Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Зат есім" 3 сынып »
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауға арналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1)Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Ой қозғау: Біздің еліміз – ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ел болашағы- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде .Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне , гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты..Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Сөз таптары
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Етістік
Алма
+
Барды
+
Жеті
+
Қызыл
+
Тарақ
+
Оқыды
+
Қоңыр
+
Он
+
ІV. Жаңа сабақ.
2.Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шешіп көр».
Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.
Ережені түсіндіру жұмысы.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:Зз әрпі.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
3-жаттығуСөздер тобына тағы үш сөзден қосып жаз.
Адамдар: кім? нағашы,ақын, ...
Өсімдіктер: не? түймедағы, ...
Құстар: не? бүркіт, ...
Аңдар: не? жолбарыс, ...
Көлік: не? трамвай, ...
VI.Сергіту сәті: видео «Қызыл өрік»
VІ.Шығармашылық жұмыс.
Тігіншінің тапсырмасы: Өз бетінше жұмыс. Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
Дәрігер мамандығының тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.