kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "қар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:21.12.2017

Пән мұғалімі:Сахиева Роза

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сыныбы:3

Сабақтың тақырыбы

     «Қар»Сафуан Шаймерденов

Оқу мақсаттары:

 Автор жайлы  мағлұмат беру.Мәтіннің мазмұнын таныстыру,мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың қар жайында,оның пайда болуы,қардың түсі,түрі  жайлы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру дағдыларын жетілдіру.Сөздік қорын молайту.Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

 

 

Пәндік  нәтиже: 

Сафуан Шаймерденовтың «Қар»мәтінінің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет тылсым күшін, қардың әдемілігін тануына мүмкіндік  туғызу.

Жүйелі  іс –әрекет  нәтижесі:  сөздік  қорларын  молайту  арқылы  сөйлеу  тілдерін,  жазу  мәдениетін  дамыту.

Тұлғалық  нәтиже:  қысқы  табиғатты  тамашалау  арқылы  әр  жыл  мезгілінің  өзгешілігін   өзінше   бағалауғаәсемдікті,  әдемілікті  түсінуге,  қастерлеуге  тәрбиелеу.

 Сілтеме

Әдебиеттік оқу  -3 сынып, «Атамұра» баспасы, бейнежазба қар қалай пайда болады?

Сабақта қолданылытын материалдар:

Оқулық, стикерлер, А-4 формат, кесте,жетондар, флипчарт,АКТ

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану,қазақ тілі, музыка, бейнелеу

Сабақта қолданылатын әдістер:

Топтық,жұптық,жеке жұмыс, АКТ пайдалану, СТО технологиялары,жигсо

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

 (3 минут)

 

а)Психологиялық ахуал                                                                                                           

Үй тапсырмасын тексеру

(7 минут)

 Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл  шұнақ» өлеңін жатқа айту.(4-оқушыдан жатқа мәнерлеп айтқызу)

Үй тапсырмасын бекіту:Тест

        1.Қазір жылдың қай мезгілі?

         А.жаз                ә.қыс          б.күз

2.«Қызыл шұнақ» өлеңнің авторы кім?

А.С.Сейфуллин     ә.С.Шаймерденов     б.М.Әуезов

3.Сәкен Сейфуллин кім?

А.Ақын.жазушы    ә.суретші     б. мүсінші

4.Сәкен Сейфуллин қашан,қай жерде туылған?

А. 15 қазан 1894,Шет ауданы, Қарағанды облысы        ә.1897ж,  Семей облысы,  Абай ауданы        б.1893 ж, Павлодар облысы Баянауыл ауданы

5.«Қызыл шұнақ аяз»  деп қандай аязды айтады екен ?

А.боранды дауыл           Ә. бет қаратпайтын аяз, үскірік         б.қыстың жұмсақ лебі

    Жұмбақ

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады?(қар)

-Балалар ненің бейнесі шықты? Қар.
 Қар –снег- snow

(Автор туралы түсінік беру)

Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды.1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді.1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.

Жаңа сабақ             

 (6 минут)

Жаңа сабаққа кіріспе

Қар қалай пайда болады? Бейнеролик

Түрткі сұрақ

-Қар қалай пайда болады?

-Қардың пішіні бірдей ме?

-Қар көрмеген елдер бар ма?

-Қар туралы қандай қызық мағлұмат алдық?

Оқулықпен жұмыс. Қар мәтінін оқу.ЖИГСО әдісі

Топтық жұмыс:Мәтінді топарға  бөліп беру, оқу,басқа топқа барып түсіндіру

    

Бекіту                      

(8 минут)

 Топтық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

1-топ. Сәйкестендеру

Жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?         Баяу қалқып келіп,құсша қонады

                                                                                Жұмырланған қатты қиыршық болып қонады

                                                                                     Қарлы құйын қуалай жауған қар

2-топ.Лездеме

-Қар жауған соң  айнала қалай өзгерген?

-Денені түршіктірер зәрі бар деген сөзді қалай түсінеміз?

3-топ.Қар ұлпалары,қар жапалақтары тіркестерін тап

-Қар жауып тұрған кезді суреттеген тұсты тауып оқы.

4-топ.Қардың пайдасы мен зиянын ата Венн диаграммасы

Сергіту сәті     (2 минут)

 

Тұжырым жасау    (5 минут)

-Сонымен «Қар» мәтініндегі негізгі ой не?

-Қардың түрлері қандай?

-Қарға байланысты халық болжамын  білеміз бе?

-Қар туралы қызық ақпараттар білеміз бе?

Бағалау:

(4 минут)

Топтарды бағалау.Бармақпен бағалау

 Үйге тапсырма:(3 минут)

Үйге:Қар мәтінін оқу,мазмұндау,тест құрастырып келу.

   Кері байланыс          

 (2 минут)

Бағалау. Көліктерге  ұшақ,поезд,автобусқа билет алу                                                                

            Оқушылар сабақтан алған білімдерін көлік жылдамдығымен салыстыра отырып таңдайды,яғни кім ұшаққа көп билет алса ол оқушы бүгінгі сабақта жақсы меңгерген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "қар"»

Сабақтың тақырыбы: Сафуан Шаймерденов Қар

Сабақтың мақсаты: Табиғат құбылыстары жөнінде түсінік бере отырып,қар жөнінде жан-жақты мағлұмат беріп,білімдерін арттыру.

Сабақтың міндеттері: мәнерлеп оқуға;өз ойларын ортаға салуға;шығарма жазуға; берілген тақырыпта мақал айтуға; дыбыстық талдау жасауға машықтандыру;

Ресурстар: АКТ, маркерлер,бетшелер,күлегештер, шырша,ойыншықтар,

Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі, музыка , бейнелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту

Сабақта қолданылатын модульдер: ОмОжт, СТО, ОүБжОБ, АКТ, ЖЕСОжО

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасын құру

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты

Бір –бірімізге шашайық.

  1. Топқа бөліну (шырша ойыншықтары бойынша-сары,көк,қызыл)

  2. Бағалау түрлеріне тоқталу

  3. Үй тапсырмасын тексеру

С.Сейфуллин Қызыл шұнақ өлеңін жатқа сұрау

Жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешу

  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қолдан соғар балалар

Тауып көрші,сен оны.

  1. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

  1. Терезеге қонады,

Әсем ою салады.

ІІ. Тұсаукесер

  1. Қызығушылық ояту «Қар туралы қызық мәліметтер» видеоролик

  2. Ассоциация

Ақ мамық

Үлпілдек ҚАР тез ериді

Жеңіл пішіні әр түрлі

ІІІ. Негізгі бөлім

23 желтоқсан

Сафуан Шаймерденов

Қар

Қар –снег- snow

  1. Галереяға саяхат (автор туралы түсінік беру)

Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде , Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды.1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді.1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған .23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.

  1. Мәтінді аудиожазбадан тыңдау

  2. Іштей оқу

  3. Бөлімдер бойынша әр топтан 1 оқушыға оқыту

  4. Бөлімдер бойынша сұрақ-жауап

1-топ

Тұрар қайда келді?

Терезеден не көрінді?

Не жауып тұр?

Қар жапалақтары неге ұқсайды?

2-топ

Айнала қалай өзгерді?

Қарауытып не көрінеді?

Шарбақ қадалары қандай?

Тұрар қандай әсерде болды?

3-топ

Тұрар не істеді?

Қар жапалақтары қандай?

Тұрардың есіне не түсті?

Ол қайда шықты?

  1. Әр топтан 1 оқушы бөлімді мазмұндау.

  2. Сергіту сәті

  3. «Кім шапшаң?» ойыны

1-топ- Қар сөзіне дыбыстық талдау жасау

2-топ- Қар сөзін қатыстырып сөйлем құрау

3-топ- Қар неге жатады?

  1. Топтық тапсырмалар

1-топ – Мәтін мазмұны бойынша сурет салу

2-топ – Қыс тақырыбына шығарма жазу

3-топ – Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

ІҮ. Қорытынды

Не білдік? Не үйрендік?

Үй жұмысы: Қар (мазмұны)

Кері байланыс (шыршаға ойыншықтар ілу)

Бағалау

Қар. Сафуан Шаймерденов

Сабақтың тақырыбы: Қар. Сафуан  Шаймерденов.

Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. Автор жайлы  мағлұмат беру.Мәтіннің мазмұнын таныстыру,мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың қар жайында,оның пайда болуы,қардың түсі,түрі  жайлы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық. Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру дағдыларын жетілдіру.Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, қыстың суреті, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:

Сабақтың әдіс — тәсілдері: ой-қозғау,түсіндіру, сұрақ — жауап, бес жолды өлең,топтық жұмыс,әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Ақ көңілді жүрекпен

Ақ  ниетті тілекпен

Амандасып алайық

Қонақтарға ізетпен.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. С.Сейфуллин «Қызыл  шұнақ» өлеңін жатқа айту.

(4-оқушыдан жатқа мәнерлеп айтқызу)

  1. Үй тапсырмасын бекіту:

«Тосын сый» арқылы бекіту.

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айларын ата.

  2. «Қызыл шұнақ» өлеңнің авторы кім?

  3. Сәкен Сейфуллин кім?

  4. Сәкен Сейфуллин қашан ,қай жерде туылған?

  5. «Қызыл шұнақ аяз»  деп қандай аязды айтады екен ?

(Қызыл шұнақ — бет қаратпайтын аяз, үскірік).

  1.     Қыста ғана болады.

  2. Ұстасаң қолың тоңады?(қар)

Балалар ненің бейнесі шықты? Қар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
-Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз Сафуан Шаймерденовтың «Қар »  мәтіні.

 -Қане ,балалар!Енді  бүгінгі жаңа мәтініміздің авторымен танысайык.

Автор жайлы мәлімет беру.

 Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде , Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды.1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді.1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі”орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған .23 ақпанда  2007 жылы қайтыс болған.

 Ой қозғау.(оқушылардың ойларын тыңдау)

-балалар, біз қар туралы не білеміз?

Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
— Қар қандай екен?

-Сонда, қар туралы не біледі екенбіз? (балалардың жауабын тыңдау)
— Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
— Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
Мұғалімнің түсіндіруі:

Қар-түсі ақ,дыбыссыз,салмағы тым жеңіл, дене түршіктірерлік суық болады,жылудың әсерінен суға айналады.Қардың көлбемей,тік , баяу жаууы желдің болмауына байланысты, ал қардың жапалақтап, қиыршық болып ери жаууы даладағы ауа райының сууы мен жылуына , желдің болу-болмауына байланысты.

Демек күздегі жауын, жаздағы жаңбыр және қыс мезгіліндегі қар –бұлар жауын-шашынға жатады.

 «Қар туралы не білеміз?» Видео –сюжетке назар аударамыз.

Мәтінмен жұмыс

1.Аудиозаписьтан мәтінді тыңдау.

 2.Мәтінді талдау.

1.Жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?

2.Қар жауған соң айнала қалай өзгерді?

3.Жазушының «денені түршіліктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесің?

3.Сөздік жұмыс

«денені түршіктірер зәрі бар- денені түршіктірер  суық, аяз, ызғар.»

                          Ұлпа қар— түйіршіктері үлбіреген, жеңіл  үлпек қар.

 4.Оқушыларға азат жол бойынша дауыстап  оқыту.

5.Мәтінді 3-топқа бөліп беру,4-ші топ мәтінді толық  оқу.Оқушылар іштей  оқып, әр топ өзіне берілген мәтіннің бөлігі бойынша түсінік айту.

 Видио-сюжеттің жалғасын қосу

Сергіту сәті:    Слайдтан «аққала»

 Дәптермен  жұмыс

Әңгімеден қар ұлпалары, қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөйлемді тауып, дәптеріне жазу.

 Сабақты бекіту кезеңі:

Топтық тапсырма.

1-топ.  Қыс тақырыбында мәтін жазу.

2-топ. «Қар» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

3-топ. Тұрар байқаған қысқы табиғат құбылысының суретін салу.

4-топ. «Қыс» жайлы өлең айту.Мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы.

 Қорытынды.

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі. Бізге аяз ата өз сыйлығын беріп жіберіпті.Сыйлықты алу үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек.

  1. Бүгінгі танысқан мәтініміз не жайында?

  2. «Қар» мәтінінің авторы кім?

  3. Сафуан Шаймерденов кім?

Үйге тапсырма: «Қар» мәтінін оқу, мазмұндау.

Қыс мезгілін бейнелеу.

Бүгінгі сабақ жайлы өз ойларыңды стикерге жазып тақтаға іліңдер.

 
САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВ
1922 жылы 15 - сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (Қазіргі Жамбыл ауданы), Амангелді ауылында дүниеге келген. Аудандық комсомол хатшысы,
1942 - 1945 жж. «Ленин туы» газетінде тілші, әдеби қызметкер,1950 ж. Каз МУ - дің филология факультетін үздік бітірді.1955 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары,1958 - 1960 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы,
«Мезгіл», «Қарғаш», «Өмір нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн тал» шығармалары шетел тілдеріне аударылған.«Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Ару ана - дүние» пьесалары бар.
Үнді жазушысы Р. Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдарын,Л. Толстойдың «Альберт» хикаятын, беларус драматургі А. Макаеноктың «Трибуналын», француз композиторы Эрве мен драматург А. Мильяждың «Түлкі бикеш» комедиясын аударған.





Қар неден жасалады?

Сабақтың тақырыбы: «Қар неден жасалған?»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қардың қалай, неден пайда болатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Оның құрамы қандай, қардың қандай түрлері бар екенін және қар туралы қызықты мәліметтер айту.
Міндеттері:
1. оқушылардың қар туралы білетіндерін айтқыза отырып қысқаша сауалнама жасу. Қар деген не екенін, түрін, қасиетін, құрамын білу
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: төрт мезгілдің, қардың суреті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын ретке келтірту.
2. Қызығушылығын ояту
- Суреттен нені көрдіңдер?
- Бұл суреттен қандай айырмашылықтар байқадыңдар?
- Әр мезгілдің қандай ерекшелігі бар? Қай мезгіл ұнайды?
- Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі не?
- Қар қайдан пайда болады? Неден жасалған?
3. Жаңа сабақ
Сауалнама жүргізу
- Балалар, бүгінгі сабағымызда қар неден жасалғаны туралы оқитын боламыз. Ол үшін алдымен сендерден қар туралы бір неше сұрақтар сұраймын. Сендердің жауаптарыңды мен тақтада жазып тұрамын.
- Қар деген не?
- Қар не үшін керек?
- Қар құрамы қандай деп ойлайсың?
- Қардың қандай түрлерін білесің?
- Қардың түс, исі, дәмі қандай?
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
Қар туралы мәлімет
Оқушыларға қар туралы мәліметті 3 рет оқу.
Сонымен қар дегеніміз — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын - шашын. Су буының сублимациясы нәтижесінде өте шағын (0, 1 — 0, 2 мм) кристалдар үлкейіп қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір - бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 - 10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С - тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қазақстан аймағында қар қазан - қараша айларынан бастап түседі.
- Балалар қар дегеніміз не екен?
- Су буларының аспанда әр түрлі пішіндегі мұз (кристалдары болып қатып бір - бірімен бірігіп жер бетіне жауады.)
- Ауа температура қандай болғанда жауды?
- (0 - ден төмен болғанда.)

- Балалар, бұл сурет қардың әр түрлі пішіні
Жаңылтпаштар оқу.
Жаңылтпашты оқушыларға айтқызу.
а) Бұл қар – Сұр қар.
Сұр қар – Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар

ә) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.

- Балалар, бұл жаңылтпашта қардың қандай түрлері бар?
Ендеше, қардың мына түрлерін есімізге сақтап алайық.
Ақ қар. Жаңа жауған тап - таза қар.
Ақша қар. Жаңа жауған ұлпа қар.
Ала қанат қар. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың қар.
Жапалақ қар. Түйіршіктері ірі - ірі қар.
Көбік қар. Жаңа жауған құрғақ, үлпілдек жұмсақ қар.
Күпсек қар. Қалың жауған ұлпа қар.
Үлпілдек қар. Өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.
Күртік қар. Нығыздалған, соқталанған қар; қар үйіндісі.
Омбы қар. Белуарға дейін қалың түскен күртік қар.
Қасат қар. Ұзақ жатқан, қатып қалған қалың қар.
Қиыршық қар. Жентектелген түйіршік қар.
Қырбақ қар. Жұқа жауған қар.
Қырбық қар. Ұшқындап жауған жұқа қар.
Сонар қар. Алғаш жауған қар.
Ұлпа қар. Жаңа жауған жұмсақ қар.
Мамық қар. Жұмсақ үлбіреген қар.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.


Қар туралы қызықты мәлімет
Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір - біріне ұқсас қарды таппаған.
•Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді (0, 9 км/сағ).
•Қар түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.
• Тарихта өзге де түсті қар жауған кездер болған.
Мәселен, 1969 жылы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған.
• Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары түсті қарлар кездеседі.
• Қарды суға салғанда біртүрлі қызық дыбыс шығарады. Ғалымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су мекендеушілері суға түскен қардан қашатын көрінеді.
• Қыстыгүні қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды да, жерге қыздырынуға мүмкіндік бермейді.
• Әлемдегі ең алып қар 1987 жылы 28 қаңтар күні АҚШ – тан табылды. Оның диаметрі 38 см - ге жеткен.
• Қардың сықырын – 2 градус температурада аяқпен басу арқылы естуге болады.
• Жер планетасының жартысына жуық елдері қарды өмірлерінде көрмеген.
Қар ұшқынын жасау
Алдын ала дайындалып әкелінген үлгі бойынша қар ұшқындарын жасату
Қар туралы өлең, тақпақтар айту

Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
4. Сабақты қорытындылау
- Балалар, біз бүгін сабақта не туралы оқыдық? Не білдік?

1. Қар дегеніміз – өте көп әдемі қар түйіршіктерінен тұрады. Олар жоғарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Жаңа жауған қар таза, мамық, жұмсақ, жылтырайды. Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады.
2. Қар – табиғаттың әсем жаратылысы, қар түйіршіктерінің мыңдаған формаларын бар.
3. Даладағы жер ақ көрпе жамылғандай. Қар аяздан өсімдіктерді қорғайды жердің жылуын сақтап өсімдіктерді үсуден сақтайды.
5. Оқушыларды бағалау
Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Жұлдызша беру.

















Сабақтың  тақырыбы:  Қар.  Бауыржан  Жақып

Сабақтың  мақсаты:  өлеңді  оқу  кезіндегі  балалардың  сенімдерін  қоса  талдауға  мүмкіндік  беру.  Өлең  мазмұны  арқылы  таныс,  таныс  емес  сөздерді  талдау.

Күтілетін  нәтижелер:

Пәндік  нәтиже:  Бауыржан  Жақыптың  «Қар»  өлеңінің  мағынасын  түсінуіне,  табиғаттың  керемет  тылсым  күшін,  қардың  әдемілігін  тануына  мүмкіндік  туғызу.

Жүйелі  іс –әрекет  нәтижесі:  сөздік  қорларын  молайту  арқылы  сөйлеу  тілдерін,  жазу  мәдениетін  дамыту.

Тұлғалық  нәтиже:  қысқы  табиғатты  тамашалау  арқылы  әр  жыл  мезгілінің  өзгешілігін  өзінше   бағалауға,  әсемдікті,  әдемілікті  түсінуге,  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:  балалар  қолымен  салынған  қар  түрлерінің  суреттері.   Қыс  келбетін  бейнелейтін  суреттер.  «Қыс  келбеті»  этюдінен  үзінді.  Карта,  глобус.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Амансыз ба, ағай,

Амансыз ба апайлар.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

1,2,3,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

I.  Қызығушылықты  ояту.

-Балалар  өткен сабақта біз жаңа тарау бастадық.

Осы тараудың тақырыбын кім айтып жібереді?

 Қазір мен сендерге жаңа  тарауды  айшықтайтын  «Қыс  келбеті»  этюдінен  үзінді  көрсетемін.

-Қысқы  табиғат туралы не айта аласыңдар? 

Жұмбақ  жасыру.

Аппақ, аппақ ақ мамық,

Жерде жатыр тапталып

Ол не?  /қар/

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

- Қар дегеніміз не?

- «Қар-қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын»

- Жұмбақта қар қандай екен?

- Қардың тағы қандай түрлері бар екен  жаңылтпаштан  анықтаймыз.

Жаңылтпашты  қайтала

                          Бұл  қар – сүр  қар

                          Сүр  қар – кір  қар

                         Үстінде  ойнама,

                          Үстіңді  былғар.

-  Жаңылтпаштан  қардың  қандай  түрлерін  білдің?

-  Тағы  қандай  қардың  түрлерін  білесің?

Қар  түрлерін  топтастыру

II.  Мағынаны  тану.

 -  Енді  осы  қар  туралы  Бауыржан  Жақыптың  өлеңін  оқып,  «топтастыруымыздағы»  қар  түрлері  бар  ма  екен,  жоқ  болса,  тағы  да  қосып  жазалық.Өлеңді  шумақпен  оқушыларға  тізбектетіп  оқытуӘр  шумақты  оқыған  оқушы  қандай  қар  түрі  суреттелгенін  айтады  және  өздері  құрастырған  «топтастыруға»  қосады  немесе  егер  бар  болса,  бояп  қояды   

 Ақша,  үлпек, күрті,үркек,               

Сөздік жұмысы

үлпек- жеңіл ұлпа қар

үркек- кез келген нәрседен шошығыш

мамық қар-жеңіл қар

ақша қар- жаңа жауған таза қар

шаһар- қала

омбы қар- боран  үйіп тастаған  ат бауырлайтын  қар

қасат қар-  тығыздалып қалған қатты қар

күрті қар-  беті қатқан қалың  қар 

-Қар туралы тағы не айтылған?  Тауып оқу

Өлеңнің әр шумағын талдау

-Балалар жылы күндер қар жапалақтап жауса, аязды күндері ұсақ қиыршық болып жауады.

- Қармен  ойналатын  ойын  түрлерін  ата.

  - Қар  барлық  елде  бар  ма?  Сен  сияқты  барлық  елдің  баласы  ойнай  ала  ма  екен? (Африка және Австралия құрлығында орналасқан елдерде, Турция, Үндістан, Оңтүстік Шығыс, Индонезия)

  Картамен,  глобуспен  жұмыс.

    Сергіту  сәті   «Лепим снеговика»

      IV.  Ойтолғау. 

  1.  «Қар»  өлеңіне  байланысты  дәптердегі  берілген  тапсырмаларды  орындау.

2.Қызық  мәлімет.

«Қыстың  көркі  -  қар»  демекші,  жер дүниені  аппақ  мамыққа  орап  жатқан  қардың  да  өзіндік  әсемдіктері  бар,  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері  жетерлік.

Ғалымдар қанша ғасыр бойы қардың құпиясын ашуға ұмтылып келеді. Еріген кезде суға, ал аязды күні мұзға айналатын қардың қалай пайда болатынын біз білеміз. Алайда оның түйіршектерінің  5 мыңнан астам түрі болады екен. Жай көзбен қарағанның өзінде әр қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес .

Уилсон  Бертлей  деген  ғалым  XIX  ғасырда  46  жыл  бойы  «Фотомикрофик»  фотоаппараты  арқылы  қар  түйіршіктерін  түсіріпті,  артынан  «Қар  түйіршіктері»  атты  кітабын  жазған.  Ол  өзі  түсірген  5300  суреттің  бір-біріне ұқсамайтындығы және  қардың  әр  түйіршігі  алты  бұрышты  болып  келетінін  таңғала  айтадыМұндай  алты  бұрыштар  тек  қарда  ғана  емес,  ара  ұяларында  да  кездеседі.  Ал  олар  қалай  пайда  болады,  бұл – әзірге  жұмбағы  көп  мәселе. -   Болашақта  қар  ұлпасын,  болмаса  араның  ұясын  зерттеймін  десеңдер,  бұл  әлі  ешкімге  сырын  ашпаған  ғылым  екен.  Ойланыңдар!

3.  Шығармашылық жұмыс

1-топ.  Қардың суретін салу.

2-топ.  Қар сөзіне 5 жолды өлең жазу.

Қар

Жұлдыз, ұлпа

Жауады,  толтырады, орнатады.

Қар жапалақтап  жауып тұр.

Жауын-шашын.

4. Қарға байланысты халық болжамдары.

-Қыста бұлт желге қарсы көшсе, көп кешікпей қар жауады.

-Қыста торғайлардың қауырсыны үрпиіп көрінсе, кар жауады

-Күн қораланса, қар қалың түседі.

 Қардың пайдасы бар ма?

1-топ. Қардың пайдасын дәлелдеу.

2-топ. Қардың зиянын дәлелдеу

Ү. Қорытынды бөлім.

-Балалар, бүгінгі  сабақтан не үйреніп, не білдіңдер?

-Қардың қандай түрлерін білдік?

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Рефлексия

-Балалар, бүгінгі сабағымызды қандай түспен көрсетер едіңдер?

-Балалар, жалпы ақ түс өте жақсы түс. Ақ түс- әділдіктің, ізгіліктің, мейірімділіктің, тазалықтың белгісі. Ендеше, мен сендерге кіршіксіз ақ өмірлеріңе ақ жол тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық болсын, ашық аспаннан жапалақтап ақ қар ғана жаусын

Топ ережесі

Ұйымшылдық

Сыйластық

Тәртіп сақтау

Жетістікке жету

Тапсырманы сапалы орындау

Уақытқа бағыну

Бірге шешім қабылдау



























Қысқа мерзімді жоспар


Күні:21.12.2017


Пән мұғалімі:Сахиева Роза

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сыныбы:3

Сабақтың тақырыбы

     «Қар»Сафуан Шаймерденов

Оқу мақсаттары:

Автор жайлы  мағлұмат беру.Мәтіннің мазмұнын таныстыру,мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың қар жайында,оның пайда болуы,қардың түсі,түрі  жайлы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру дағдыларын жетілдіру.Сөздік қорын молайту.Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

 

 

Пәндік  нәтиже: 

Сафуан Шаймерденовтың «Қар»мәтінінің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет тылсым күшін, қардың әдемілігін тануына мүмкіндік  туғызу.

Жүйелі  іс –әрекет  нәтижесі:  сөздік  қорларын  молайту  арқылы  сөйлеу  тілдерін,  жазу  мәдениетін  дамыту.

Тұлғалық  нәтиже:  қысқы  табиғатты  тамашалау  арқылы  әр  жыл  мезгілінің  өзгешілігін  өзінше   бағалауғаәсемдікті,  әдемілікті  түсінуге,  қастерлеуге  тәрбиелеу.

 Сілтеме

Әдебиеттік оқу -3 сынып, «Атамұра» баспасы, бейнежазба қар қалай пайда болады?

Сабақта қолданылытын материалдар:

Оқулық, стикерлер, А-4 формат, кесте,жетондар, флипчарт,АКТ

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану,қазақ тілі, музыка , бейнелеу


Сабақта қолданылатын әдістер:

Топтық ,жұптық,жеке жұмыс, АКТ пайдалану, СТО технологиялары,жигсо

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

(3 минут)

 

а)Психологиялық ахуал


Үй тапсырмасын тексеру

(7 минут)

 

 Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл  шұнақ» өлеңін жатқа айту.(4-оқушыдан жатқа мәнерлеп айтқызу)

Үй тапсырмасын бекіту:Тест

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

А.жаз ә.қыс б.күз

2.«Қызыл шұнақ» өлеңнің авторы кім?

А.С.Сейфуллин ә.С.Шаймерденов б.М.Әуезов

3.Сәкен Сейфуллин кім?

А.Ақын.жазушы ә.суретші б. мүсінші

4.Сәкен Сейфуллин қашан ,қай жерде туылған?

А. 15 қазан 1894,Шет ауданы, Қарағанды облысы ә.1897ж, Семей облысы, Абай ауданы б.1893 ж, Павлодар облысы Баянауыл ауданы

5.«Қызыл шұнақ аяз»  деп қандай аязды айтады екен ?

А.боранды дауыл Ә. бет қаратпайтын аяз, үскірік б.қыстың жұмсақ лебі

    Жұмбақ

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады?(қар)

-Балалар ненің бейнесі шықты? Қар.
Қар –снег- snow

(Автор туралы түсінік беру)

Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде , Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды.1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді.1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған .23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.


Жаңа сабақ             

(6 минут)

Жаңа сабаққа кіріспе

Қар қалай пайда болады? Бейнеролик

Түрткі сұрақ

-Қар қалай пайда болады?

-Қардың пішіні бірдей ме?

-Қар көрмеген елдер бар ма?

-Қар туралы қандай қызық мағлұмат алдық?

Оқулықпен жұмыс. Қар мәтінін оқу.ЖИГСО әдісі

Топтық жұмыс:Мәтінді топарға бөліп беру, оқу,басқа топқа барып түсіндіру

    


Бекіту                      

(8 минут)

 Топтық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

1-топ. Сәйкестендеру

Жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген? Баяу қалқып келіп,құсша қонады

Жұмырланған қатты қиыршық болып қонады

Қарлы құйын қуалай жауған қар

2-топ.Лездеме

-Қар жауған соң айнала қалай өзгерген?

-Денені түршіктірер зәрі бар деген сөзді қалай түсінеміз?

3-топ.Қар ұлпалары,қар жапалақтары тіркестерін тап

-Қар жауып тұрған кезді суреттеген тұсты тауып оқы.

4-топ.Қардың пайдасы мен зиянын ата Венн диаграммасы


Сергіту сәті     (2 минут)


Тұжырым жасау    (5 минут)

-Сонымен «Қар» мәтініндегі негізгі ой не?

-Қардың түрлері қандай?

-Қарға байланысты халық болжамын білеміз бе?

-Қар туралы қызық ақпараттар білеміз бе?

Бағалау:

(4 минут)

Топтарды бағалау.Бармақпен бағалау



Үйге тапсырма:(3 минут)

Үйге:Қар мәтінін оқу,мазмұндау,тест құрастырып келу.

   Кері байланыс          

 (2 минут)

Бағалау. Көліктерге ұшақ,поезд,автобусқа билет алу

            Оқушылар сабақтан алған білімдерін көлік жылдамдығымен салыстыра отырып таңдайды,яғни кім ұшаққа көп билет алса ол оқушы бүгінгі сабақта жақсы меңгерген.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық сабақ "қар"

Автор: Сахиева Роза Файзуллаевна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? саба?  "Ар- ?ят ""
    ["seo_title"] => string(20) "ashyk-sabak-ar-u-iat"
    ["file_id"] => string(6) "328220"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463581268"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ашы? саба? "?аріп, абзацтар, шегіністер мен аралы?тар"."
    ["seo_title"] => string(51) "ashyksabakkaripabzatstarshieghinistiermienaralyktar"
    ["file_id"] => string(6) "307182"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458282443"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба?, Биікке секіру. "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-biikkie-siekiru"
    ["file_id"] => string(6) "199959"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428681163"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашы? саба?: "?арлы?аш пен Д?уіт " ертегісі"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyksabakkarlygashpienduitiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "311156"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459163039"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашы? саба?:  "?арлы?аш пен Д?уіт " ертегісі"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakkarlygashpienduitiertieghisi1"
    ["file_id"] => string(6) "311157"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459163046"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства