Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға,адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету Сұрақ - жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Әдептілік әлеміне саяхат"»
Момышева Гүлвира Истургановна
Ақыл ойы дамуында кемістігі бар баладарға арналған арнайы мектеп-интернаты
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі» Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға,адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету Сұрақ - жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
1. Шаттық шеңбері. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! - Балалар, біз қазір неге амандастық деп ойлайсыңдар? - Үлкендермен және барлық адамдармен амандасу керек. - Амандасу ненің белгісі? - Амандасу әдептіліктің белгісі. - Әдептілікке нелер жатады?
ІІ. Негізгі бөлім. - Ендеше, балалар, біз әдептілік әлеміне саяхатқа шығамыз. Менің әдепті балаларды көргім келеді. Бірақ сол әдептілік әлеміне бару үшін көп еңбек етуіміз керек. Қиыншылықтарды жеңу үшін бізге білім, шындық қажет. - Ал көздеріңді жұмып, 3 - 4 дегенде көзімізді ашамыз.(музыка әуені естіледі, тақтадағы гүлдерден із жасалып, балалар сол ізбен жүреді). Мына жерде «Әдептілік әлемі» деп жазылып тұр екен. Бірнеше тапсырмаларды орындасақ, біз «Әдептілік әлемінде» не бар екенін білетін боламыз.
Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Айтқан тілді ұғамыз, Саяхатқа шығамыз. 1 - тапсырма: Жағдаятты шешу. 1. Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз? Балалардың жауабы. 2. Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз?
2 - тапсырма: Көрініс. Дүкенге бір қарт адам келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді. Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Қыз бала одан: - Ана кісі сенің анаң ба? - Жоқ, анам емес. - Жеңген бе? - Жоқ, жеңгем емес. - Әлде әжең бе? - Жоқ, әжем емес. - Танисың ба? - Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады. Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады). Әже не деді балаға? (рақмет). 3 - тапсырма. Сиқырлы сөздер. Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешіріңіз, қайырлы таң,) - Жақсы.
4 - тапсырма. Ойын: «Жалғастыр». Не істеуге болмайды? - Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды. - Құстарды атуға болмайды. - Құстың ұясын бұзуға болмайды. - Сабақтан кешігуге болмайды - Мектепте төбелесуге болмайды. Не істеу керек? - Үлкенді сыйлау керек. - Үлкендерге сәлем беру керек. - Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.
ІІІ. Қорытынды бөлім. 1.Тақпақтар.
Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Киме теріс киімді, Теппе киім - бұйымды. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ - табақты. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр - салақ болмағын. Салма ауызға инені, Үзбе жұлқып түймені. Жасама жат қылықты - Былғама су, құдықты.
«Қауіпсіз» деп ойлама, Отпен оқыс ойнама! Кеспе жолын үлкеннің, Шыдамсыздық - үлкен мін.
Дей отырып, тәрбие сағатын қорытындылап, белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау.