Сонымен барлағымыз маған назар аударамыз -1937-1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген айыппен қуғын сүргінге яғни,репрессияға ұшырады.105 мың адам қамауға алынып,оның 22 мыңы атылды. - Сонымен балалар көптеген халықымыздың зиялы өкілдері « репрессия» деп , яғни қуғын сүргінге «халық жауы» деп тұтқынға алынған болатын.Қуғын-сүргін–мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. Осы қуғын сүргінде Сәкен Сейфулин тұтқынға алынып,жазаланған болатын. - Сәкен Сейфуллин біздің бүгінгі сабағымыздың арқау болмақ Бүгін біз Тұрсынбек Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір » деген шығармасымен танысамыз. -Барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз,және тақтада тұрған,түсініксіз сөздің анықтамасын жазып алындар. Сонымен балалар тақтаға барлығымыз назар аударамыз : - Тұрсынбек Кәкішов – 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы,Бұланды ауданы,Бөрлі ауылында дүниеге келген. әдебиет зерттеушісі,ғылым докторы және профессор.Қазақ Кеңестік Социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.1944-1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрында актер болған. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізген. -Ал енді маған кім тақтаға шығып, автордың өмірбаянын оқып баяндап береді: -Ал балалар қане кітаптағы 99 бетті барлығымыз ашамыз : 1.Мәтінді өзім оқимын.(мазмұн) - Балалар, сендерге мына мәтінен түсініксіз сөздер кездесті ме? Ақталу – қылмысты емес деп есептелу. Елгезек – тіл алғыш Шамалы жер – жақын жер Біртуар – сирек туатын, ерекше адам -Ал енді осы түсініксіз сөздердін анықтамамасын дәптерлеріне көшіріп жазып, алындар. 2.Оқушыларға тізбектеп оқыту.(оқушыларға мәтінді оқыта отырып ,талдау жасату) 3. Әңгіме жүргізу -Сәкен Сейфулинің есімін атауға жұрт неге қорыққан еді? (Өйткені ол тұтқынға алынған болатын) - Басқарма төрағасының үйінде не болып жатыр еді?(шілдехана болып жатты) -Кім айтады шілдехана дегеніміз не? -Онда жиналған ауыл адамдары қандай өлеңді тыңдап отыр еді? -Қосбақан Исламқұлға не деп бұйырды?(басқа әңге бас) -Ауыл адамдар қандай әңді естігілері келді? -Исламқұл «Тау ішінде» әнін орындады ма, қандай керемет сөздер айтылды?қане кім жауап береді?(пәлі,есіл ерім-ай,шіркін,ән болсан,сөз болсаң осындай бол.) -Ол кімнің әні? (С.Сейфулиннің) -Әңгіме неліктен «Мәңгі жасар өмір» деп аталған?(Сәкенің артында өлені қалып ол өленді халық сүйіп тындап, мәңгі жасай береді) -Ол кімге қатысты айтылған сөз? -Ендеше осы әнді барлығымыз тыңдайық: «Тау ішінде » әні орындалады. -Балалар енді осы шығармадағы Сәкен Сейфуллин туралы білімімізді толықтырайық, Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі) бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген . Қазақ әдебиетінің негізін салушы , мемелекеттік қайраткер .1916 жылы ұлт азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін жазған .1918 жылдың 4 маусымында ақтардың көтерілісі болып Ақмола Совдегі тұтқындалған .Атаман Анкеновтвң азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып ,1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады. «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағыы бар. «Бақыт жолында» пьесасын жазған. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып атқару комитеті мүшесі болып сайланады. -Ал енді балалар барлығымыз мына суретке назар аударайық: -Суретте не бейнеленген? -Бұл қай жер? -Суретте кімді көріп тұрсындар? -Суретті қалай атар едің? -«Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен тағы кімдерді білесіңдер? -Оларды атқан адамдарға өз көзқарастарыңды білдір? -Берілген суретпен мәтіннің арасында қандай байланыс бар?(өлең айтқан адамдар, осы әнді шырқауға қорқып тұр, өйткені Сәкенің өленің айтса абақтыға түсер едік деп) |