О?улы?пен ж?мыс: Не к?ріп т?рсы?дар, буын?а б?лу, дыбысты? талдау
Суреттермен ж?мыс (о?улы?) Вокзал- б?л темір жол бекеті. Б?л жерде ?рт?рлі ?алал, ауылдардан келген пойыздар то?тайды. Пойыздар сенімді ?атынас ??ралы. Пойыздар вагондардан т?рады. Жолаушылар вагоны ж?не ж?к вагондары бар. Бізді? ауылымызды? жанында да теміржол бар. Одан Астана?а, ?останай облысына баратын пойыздар ж?реді. ?зіміз аудан орталы?ына ж?мысшылар пойызымен барамыз.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Вв дыбысы мен ?рпі" »
Сабақ тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Оқушыларды Вв дыбысымен таныстыру. Сөздерді және мәтіндерді дұрыс оқуға жаттықтыру. Вв дыбысы бар сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Сауатты, әдемі жазуға үйрету.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу : Армысың алтын күн,
Армысың асыл дос
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Сәлембердік біз.
Ә) Оқу құралдарын дайындау. Сабақтағы ұранымыз
Мақсатымыз- Білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Нәтижесі- 5- тік баға алу.
Б) Үй тапсырмасын тексеру:
1- қатар Мен бұл дыбыс туралы не білемін?- берілген әріп бойынша жұмыс.
2- қатар : Қаһар, жиһаз, шаһар сөзін тақтаға жазу.
3- қатар: Мәтінді тізбектей оқыту.
Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу: Мен мінетін ері бар,
Тебінетін жері бар,
Екі аяқты атым бар,
Дүкендерде сатылады.
ВЕ ЛО СИ ПЕД – буынға бөлу.
Оқулықпен жұмыс: Не көріп тұрсыңдар , буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.
в
е
л
о
с
и
п
е
д
Суреттермен жұмыс (оқулық) Вокзал- бұл темір жол бекеті. Бұл жерде әртүрлі қалал, ауылдардан келген пойыздар тоқтайды. Пойыздар сенімді қатынас құралы. Пойыздар вагондардан тұрады. Жолаушылар вагоны және жүк вагондары бар. Біздің ауылымыздың жанында да теміржол бар. Одан Астанаға, Қостанай облысына баратын пойыздар жүреді. Өзіміз аудан орталығына жұмысшылар пойызымен барамыз.