсаты
Түрі | Білімділік: *Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; *Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; *Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. Дамытушылық: *Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; *Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту; *Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: *Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: СТО, топтастыру, БҮҮ,бағытталған оқу стратегиясы Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер |
Психологиялық ахуал | Психологиялық атмосфера құру: Топтың ережесі жасалып, геометриялық фигуралардыитаңдау арқылы топқа бөлу 1 –топ : Қожа тобы 2 –топ : Жантас тобы Тренинг Шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне , еліне деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізу.
|
Оқушылар фигураларды таңдау арқылы, 2 топқа бөлінеді
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | І. Ұйымдастыру бөлімі 1)Оқушыларды түгендеу 2) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) Кубизм стратегиясы.(Автор, тақырып аясында бірнеше қайталау сұрақтары қойылады) 1.Әңгімедегі Қаныш деген бала кім? Ол туралы не білесіңдер? 2.Қаныштың ұзтазы суретті көргенде қандай ойда болды? 3.Бұл әңгіме неге «Қазына көтерген бала» деп аталады? 4.Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? |
Мағынаны тану | III.Жаңа сабақ. 1.Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы? “... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.” Бердібек Соқпақбаев –қазақ балалар жазушысы.1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылында дуниеге келген..Ата анасынан ерте айрылған, балалық шағында корген қиындыктар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген,өзі айтқандай өзінің өмірін бейнелеген. Сонымен катар «Бұлақ»,»Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б повестері. «Кездесу», «Бозтөбе»поэмалары бар. Қазақфильм киностудиясы Менің атым Қожа повесі бойынша фильм түсірді. Оқушылар Бүгінгі сабақта жазушының шығармасының 17-ші тарауымен танысасыздар.Бұл тарауды автор «Жан сезім құбылысының, әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен,яғни әңгімені оқысаңыздар түсінетіндеріңіз, Қожаның сабаққа дайындықсыз келіп, ол үшін қатты қынжылып өкінгені туралы бір сәтін көресіңдер. Фильмнен үзінді Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым дейді: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...сол бала » деген екен. Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін! 2. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер? Менің атым Қожа Жанр: комедия, жанұялық Мемлекет : Қазақстан Шыққан жылы: 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский Сазгер: Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған: Қожа - Н.Сегізбаев Сұлтан - М.Көкенов Жанар - Г.Құрабаева Жантас - Е Құрмашев Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова Рахманов - Қ.Қожабеков Майқанова – Р.Мұхамедиярова Қожаның әжесі - З.Құрманбаева Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала. |
Ой толғаныс
Сергіту сәті | IV.«Зерттеу-ізденушілік» Оқушылардың шығармашылық жұмысы. (Топтық жұмыс) «Менің атым Қожа» туралы жинап келген ақпарат, мағлұматтар , суреттерін жинақтап әр топ постер қорғайды. V.Ой толғаныс. (Мәтінді талдау) 1.Қожа қандай оқушы? 2.Жантас мұғалім сабақ сұрағанда қандай қулық жасағысы келді? 3. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша шығармадағы Қожаның сабаққа дайындықсыз келгеніне өкінгенін сипаттаған сөздерді дәптерге жазып алу VI.Бағытталған оқу стратегиясы 1.»Менің атым Қожа» туралы түсірілген киноны көрдіңбе,кино ұнады ма,Әңгімедегі басты кейіпкер кім? 2.Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. 3.Қожа анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады? 4.Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады, әңгімеден сол жерін тауып оқы. Өзіңде Қожаның басында болған жағдай болды ма ? VII.Тақтамен жұмыс. Менің атым-Қожа фильміндегі екі кейіпкерді салыстыр. өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш |