kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Тіл дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырып ?зектілігі: ?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне орай елімізде ж?ріп жат?ан реформалау ?рдісі оны? тек экономикалы? саласын ?ана ?амтып ?оймай, сонымен бірге білім саласында да зор ?згерістер жасауда. О?ушылар?а ?олдау?а, к?мек беруге ?олданып ж?рген ??ралдарды? ?азіргі жа?дайы ?ажет ететіні аны?талып отыр. О?ушыларды? білім сапасын арттыру т?л?алы? ?асиеттерді? дамуымен ты?ыз байланысты. О?ушыларды? мектеп табалдыры?ын атта?аннан кейін жа?а ?мірге бейімделуі оларды? психологиялы? ерекшеліктеріне байланысты болады.

О?ушыларды? жан-жа?ты дамыту б?гінгі к?нні? басты талабы. Елбасы Н.?.Назарбаев: «XXI ?асырда білімін дамыта алма?ан елді? ты?ыры??а тірелері аны?. Біз болаша?ты? жо?ары технологиялы? ж?не ?ылыми ?амтымды ?ндірістері ?шін кадрлар ?орын жаса?тауымыз керек. Осы заман?ы білім беру ж?йесінсіз ?рі алыста барлап ке? ау?ымды ойлай білетін осы заман?ы бас?арушыларсыз біз инновациялы? экономика ??ра алмаймыз» депті. Демек, ?о?ам с?ранысы - ?р баланы логикалы? ойы, ?иялы, ?исынды ойлауы дамы?ан етіп т?рбиелеу.

Балаларды? д?рыс ойлай білуін ?алыптастыруды? бір ??ралы-логикалы? тапсырмалар. Логикалы? тапсырмаларды орындау кезінде о?ушылар на?ты ?рекеттер ар?ылы ?мірде болатын жа?дайлармен танысады, т?жірибие жина?тайды, ?мірге дайындалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар т?рбиесі, о?уы ж?не дамуы жайлы теория мен т?жірибие.

Мектеп балаларды алты жастан бастап о?ыту?а к?шіп отыр?ан ?азіргі кезе?де бастауыш мектеп м??алімдеріні? алдына аса жауапты міндет - алты жаста?ыларды о?ыту мен т?рбиелеу міндеті ?ойылып отыр. М??алім -балаларды? дене, а?ыл-ой ж?не рухани ?абілетін ма?сатты да ж?йелі т?рде дамытып отыру?а бірден-бір жауапты адам.

Алты мен жеті жас аралы?ында?ы кезе? айналада?ы ортаны тану?а ??мартушылы?ымен, еліктегіштігімен, ерекше эмоциялы?ымен, ?лкендермен ??рбыларыны? ?рекеттеріне аса сезімталдылы?ымен ерекшеленеді.

Б?л кезе?де алты жасар баланы? психикасы ойын немесе о?у жа?дайында дамуына байланысты сапалы? ?згерістерге ?шырап, ?р т?рлі «кедергілерден» ?теді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Тіл дамыту" »

32



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ










«АЛТЫ ЖАСАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбы бойынша курс жұмысы





Ибатулданова Мөлдір Санатбековна

Курс IV

Мамандық: 0314002

«Бастауыш жалпы білім беру»

Біліктілік: 0314022

«Бастауыш мектепте информатика мұғалімі»

Ғылыми жетекші:

Ахметқалиева Ғалия Мубараковна

Оқу түрі: күндізгі




















Өскемен, 2010 жыл

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1.ТҰЛҒАНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................7

1.1. Алты жастағылар мектепке бару қарсаңында...................................................7

1.2. Қарым-қатынастың психологиялық негіздері.................................................12

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәні, қасиеттерінің сипаттамасы...............................................................................................................15

1.4.Мектепалды даярлық пен 1 сынып арасындағы байланыс.............................17

2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ...............................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…................40

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................………………………………………………...…43



















КІРІСПЕ

Алты жастан оқыту-баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады.


Тақырып өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау үрдісі оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге білім саласында да зор өзгерістер жасауда. Оқушыларға қолдауға, көмек беруге қолданып жүрген құралдардың қазіргі жағдайы қажет ететіні анықталып отыр. Оқушылардың білім сапасын арттыру тұлғалық қасиеттердің дамуымен тығыз байланысты. Оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жаңа өмірге бейімделуі олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Оқушылардың жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алыста барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» депті. Демек, қоғам сұранысы - әр баланы логикалық ойы, қиялы, қисынды ойлауы дамыған етіп тәрбиелеу.

Балалардың дұрыс ойлай білуін қалыптастырудың бір құралы-логикалық тапсырмалар. Логикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар нақты әрекеттер арқылы өмірде болатын жағдайлармен танысады, тәжірибие жинақтайды, өмірге дайындалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибие.

Мектеп балаларды алты жастан бастап оқытуға көшіп отырған қазіргі кезеңде бастауыш мектеп мұғалімдерінің алдына аса жауапты міндет - алты жастағыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Мұғалім -балалардың дене, ақыл-ой және рухани қабілетін мақсатты да жүйелі түрде дамытып отыруға бірден-бір жауапты адам.

Алты мен жеті жас аралығындағы кезең айналадағы ортаны тануға құмартушылығымен, еліктегіштігімен, ерекше эмоциялығымен, үлкендермен құрбыларының әрекеттеріне аса сезімталдылығымен ерекшеленеді.

Бұл кезеңде алты жасар баланың психикасы ойын немесе оқу жағдайында дамуына байланысты сапалық өзгерістерге ұшырап, әр түрлі «кедергілерден» өтеді.

Әр баланың жеке басын тәрбиелеу мен дамытудың маңызын айқындауға ерекше көңіл бөлінген, баланың жеке басы ерекшеліктері мен өсіп-жетілу қарқынын ескеру қажеттілігі, әр түрлі сабақтар мен қарекеттерде бала қабілетін қалыптастыра отырып. Баланы жоғары мәдениетке, асқақ сезімдерге (интеллектуалдық, эстетикалық, адамгершілік) баули отырып, біреудің қайғысына ортақтаса білуге, жауапкершілікті сезіне білуге, тағы сондай қасиеттерге тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген. Тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып жүйесін құрудың тәрбиелеу позициясы балаға ықпал жасаудың бүкіл жүйесін құрудың қайнар көзі болуы тиіс.

Жалпыға мәлім, Адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрі құндылықтарды меңгертеді.

Қарым-қатынас адамдардың бүкіл психикалық өмір сүру іс-әрекетін түсіндіреді.

Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибиені игеру, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызы факторы.

Б.Г.Анальев өзінің еңбектерінде қарым-қатынасты адамның психикасының пайда болуының және дамуының маңызды категориясы ретінде көрсетті. «Қарым-қатынас» - қаншалықты индивудуалды құбылыс болса, соншалықты әлеуметік құбылыс болып табылады. Бастауыш сыныпқа келген бала қоршаған ортамен психологиялық жаңа қарым-қатынас жүйесіне түседі. Баланың күрделі кезеңнен өтуіне психологиялық көмек көрсету түрлерін тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Сондықтанда зерттеу жұмысының тақырыбы:«Алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері», -деп алынады.

Зерттеу мақсаты: Алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттау, анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушысы «Алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері».

Зерттеу нысаны: 6 жасар баланың оқу және тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: психология пәні.

Зерттеу болжамы: (егер алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктер оқу және тәрбие үрдісі кезінде)

    • 6 жасар баланың психологиялық ерекшеліктері анықталса,

    • Оқушылаардың тәрбие үрдісіндегі мінез- құлқы сипатталса,

    • Мақсатты түрде оқу мен тәрбиені жетілдірсе, онда 6 жасар баланың психологиялық ерекшеліктері одан әрі дами түседі.

Зерттеу міндеттері:

- тұлғаның психологиялық ерекшеліктері жайлы теориялық тұрғылар;

- 6 жасар балларды жан- жақты сипаттау;

- тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы;

- мінез-құлық нормаларын тұжырымдау;

- алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін, эксперименталды зерттеу;

- алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зертеу әдістері мен процедурасы;

-алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу нәтижесі;

Зерттеу әдістері:

- Алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әдебиеттерге теориялық талдау;

- Байқау әдістері;

- Психодиагностикалық әдістер;

А.И.Савенковтың «Кішкентай зерттеуші» жинақ әдістемесі.

С.Е.Гавринаның дәптермен жүйелі жатыққанда баланың еске сақтауы, қабылдауы, логикалық ойлау дамуына байланысты әдістемесі.

Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Улан ауданы, Алғабас ауылыдағы «Какен Аханов атындағы орта мектеп» ММ - сі.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


















1. ТҰЛҒАНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Алты жастағылар мектепке бару қарсаңында

Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі төңірегінділерден үйрену қасиетін баланың тез қабылдайтығындығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат құбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді.

Қазіргі алты жас баланың ақыл-ой даму ерекшеліктеріне объективті тұрғыдан талдау жасау үщін дүние көрінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымен бірге 6 жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердің әсері күшті қандай дейтін нәрселерге бағдар жасалуы тиіс.

Алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері 6 жасар балалардың оқудағы жетістігі – мектепке дейінгі психологиялық тұрғыдағы дайындық дейгейіне байланысты болып келеді.

6жасар баланың дамуында қоршаған байланысындағы үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар:медициналық, психологиялық, педагогикалық, интеллектуалдық, физиологиялық және әлеуметтік аспектілер.

Медициналық аспекті:

Бойы - 115-119см, салмағы- 22-23кг, көкірек клеткасының аумағы – 58-59см.

Психикалық іс - әрекеттің ырықсыз қалыптарынан ырықты қалыптарына өте бастайды.

Тірек-қимыл аппараты нығайып, саусақтың ұсақ бұлшық еттері дами бастайды.

Физиологиялық аспекті:

Бұл жаста ағза белсенді түрде дами отырып, дене бітімі өзгеріп, әр сайын шамамен салмағы - 200 гр, бойы - 0,5см – дейін өсе бастайды.

Қозғалыс сферасы қажетті деңгейде дамып, бала әртүрлі жылдамдықпен жүре, бірқалыпты адымдай, жүріп келіп секіре, ритмикалық, пластикалық әр түрлі қимыл - қозғалыстарын жасай алады.

Психологиялық аспекті:

Қабылдауы - аналитикалық сипатқа ие болып, білуге деген құштарлығы оянады.

Зейіні – тұрақсыз, ырықсыз болады. Яғни, жиі алаңдайды.

Есте сақтаудың механикалық түрі еске қосылады.

Ойлаудың көрнекі - бейнелі түрі жетекші болады.

Сөйлеу тілі - сипаттау ыңғайында болады.

Қарым-қатынаста ашық, бірлескен ойындарды ойнағанды ұнатып, эмоциялық көңіл - күйі тұрақтана бастайды.

Әлеуметтік аспекті:

Жетекші іс -әрекеті өзгереді.

Топ мүшелерінің арасында белсенді болуға тырысады.

Әлеуметтік ортасы мен жанұядағы орны өзгере бастайды.

Педагогикалық аспекті:

Білім мен бағаға деген бағыттылығы арта бастайды.

Өз әрекетін жағымды етіп көрсетуге талпына бастайды.

Оқу әрекетіне белсенділік пен қызығушылық танытып, жаңа білімді, білікті, игеруге тырысады.

Интеллектуалдық аспекті:

Бала тек ғана табиғаттың жеке бөліктері жайында ғана мәліметтерді біліп қана қоймай, сонымен қатар, ол нәрселердің бір - бірімен қарым-қатынасын, не үшін қажет екенін, пайдасы мен зиянын, маңызын біле бастайды.

Қоршаған ортаны тану деңгейі, өлі және тірі табиғат, мамандықтар, әлеуметтік ортада өзін ұстау деңгейі жайында түсінігі қалыптаса бастайды.

6 жасар балалардың дамуындағы таным үрдістерінің ерекшеліктері:

Баланың дамуындағы таным үрдістері (ақыл-ойы, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, қиял) жас ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.

Ақыл-ойының дамуының ерекшеліктері:

Ақыл-ойы мен қимыл-қозғалысының біріккен әрекетінің пайда болып, өзінің күшін ақыл-ойын сынай алу мүмкіндігі туады.

Әр түрлі жағдайларды көзіне елестете отырып, ойша тапсырмаларды шешуге бейімделеді және талдаудағы сөздік қоры жинақталады.

Қабылдау:

Балаларда қоршаған ортадағы құбылыстарды сырттай бақылай отырып, өзінше шешімдер қабылдай бастайды.

Қабылдау - ерекше таным үрдісіне айналады.

Сенсорлық эталондары дамиды. Яғни заттардың пішімін, көлемін, түрін, түсін ажырата алу қабілеті пайда болады.

Зейін:

Бала өзінің зейінін болашақтағы іс-әрекетке бағыттайды отырып ұйымдастыра алу мүмкіншілігіне ие болады.

Зейіннің тұрақтылығы мен көлемі едәуір кеңейеді.

Зейіннің шоғырланып, тұрақтана бастайды.

Есте сақтау:

Еріксіз есте сақтаудан ерікті есте сақтауға өте бастайды.

Өздігінен есінде қалатын ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, көркем фильмдердегі кейіпкерлерді, олардың диалогтарын есінде сақтап қалады. Яғни рольдік - сюжеттік құбылыс есінде жақсы сақталады.

Сөздік – логикалық есте сақтау элементтінің құрылымы қалыптасып, нақты тапсырмаларды, міндеттерді, іс-әрекеттерді орындауға бейімделе бастайды.

Ойлау:

Ойлау әрекеті бастапқы кезеңде іс-әрекеттен көрнекі бейнеге, соңғы кезеңде сөздік ойлау әрекетіне ауысады.

Шыдамдылықпен күш - жігердің, дербестіктің алғы шарттары қалыптаса бастайды.

Баллада «неге?», « не үшін?» сұрақтары көбейіп, қызығушылығы мен таным белсенділігі артады.

Қиял:

Ойын әрекетінде елестету арқылы қиялдары дамиды.

Қиял арқылы шығармашылық қабілеттері дами бастайды.

Қиялдау барысында ішкі және сыртқы эмоциялық сферасы дами бастайды.

Сөйлеу:

Баллада сөйлеудің дыбыстық жақтары дамып, өздерінің дауыс ырғақтарына көңіл бөле бастайды.

Сөздік қоры көбейіп, сөздерден сөйлемдер құрауды үйренеді.

Сөйлеу әрекеті - тыңдай білуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, талдау ерекшеліктеріне ауысады.

Жағдаяттан нақты жағдайға ауысады.

Сөйлеу – таным үрдістерін көрсетудегі негізгі құралы болады.

Алты жасқа қарай баланың сөздік қоры көбейетіні соншалық, ол күнделікті тұрмысқа қатысты және өзін қызықтырған нәрселер жайында екінші адаммен оп – оңай түсінесе алады. 6 жасар бала 3000 - нан 7000 - ға дейін сөз қолдана береді.

Эмоциялық ортасы:

Эмоцияның тұрақсыздығы байқалғанымен, бұл кезеңде бала бойында қатты аффективті сезімдер мен себепсіз туатын келеңсіз жағдайлар болмайды.

Бала эмоцияның әлеуметтік нормаларын меңгере бастайды.

Іс-әрекеттегі сезімдердің ролі өзгеріп эмоциялық таңданудың алғы шарттары қалыптасады.

6 жасар балаларда оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ұстаздар мен ата-аналарға арналған жадынама:

  • Кейбір бала бала-бақшада болмай, мектепке психологиялық тұрғыда дайынсыз келуіне байланысты көбінде әлеуметтік ортаға толығымен бейімделе қоймай сыныптастарымен қарым-қатынас жасау барысында көптеген түсініспеушіліктерге кездесіп отырады. Осыған байланысты оқу үрдісінде мұғалім көбіне сюжеттік рольдік ойындарды пайдаланғаны абзал, сонда ғана баланың сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсарады және бір-бірін жақсы тани бастайды.

  • Мұғалім сабақ беру барысында ойын әрекетінен оқу әрекетіне үлкен шеберлікпен және шығармашылықпен көше білуі қажет.

  • Оқу және ойын әрекетінде баланың таным белсенділігінің жоғарғы екендігін ескеріп, әрбір бала тарапынан қойылатын сұрақтарға мүмкіндігінше жауап беріп, бойынша дамуын қамтамасыз ету қажет.

  • Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру және оның белсенділігін түрлі әдістер арқылы көтермелеп, бағалап отыру оқушы үшін өте маңызды.

  • Бала әр түрлі заттар және материалдармен әрекет етуге мүмкіндік жасап, жаңаны білсем деген ішкі тілегіне байланысты мотивін қалыптастыру керек.

  • Егер балаға еш нәрсені түсіндірмей тыйым салса немесе жазаласа, баланың белсенділігі және өзбетімен жұмыс жасауы тоқтап қалады.

  • Үлкендердің көмегінсіз баланың дамуы мүмкін емес, яғни баланың жетекші іс-әрекеті ойын екеніні ескере отырып, таным белсенділігін арттыруда ойын әрекетінен және балаға түсініксіз нәрселерді түсіндіруден қашпау керек.

  • Баланың ынтасына, тілегені қалай болса, солай қарамай, осы тілектің негізінде білуге деген құмарлық сияқты маңызды сапаларын бағалап, таным белсенділігін арттыра білу қажет.

  • Баланың әрбір бос уақытын сергіту жаттығуларына пайдалана біліңіз.

  • Егер тыйым салатындай болса, онда неліктен тыйым салып жатқаныңыз туралы түсіндіріп, анықтап беруге көмектескеніңіз жөн.

Сонымен, қорыта келгенде ұрпағының келешегін ойлайтын ата-аналар балаға әрдайым психологиялық көмек көрсете отырып ұстаздармен бірлесе жұмыс жасаса, оқу-тәрбие үрдісі оң нәтижесін берері сөзсіз.



1.2. Қарым-қатынастың психологиялық негіздері

Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерртеушілердің көңілін аударып отыр. Қарым-қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерін өту және өзгерту механизмдері психолингвистердің (А.А.Льонтьев, 1979), әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф.Прошнев, 1966), балалар және жасерекшелік (В.С.Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский, 1976 – 1981). [30, б.22]

Алты жасар балалардың психикалық белсенділігіне мұғалімнің қарым-қатынас жасау стилінің әсерін эксперименттік зерттеу әр түрлі стильде жұмыс істейтін мұғалімдер сабақтарындағы шудың интенсивтілік дәрежесін шамалауға мүмкіндік берді.

Әр түрлі стильде өтетін сабақтың жекеленген сәттеріндегі интенсивтілігінің орташа мәнін қарастырып көрейік.



Сабақ сәттері


Стильдер


Жұмыс сәті


  1. Жаппай сұрау

  2. Бір бала жауап бергенде

  3. Материалды түсіндіру

  4. Топ бала жауап бергенде

  5. Тақтаға және дәптерге жазу

  6. Дәптерге әркім өз бетімен жазу

  7. Хор жұмысы

Жұмыстан тыс сәт



  1. Сабақтың баталуы

  2. Дәптерлерді аудару

  3. Бейнормал мінез - құлық

  4. Сабақтың аяқталуы


демократиялық


өктем


өктемдікке қарсы


52,0 дб


51,4 дб


48,6 дб


49,7 дб


49,9 дб


48,7 дб


53,8 дб




55,4 дб


51,5 дб


55,4 дб


52,6 дб



63,5 дб


60,3 дб


63,8 дб


63,4 дб


61,8 дб


58,6 дб


69,2 дб




67 дб


72,7 дб


69,0 дб


68,3 дб


67,1 дб


61,7 дб


69,7 дб


71,5 дб


72,2 дб


66,1 дб


80,2 дб




70,7 дб


74,0 дб


77,8 дб


67,0 дб


Балалардың бірлескен ойындары мен оқулары жалпыға бірдей тиімді және қанағат сезімін туғызатын қарым-қатынасқа деген қажеттілікті жүзеге асыра білуі; нақты және эмоциялық көмек көрсете білуі; жеке адаммен, ұжыммен достық қарым-қатынаста өмір сүре білуі; жанашырлық көрсете білуі, яғни қайғы мен қуанышқа ортақтаса білу сияқты әлеуметтік мәні бар сапалардың дамуына қажетті жағдай жасайды.

Бағдарламаның негізгі талаптарымен тұжырымдалатын оқу қарекетіне тікелей байланысты міндеттерден басқа оқу пәндерінің қай-қайсы да баланың жеке басы дамуының шарты ретінде көрінеді. Әрбір сабақта баланың дене, психика және әлеуметтік дамуы жүзеге асырылуы мүмкін. Сол себептен, нақ осының өзі әр сабақтың өзегі болуы тиіс.

Баланың жеке басының дамуында оның бойында жауапкершілікпен жанашырлық сезімдерінің қалыптасуы айрықша орын алуы тиіс. Бұл сезімдер өркен кезде адамдыққа жеткізетін игі қасиеттерге айналады: «керек» деген мотив нормаға сай мінез-құлықты қалыптастыратын ар-ұят, міндеттілік және бақа әлеуметтік сапарларды туғызады; жанашырлық мотиві басқалар үшін баланың жүрек кілтін ашады, - басқа адамға жанашырлық көрсете отырып, оның қуанышына ортақса отырып, ол шын мәнінде есімі үлкен әріппен жазылатын адамға айналады.

Баламен қарым-қатынас жасауда бірден-бір қолайлы стиль- демократиялық стильді қолдану арқылы баланың нәтижелі қалыптастыруға болады. Бұл ретте сенім қарым-қатынасын орнату, жанашырлық көрсету, қолғабыс ету бала бойында жеке әлеуметтік белсенділік жағдай жасамақ.

Б.Ф. Ломоновтың пікірінше, қазіргі кезде қарым-қатынас және психика іштей байланыста: қарым-қатынас барысында субъектінің екінші субъектіге «ішкі әлемін» көрсету жүзеге асады.

Қарым-қатынастың тұлғалық формаларын зерттей келе М.И. Бобнева мынадай пікірге келеді: «Тұлғаның ішікі әлемі әртүрлі қарым-қатынас түрлеріне байланысты қалыптасады» және адамның ішкі әлемі тұлғалық қарым-қатынастың интериоализацияланған формасы.

Тұлға қоғамдық қатынастардың жүйесінде қалыптасады. Қарым-қатынас қоғамдық қатынастардың жүзеге асыру тәсілі ретінде көрінеді.

Қарым-қатынас үнемі іс-әрекетпен тығыз байланысты және іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыра аламыз. Біз кеңестік психолог А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясын қолдандық. Адамдар өмірінде қарым-қатынас көптеген функциялар атқарады. Біз олардың үш түрін бөліп көрсеттік:

    • Бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

    • Тұлғааралық қатынасты қалыптастыруды дамыту;

    • Адамдардың бірін-бірі тануы.

Қарым-қатынас категориясының мәнділігі адамның және тұлғаның қоғамдық мәнділігін ашуға көмектеседі.

Сонымен, біз қарым-қатынастың не екендігін қарастырдық. Енді қарастырылғандарға қысқаша қорытынды берейік. Біз қарым-қатынасты екі адамның немесе одан да көп адамдарыдың өзара әрекетесуі мен келісушілікке бағытты алған қатынасты орнықтыру мақсатындаға күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі ретінде анықтадық.





1.3. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәні, қасиеттерінің сипаттамасы

Кіші сынып кезеңі (6-7) бала өмірінде маңызыды сыртқы жағдай болып анықталады – мектепке бару. Қазіргі кезде балаларды 6-7 жастан қабылдайды, мектеп баланың бастауыш сыныпта оқуға дайындығын әртүрлі әңгімелесу формалары арқылы мойына алады. Отбасы баланы қандай мектепке бару жайлы шешім қабылдайды:

- мемлекеттік,

- жеке меншік.

Мектепке келген бала автоматы түрде адамдар қатынасты жүйесінде жаңа орынға ие болады: оның алдында оқу іс-әрекетімен байланысты міндеттер пайда болады. Жақын үлкендер, мұғалімдер, бөтен адамдар баламен тек уникалды адам ретінде емес онымен бірге өзіне оқуға деген міндетті алған адам ретінде қарайды. Мектепке дейінгі кезеңде баланың тұлғалық дамуының мәнділігі ретінде «маған керек» деген мотив «мен істеуім керек» деген мотивке ауысады.

Кіші мектеп кезеңі балаға адам іс-әрекетінің жаңа аймағында табысқа жетуге итермелейді.

Мектепке келген кез келген баланың психикалық қысымы жоғарлайды. Бұл тек ғана физикалық денсаулықта емес сонымен бірге баланың мінез-құлқында да байқалады. Мектепке бала өмір жағдайының стандартталуы жүзеге асады. Соның салдарыннан көптеген ауытқушылықтар байқалады:

  • Жоғары қозғыштық,

  • Гипердинамия;

  • тежелудің айқындылығы.

В.С.Мухинаның пікірінше, баланың дамуында сөйлеу және эмоционалдық қарым-қатынастың маңызы зор. Мектеп балаға тілдік қарым-қатынасты дамытуға байланысты жаңа талаптар қояды:

- сабақ кезінде жауап беруде сөйлеу сауатты, қысқа, ойын нақты айқын, сөйлем құрылым қалыптасқан мәдени күтулерге сәйкес болуы керек,

- кіші мектеп кезінде ата-аналардың эмоционалды көмегінсіз және жағдайларға байланысты балаға жауап беруді үйретусіз бала мұғалімдері мен құрбыларының алдында өзінің сөзі үшін жауап беруі керек.

- балада сөйлеу мәнері сауатты болу қажет.

- тіл байлығы мол (сөздік қоры және сөйлемді сауатты етіп құра білуі) болу керек.

Сонымен балалық шақта физикалық денсаулық маңызды мәнге ие, өйткені, физикалық белсенділік психикалық және әлеуметтік белсенділіктің дамуының табыстылығын анықтайды. Физикалық белсенділігінен айырылған ересек адам өмірлік қиыншылықтарға қарсы келуде психикалық және әлеуметтік белсенділікке ие болуы мүмкін. Ал бала басында физикалық сау болуы керек, өйткені , баланың физикалқы белсенділігі оның ақыл-ойлық және тұлғалық қатынастағы дамуын анықтайды. Кіші мектеп жасындағы баланың әлеуметтік белседілігі бірнеше талаптарға тәуелді, ең алдымен қарым-қатынас стиліне байланысты болып келеді.
















1.4. Мектепалды даярлық пен 1 сынып арасындағы байланыс

Ақыл-ойының дайындығы.

Баланың танып білуге деген құштарлығы.

6 жастан бастап оқыту мәселелері.

Балаларды зерттеу тестерінің жүйесін өңдеу.

Баланың мектепке оқуға дайындығын қалыптастыру дегеніміз баланың оқу бағдармасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына ену үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзақта күрделі процесс. Баланың мектепке психологиялық дайындауының мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту. Балаларды мектепке дайындаған кезде екі негізгі міндеттер қарастырылады:

- Арнаулы дайындық - мектепке баратын бала ана тілі, математика, бейнелеу өнері т.б мектепте оқитын пәндерді игеру қабілетіне арнаулы дайындау. Жалпы оқу пәндерін үйренеген кезде арнайы білімнің, іскерліктің бар, жоғын анықтау.

- Жалпы дайындық, - баланың денесінің, ақыл-ойының, адамгершілік эстетикалық тәрбиесінің дұрыс берілуі, психикасының дайындығы жатады. Денесінің дайындығына денсаулығы, бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы, қимыл-қозғалысынң жақсы дамуы, қолдарының, саусақтарының, бұлшықеттерінің дамып, жазуға дайындығы жатады немесе жақсы дамыған бала мектептегі жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды жақсы жеңеді.

Баланы мектепке психикасы жағынан дайындау 6-7 жасқа келгенде емес, сәби кезінде басталуы керек. Бұл педагогтар мен психологтардың ерекше көңіл бөлетін мәселесі.

Мектепке дейінгі кезеңнің аяғына таман балалар қоршаған орта адам өмір арқылы табиғат туралы белгілі бір білім алады. 6 жасар бала үлкендерден көргенін қайталап, өз беттерімен жасай алатын орындап, өзінен кішілерге қамқорлық жасай алатын болады. Өзін-өзі бақылап, достарын өздерімен салыстырып, ұжым болып еңбек етіп, көпшіліктің мүддесін орындау ерте қалыптасады. Баланың ойнайтын ойынының, оқу әрекетінің мазмұны күрделенеді. Баланың психологиялық дамып жетілуі мектепке оқуға дайындығын байқатады. Мектепке баратын бала:

- біріншіден заттармен өздігімен әрекет ете алатындай болуы керек. Күнделікті өмірдегі өзіне жақын әрекетті меңгеріп қоймай, қоғамның өзгерісің, табиғат ерекшеліктерін де түсінуі керек.

- екіншіден баланың ойлауы мен сөйлеуі белгілі бір дәрежеде дамып грамматикалық, фонетикалық жағынан дұрыс құрастырылып, өзінің құрбыларымен, үлкен адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасай алатындай да болуы керек.

- үшіншіден бала мектепке дайын болуы үшін ерік күшінің де өз мағынасында дамуының маңызы зор. Бала өздігінен тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен тиянақты орындауының да мәні зор. Бұл арқылы бала төзімділікке, қиындыққа төзе білуге үйренеді. Мектептегі оқу әрекеті ырықты түрде еске сақтауды, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдыкты талап етеді.

- төртіншіден мектеп білім алуға ерекше құмарлықпен оқу әрекетін меңгеруге дайын болып келуі керек. Баланың мектепке жақсы оқып, үлгілі болуы бала бақша мен отбасындағы тәрбиесінің белгісіне байланысты.

Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығы мынадай негізгі 3 көрсеткіш арқылы дайындалады.

  • 6 жасқа келген бала арнайы білім қоры жиналып, білім көлемі 1 сынып балалары оқитын материалдардың көлеміне жеткізілуі керек.

  • Баланың сөздік қоры молайып, дағдылары қалыптасуы керек.

  • Мектеп оқушылырына тән мінез-құлық ерекшеліктерін меңгеріп, өзін- өзі басқара алау керек.

1 сыныпқа барған күннен бастап баланың өмірінде жаңа кезең басталады. Біртіндеп жаңа ортаға үйреніп, айналасындарға назар аударады. Мектептегі оқу процесі баланың жеке басының дамуына, психикасының, темперамент, мінез, қабілет сияқты қасиеттерінің қалыптасуына ерекше әсер етеді. Мектепке баруға дайындалып жүрген баланың ес процесі, ойлау, қиялы, тілі дамып, білім алуға деген құмарлығы арта түседі. Мектепке баланың психологиялық дайындығы ісінің қажетті шарты отбасында да, балабақшада да бірізділікпен жүзеге асырылуы керек.

Мысалы: өзіне-өзі қызмет көрсету, қарапайым еңбек түріне баулу, табиғат бұрышын күту, құстар мен гүлдерді қарау баланың эстетикалық талғамын арттырады. Мектепке оқуға баратын бала барлық әрекетті өз бетімен орындау керектігін түсінеді. Бала тек отбасы мен мектеп алдындағы борышын түсініп қана қоймай,өзінің қоғам алдындағы борышын түсіне бастайды. Зейіні дамып білімге деген ынтасы артады.

6 жасқа келгенде балаларда осындай ерешеліктердің байқалуы баланың мектепке дайындығының негізі белгісі деп есептеледі. Мектепке алғаш баратын балаға мынадай талаптар қойылады:

- Бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп, білім, ұстаз дұрыс ұғымы болуы керек.

- Тапсырманы дұрыс орындауға байланысты үлкендердің жақсы баға беруі немесе кемшілік жақтарын ескертіп қатаң талап қою, дұрыс бағыт беру өз мағынасында болу керек.

- Әрбір бала өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін түсініп, өзін өзгелермен салыстырып, өз жұмысын бағалай алатындай болу керек.

- Оқу әрекетінің кейбір дағдыларын меңгеру, жазу дағдыларын өздігімен орындау, әріп емлесін жазу, санауға үйрету, сөзді, буынды байланыстыра сөйлеу, 4-5 мың сөздік қоры болуы керек.

Балалармен мектепке дайындық жұмысын жүргізген кезінде мұғаліммен мектеп туралы, ондағы берілетін оқу - тәрбие жұмысы туралы тек қана жүзінде айтып қоймай балалардың мектептегі оқу орнына экскурсияға апарып, балалардың назарын оқушылардың орындайтын іс-әрекеттеріне көңіл аудартып, оқушылармен өзара қарым-қатынастарына көңіл бөлдіру керек. Балаларды ересек оқушылармен таныстырып, олардың жетістіктері әңгіме етіп, кемшіліктерін ескертіп отыру керек. Оқу озаты қалай оқиды, қалай тынығады, олардың күн режимі қандай, жақсы оқитын оқушының мектептегі орны қандай, осының өзі баланы мектеп туралы дұрыс түсінігін қалыптастырады.

Баланың психикасы дұрыс қалыптасу үшін айналасында құрбы- құрдастарымен үлкен адамдармен қарым-қатынас жасаудың рөлі ерекше. Мектепке келгеннен кейін баланың өзара қарым-қатынасының сипаты өзгереді. Мектеп бағдарламасына сәйкес қоршаған орта жайлы түсінігі кеңейді. Мектеп ережесіне сәйкес үлкендерді тыңдай. Адамгершілік тәрбиесі қалыптасады, еңбек тәрбиесінің түрі өзгереді, ұжымдық ойын, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде балалар бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа көшеді. Бірінің білмегенін бірі үйретеді. Сабақтағы алған бағасы өзара құрбылары арасындағы жетістік-кемшілігі балаларда жауапкершілік, интеллектуалдық сезімді қалыптастырады.

Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына ақыл-ойының дайындығы да жатады. Ол үшін мектепке дайындық тобында балалар өздерінің бағдарламалық көлемінде сурет салу, жапсыру, сауат ашу, математика сабақтарын, табиғатпен танысу, сауат ашу өз мағынасында өтуі керек. Өйткені бұл оқу әрекеті арқылы баланың психикасы дамиды. Осы мақсатпен ертегі, әңгіме оқып беру, жұмбақ, жаңылпаш, тақпақ айытқызу, ойынан әңгіме құрастырту, дидактикалық, құрылыс, сюжетті ойындар ойнату, серуен кезінде табиғатқа бақылау жасату, баланың ақыл - ойын дамытудың негізге жолы. 6жасқа келгенде өзара көмек, жауапкершілік, орта мүдде, бір - біріне көмектесу, қарым-қатынастың нығаюына байланысты баланың ой өрісі кеңейіп, мәселені дербес шеше бастайды, өзара қарым-қатынас кезінде ұжымның мәнін түсініп, ұжымшылдықты сезінеді. Өз досына көмектесу арқылы жауапкершілікке үйренеді. Бала тек бір - бірімен ойнап қана қоймай, бір - бірінің ішкі жан дүниесін түсініп, әр уақытта бір - біріне көмектесуге дайын болады. Қарым-қатынас кезінде мектеп ережесіне сай мінез-құлық нормаларын меңгереді, ақыл - ойы дамып,ерік сапасы қалыптасады. К.Д.Ушинский баланың ақыл - ойының дамуы үшін ең алдымен жан - жақты бақылауға үйрету керек деген. Егерде мұғалім дұрыс бағыт бермес, суреттегі бейнелердің ерекшелігін, заттар мен құбылыстарды терең бақылай алмайды. Олар заттардың кездейсоқ көзге түсетін белгілерін ғана үстірт бақылап қабылдайды. Заттар мен құбылыстар жайлы дұрыс мағлұмат беру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Баланың ақыл-ойының дайындығының бірнеше жағы бар:

1 сыныпқа баратын бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері туралы, өлі және тірі табиғат туралы, адам мен қоғамның байланысы туралы түсінігі болуы керек.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алуы керек. Ғылымның әр саласынан жүйелі түрде танысып жас деңгейіне қарай танып білуге деген құмарлығын арттыру керек. Егерде баланы мектепте алатын білімнің мазмұны қызықтырмаса, сабақта танысатын жаңалықтар көңіл аудартпаса, мектептегі оқушының құқығы мен міндеттерін дұрыс түсінбейді. Барлық таным процессі мектепке дейінгі кезеңде дұрыс дамытылмаса мектепке келген соң бірден пайда болмайды.

Балалардың мектепке дайындығы 2 міндетті қарастырады:

- Балалардың жан –жақты тәрбиесі (дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетика)

- Мектепте оқитын, жүргізілетін пәндерді игеру қабілетіне арнайы дайындық (психикалық даму ерекшеліктері) қажет.

6 жасар балаларды оқыту мен оларды дайындау маңызды психологиялық заңдылықтар мен олардың дамуымен тығыз байланысты. Балалардың жетілген интеллектуалды мүмкіндіктері мен осы жастағы балалардың психологиялық дамудың маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың өте сезімталдылығы (сензитивтік), яғни 1-шіден мінез-құлық ерекшеліктерімен, адамгершілік нормаларын меңгеру, 2-шіден баланың жүйелі оқытудың мақсаты мен тәсілдерін игеруге дайындығы. Балада осы кезде «үйрету», «оқыту» деп аталатын жағдай пайда болады. Бұл кезеңде сезімталдық баланың сауат ашу поцесінде өте анық байқалады. Егер мұғалім осы сәтті жіберіп алса, яғни ол сауат ашуды кешіктірсе, кейін оны меңгерту қиынға соғады. Осыларды қорыта келгенде мақсатқа бағытталған педагогикалық дамудың негізгі факторлары ретінде сипатталады. Ш.Амоношвили мектепке 6 жастан бастап оқытуды қолға ала отырып, ең бастысы мектепке дене жағынан дамыған, денсаулығы қалыпты жағдайда болуы тиіс. Осы жас кезеңінде баланың организмі шапшаң дамиды. Мысалы: баланың салмағы айына орта есеппен 200гр-ға артады, ал бойы 0.5см, сонымен қатар денесінің пропорциясы өзгереді. Қимыл қозғалысы ширақ, өте тез, әрі жеңіл қимыл әрекет орындайды. Сол сияқты нерв жүйесінің жетілуі болашақ оқушының көру органының, даусының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуы, оның жетілу сапасының белгілі бір дәрежеде нәтижеленуіне негіз болады.

Ал шындығында баланың дамуы сөздік қорының молдылығымен өлшенбейді. Қазір балалар қоршаған орта жайлы хабарлар жан-жақты қабылдайды. Сондықтанда 6жасар балаларға көп көңіл бөліп, көмек көрсету қажет.

Мектепалды даярлық пен 1 сынып арасындағы байланысты мектептің ерекшеліктерінен қарастыруға болады:

- балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:

- баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.

- іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

- құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

- қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.

Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын-ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

- оқу, ойын, жатын бөлмелері;

- жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу – сызуға арналған парталар;

- гигиеналық талапқа сай асхана;

- сынып бөлмесінде әр баланың оқу - ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан 1 сыныпқа көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

Көбіне 1 сыныпта мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын.

Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.

Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі - әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі - әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

Көрнекі - әрекеттік ойлау-нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі - бейнелілік ойлау - заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.

Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.

Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс - әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс - әрекет ретінде қарастыру.

Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын анықтау барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алулары керек деген пікірге келдік.


2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Алты жасар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін арнайы оқыту, ерекше бағдарламалар жасау дегеніміз – дағдылы бағдарламаны жай ғана кеңейту немесе оған ересек балаларға арналған тапсырмаларды қосып күрдендірілу емес. Бұл сірә, ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық мүмкіншілігін қалыптастырып, дамытуға бағытталған үлестік бағдарлама жасау қажеттігі болса керек.

Кіші мектеп жасындағы балаларға тұлғалық және тұлғааралық психодиагностиканы жүргізу барысында көптеген мәселелер туындайды, өйткені алты жастағы балаларда тұлғалық сипаттар әлі қалыптаспаған тұрақсыз. Сондықтан, үлкендерге арналған психодиагностикалық тестерді балаларды диагностауда қолдануға болмайды. Балаларға психодиагностика жүргізуде проективті тестердің арнайы балаларға арналған варианттары қолданылады.

Психологтер кіші мектеп жасындағы оқушыларждың тұлғалық және тұлғааралық қатынасына психодиагностика жүргізу үшін сенімді әдістемелердің белгілер жиынтығына ие. Бұл методикалардың көбі алты жасар балаларға қолдануға арналып жасалынған.

Енді, зерттеу жұмысында қолданылатын әдістемелерді қарастырайық.

  • С.Е. Гавринаның «5-6 жасар балаларға арналған еске сақтауға» арналған жаттығулар жинағы.

  • А.И.Савенковтың «Кішкентай зерттеуші» деген жинақ.

  • С.Е.Гавринаның дәптермен жүйелі жатыққанда баланың зейіні, қиялы, қабылдауы, логикалық ойлау дамуына байланысты әдістемесі.

  • Шығармашылық дарындылықты дамыту бағдарламасы.

  • Дж. Моренаның социометриялық әдісі.


5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ САҚТАУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Сіздердің алдарыңызда С.Е. Гавринаның жетекшілігімен орыс тілінде шығарылған есті жаттықтыруға арналған жұмыс дәптердің аудармасы берілген. Бұл жұмыс дәптер балалардың көріп және естіп еске сақтауларын дамытуға бағытталған. Дәптермен жүйелі жаттыққанда баланың еске сақтауы, қабылдауы, логикалық ойлауы дамиды.

Жұмыс дәптердегі жаттығулар жеңілден қиынға бағытталып берілгендіктен ретімен орындау қажет. Келесі жаттығуға бала алдыңғы жаттығуды толық орындаған кезде ғана көшу қажет. Жұмыс дәптермен жаттығуға 10-15 минут беріледі.

1) Суретте не бейнеленген. мұқият киген киімдеріне, қолдарындағы заттарға, айналасына назар сал. анықтап қарап есіңе сақта.

Алдындағы көрген суреттегі бейнені есіңе түсір қоян мен кірпінің киген киімдері қандай еді, қолдарында қандай заттар болған еді. Айналасындағы заттарды есіңе түсір. Не өзгерді?

2) Бүгін қоянның туған күні. Достары қоянға әр түрлі сыйлықтар әкелді. Күшік бантик, тоты құс шар, үйрек гүл, кірпі қорапша, түлкі доп сыйлады. Қоянның туған күніне қай аң қандай сыйлық әкелгенін мұқият қарап ал.

Қонақтарын шығарып салған қоян достары әкелген сыйлықтарын тамашалай бастады. Сыйлықтардың көптігінен қоян достарының әкелген сыйлықтарын шатастырып алды. Балақай сен білесің бе? Қоянның достары, қай аң қандай ойыншық әкелген тауып беруге көмектес.

3) Кешкісін аңдар бір біріне қайырлы түн айып, туған күндегі қызықтарын естеріне түсіріп, бір біріне қуаныш тіледі. Балақай қай аң қандай үйшікте тұратынын мұқият есіңе сақта. Үйшіктердің тұрған орындарына да назар аудар.

Қай аң қай үйшікте тұрғанын, қай жерде орналасқанын есіңе түсір

4) Қоян бірнеше сурет салды. Қол шатыр, оның жанына бұлтты, қаламның жанына дәптерді, күректің жанына шелекті, гүлдің жанына құмыраны, шыршаның жанына саңырауқұлақты үйдің жанына қашауды салды. Қоян салған суреттерді мұқият қара. Суреттерді жұптарымен есіңе сақта.

Достарына салған суреттерін көрсетіп жинаған кезде, олардың жұптарын шатастырып алды. Балақай әлгінде өзің көрген суреттердің жұптары есіңде ме? Қоян суреттерінің жұптарын табуға көметесесің бе? Іске сәт балақай!

6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Қазіргі заман талабы баланың шығармашылық ойлауын дамыту қажет десе, бұл кітапшада баланың шығармашылығын дамытуға бағытталған жаттығулар жиынтығы берілген. Жаттығуларды үлкендермен бірге, бала-бақшада топтық жұмыс ретінде де, үйде жеке жұмыс ретінде де қолдануға болады. Кейбір жаттығулар қиындау болуы мүмкін. Дегенмен баланың шығармашылығын дамыту үшін баланың жан-жақты шешім таба алуы қажет. Алдарыңыздағы жинақ кітапша 6 жастағы балалардың шығармашылығын дамытуға арналған.

Әдістемелік нұсқау

Баланың өз бетімен орындауына үлкен көңіл бөлу керек.

Баланың ынтасына кедері жасамаңыз

Баланың өз бетімен істей алатын нәрселерін ол үшін жасап бермеңіз.

Бағалауға асықпаңыз.

Ойлау процесін басқаруға көмектесіңіз:

Заттардың, оқиғаларлың және құбылыстардың арасындағы байланыстарды бақылап отыру.

Баланың ерекше, өз бетімен шемім қабылдауын дамытуға дағдыландыру

Бұл кітапша А.И.Савенковтың «Кішкентай зерттеуші» деген жинақ кітапшасына негізделе отырып жасалған.

1) Жаңа техникаларды құрастыруда құрастырушылар табиғаттағы құбылыстарға ерекше мән береді.

2) Көз алдыңа елестетші: егер дөңгелек көзілдірік кисең, айналаң дөңгелек болып, тік төртбұрышты көзілдірік кисең, айналаң тік төртбұрыш болып, ал үшбұрышты көзілдірік кисең, айналаң үшбұрышты болып көрінеді. Дәл мына суреттегідей.

Суреттегі үй мен теректі мына сиқырлы көзілдірікті киіп салып көрші.

3) Суреттегі бейнелерге мұқият қарап, олардың қандай күйде тұрғанын анықта.

Мысалы: қуаныш, қорқыныш, ғанибет, өкініш, таң қару, ашу, қызығушылық, көңілі қалу, бақыт, қызықты, жек көру, зәбір көру

4) Формасы жағынан ұқсас геометриялық денелерді заттармен сызық арқылы байланыстыр.

5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЛАУДЫ ЖАТТЫҚТЫРУ

ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Сіздердің алдарыңызда С.Е.Гавринаның жетекшілігімен жасалған баланың ойлауын жаттықтыруға арналған жұмыс дәптердің қазақша құрастырылған үлгісі берілген. Бұл дәптер 5–6 жастағы баланың бейнелі-образды және логикалық ойлауын ойын түрінде дамытуға көмектеседі. Дәптермен жүйелі жаттығу баланың өзінің зейінін меңгеруге, естің көлемін арттыруға көмектеседі, көріп қабылдауын жақсартады.

Баланың біртіндеп жаттығуына байланысты, жаттығулар жеңілден қиынға қарай орналасқан. Әр жаттығуда баланың талабын мадақтап отыру қажет.

Жұмыс дәптермен жеке де, топпен де жұмыс істеуге болады. Жаттығуға 10-15 минут беріледі.


Ерте тұрып

Елең етті

Орман жаққа орғып кетті

Ол қай аң? (қоян)


Күз түсті. Көкөністер мен жидектер пісті. Жас дос! Қоянға алдымен көкөністерді, жемістерді, жидектерді жинастыруға көмектес.


Тамаша бір орманда

Көңілді достар тұрыпты

Күндердің бір күнінде

Жаңбыр жауды селдетіп

Қолшатырмен қол ұстасып

Достар шықты серуенге.

Қане балалар қай аңның қолында дәл қояндікіндей қолшатыр бар



Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Үйшігіне жүгірді

Бірақ үйге жете алмай

Кедергілерге кездесті

Тезірек жетсін десеңіз

Жолын тауып берсеңіз




Суретшілер шебер-ақ

Сурет қанша о ғажап

Бірақ шатастырып бәрінде

Ұшырды қоян зәресін.

Жас дос мұқият қарашы!

Суретші неден шатасты?




Босқа қарап жатпаймын.

Бақша күтіп баптаймын

Балаларға бал шырын

Балдай жеміс сақтаймын-деген бағбан қоянның іс-әрекетін ретімен баяндап әңгіме құрастыр.






Балақай! Мына суертте бірінші қатарда гүлдің, екінші қатарда саңырауқұлақтың, үшінші қатарда доптың суреттеі берілген. Сенің міндетің әр қатардағы ерекше гүлді, сауырауқұлақты, допты табу. Оның ерекшшелігін өз сөзіңмен түсіндір.












ҚАБЫЛДАУ ТҰТАСТЫҚ















ЕС. БЕЙНЕЛЕР






















СӨЗДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ

Мына сұрақтарға жауап бер

  1. Ат және иттің қайсысы үлкен?

  2. Таңертең таңғы асымызды ішіміз, ал бесін кезінде ше?

  3. Күндіз жарық, ал түнде?

  4. Аспан көгілдір, ал шөп

  5. Шие, алмұрт, өрік, алма бұл не?

  6. Неге поезд жарты жолға келгенде шлагбаумды жабады?

  7. Астана, Калгуга, Курск деген не?

  8. Қазір қай уақыт? Қағазға сағат тілдерін: жетіге он бес кетті, 5 минутсыз сегіз, жеті он бес, жетіден бес минут кетті деп көрсетеміз.

  9. Сиырдың төлі- бұзау, ал иттың баласы- қойдың төлі- ?

  10. Ит мысыққа көп ұқсай ма, әлде тауыққа көп ұқсай ма? Олардың несі ортақ?

  11. Неліктен барлық автокөліктерде тежеуіш бар?

  12. Балта мен балғаның қандай ұқсастықтары бар?

  13. Мысық пен тиіннің қандай ұқсастықтары бар?

  14. Шеге мен бұранданың қандай айырмашылықтары бар?

  15. Футбол, биіктіктен секіру, теннис, суға жүзу бұл не?

  16. Қандай көліктердің түрлерін білесің?

  17. Жас адамды қарттан адамнан қалай айырамыз? Қандай айырмашылығы бар?

  18. Адамдар неліктен спортпен айналысады?

  19. Неліктен біреу жұмыстан жалтарса, биморалды (қате, жаман)?

  20. Неліктен хатқа марка жапсырады?


УАҚЫТ












Дж. Моренаның социометриялық әдісі.

Әдістеме мақсаты: - балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған вариант болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады.

«Әрқайсыңа өздерінің туған күніне тбындағы оқушфылардың ішінен қайсы балаларджы шақырар едің? Енді таңдаған үш баланың атын ашық хаттарға жаз».

Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген оқушыларға таратады.

Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек;

  1. жеке басын дамыту үшін тобындағы балаларменн өзара қарым – қатынас жасаудың маңызы қандай?

  2. кейбір жекеленген балалардың топқа ықпалы бар ма?

  3. Ол шынында осы топтың лидері ме?

  4. Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?

  5. Ерекше шағын топтың құрылу себебі не?

  6. Ол қандай қасиеттермен балаларды өз маңайына топтастырады?

  7. Ұжым өмірінде топтастырудың ролі қандай?

  8. Қандай жағдай да ұжым құрамы нақты және арнайы болады?

Балалар ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталанады:

Мұндағы

С – баланың құрбыларымен өзара қарым – қатынасы жүйесіндегі статусы;

К – топтағы достарынана алған баланың ашық хаттар саны;

N – тестіленетін топтағы балалар саны.

Баланың статусы жайлы шешімнің негізі С – көрсеткіші болып табылады.

Нәтиженің бағасы:

10 - ұпай - баланың С - көрсеткіші 100% тең.

8 - 9 ұпай - баланың С - көрсеткіші 80 - 90% дейінгі аралықта;

6 - 7 ұпай - баланың С - көрсеткіші 60 - 79% дейінгі аралықта;

4 - 5 ұпай - баланың С - көрсеткіші 45 - 59% дейінгі аралықта;

2 - 3 ұпай - баланың С - көрсеткіші 20 - 39% дейінгі аралықта;

0 - 1 ұпай - баланың С - көрсеткіші 0 - 19% дейінгі аралықта.

Даму деңгейі жайлы шешім:

10 - ұпай - өте жоғары;

8 - 9 ұпай – жоғары;

4 - 5 ұпай - орташа;

2 - 3 ұпай – төмен;

0 - 1 ұпай - өте төмен.

Сонымен бірге бұл әдістемені қолдану арқылы топтағы ұйымшылдығының деңгейін төмендегі формула бойынша есептеп көрсетуге болады:

Сгр= дұрыс таңдау саны.

Ұйымшыл топ арасындағы қарым - қатынас көрсеткіші 0,6 – 0,7.

Таңдауды көп алғандар осы топ ішіндегі «ұйытқы» - 75%, белсенділер – 25 – 75 %, өзара таңдау алғандар – 25 %, бірде бір таңдау құрбылары жаратпағандар немесе менсінбегендер.

Алты жасар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында «Какен Аханов атындағы орта мектептің» 6 жасар балалары зерттелінді. Зерттеуге 7 оқушысы қатысты.

Дж. Моренаның социометриялық әдісінің нәтижесі бойынша алты жасар оқушылардың қарым - қатынасындағы ұйымдасқандығының көрсеткіші 0,3 - ке тең болды, яғни ол төмен көрсеткішті білдіреді. Олай болатын себебі, алты жасар оқушылары бір - бірімен қарым - қатынасқа дұрыс түсе қойған жоқ. Сыныптағы 7 оқушының 1 оқушы 2-3 ұпайлық көрсеткішпен төмен статусты, 5 оқушы 4-5 ұпайды көрсететін сыныптағы статусы орташа екендігін дәлелдеді, 1 оқушы 9 ұпаймен жоғары статуста екендігін көрсетті, 1 оқушы ұйытқысы-20%, 5 оқушы белсенділер - 60%, 1 оқушы таңдай алмағандар - 20%.

Диаграмма. Социометриялық әдіс бойынша топтағы статус көрсеткіштері

Алты жасар оқушыларының диагностикалық картасы




Рет саны


Рс

Оқушылардың аты-жөні:





Денсаулығы

Таным үрдістері

Өзін-өзі бағалау

Қоршаған ортасы туралы білімі

Зейін

Логикалық ойлау

Есту

Көру

Қабылдау

Тіл даму

Уақыт

Түсті ажырату

Кіші моторикасы

Қиял

1.

Аружан


Ж

Тұрақты


О


Аралас


О


Ж


-


+


О


О


Дәл


Ж

2.

Бақытжан


Ж


-


О




Ж


Ж


-


+


Ж


-


Ж


Ж

3.

Камила


Ж

Тұрақты


О


О


Ж


Ж


Ж


-


+


Ж


Ж


Ж


Ж

4.

Мират


Ж

Шашы-раңқы


О


Аралас


О


Т


-


-


Ж


О


Ж


Ж

5.

Сайран


Ж

-


О


Аралас


О


Ж


-

Сары,

көк,

жасыл


О


О


Ж


Ж

6.

Назерке


Ж

Шашы-раңқы


Т


Аралас


Т


Т


-


-


О


Т


Ж


Ж

7.

Нұржол


Ж

Тұрақты


О


О


Ж


Ж


О


-


-


Ж


О


Ж


Т





















ҚОРЫТЫНДЫ

Ұрпағының келешегін ойлайтын кез келген ата - аналар балаға әрдайым психологиялық көмек көрсете отырып ұстаздармен бірлесе жұмыс жасаса, оқу - тәрбие оң нәтижесін берер сөзсіз.

Жас ұрпақтың қоғамдық қатынастарға сай тәрбиелеу үшін оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы күндерінен - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыру керек. Өзін - өзі құрмет тұту мен басқаларды құрметтеу сезіміне баланың жеке басын тәрбиелеу мектеп өмірінің бастапқы күніннен басталуы тиіс. Балаға кішкентай кезінде ықпал ету, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыру онша қиынға түспейді. Бұл үшін мектептегі оқу бастасаымен - ақ баламен араддағы қарым - қатынасты оның жеке басын құрметтеуге құрған жөн.

Бала басқалар алдындағы өзінің құқықтары мен міндеттері туралы білуі тиіс. Мұғалімнен басқа ешкім де баламен оның құқықтары мен міндеттері жөнінде соншалықты орынды да жүйелі, соншалық байыпты сыр шертісе алмайды.

Бала мектепке келген күннен бастап қоғам үшін қайталанбайтын және маңызды орны бар жеке адам ретінде өзін-өзі құрмет тұту құқығын меңгеруі тиіс. Бұл құқық ат иеленуге құқығы ретінде ұғынылатын, сана-сезімі құрылымын қалыптастыратын; күнделікті өмірде басқалармен арадағы құрметті қарым-қатынасқа ие болуға құқығы беретін; адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір жыныс өкілі ретінде жеке басқа құқық беретін; жеке бастың өткеніне, қазіргісіне, болашағына құқық беретін; борышты сезіну құқығы ретінде тұжырымдалатын басқалар алдындағы парыз сезімін туғызатын компоненттерді қамтиды.

Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеущілердің көңілін аударып отыр. Қарым-қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне өту және өзгеру механизмдерін әлеуметтік психологтар балалар және жасерекшелік (В.С. Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский 1976-1981) деп қарастырды.

Алты жасар оқушылардың қарым-қатынасының тұрақтылығы оқу-тәрбие істерін тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып жүргізген жемісті болмақ. Бастауыш сыныпқа келген бала қоршаған адамдармен психологиялық жаңа қарым-қатынас жүйесіне әкеледі. Баланың осы күрделі кезеңнен өтуіне психологиялық көмек көрсету түрлерін тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.

Қиындықтар:

-кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық- әдістемелік базаның толық дайындалмауы;

-мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.

Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата - аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық - психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша ата - аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепалды даярлық пен 1 сынып арасындағы байланыспен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс - шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие - білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.

Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады

Сонымен, мектепалды даярлық тобының қарым-қатынасын зерттеу барысында алты жасар оқушылардың қары-қатынастарының өздеріне және мұғалімге бағытталғаны анықталады.

Оқушылардың психикалық белсенділігінің олардың өзіндік бағалау және құндылық бағдар үйлесімділігіне байланысы анықталады. Ал, әлеуметтік белсенділіктерін социометриялық әдіс бойынша байқай аламыз.

Сонымен, болжамда көрсетілгендей алты жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері анықталды, олардың тәрбие үрдісіндегі мінез - құлқы сипатталды, қарым-қатынасы психикалық және әлеуметтік белсенділіктеріне байланысты болатындығы дәлелденді.

Қоғамға міндетті болу құқығы көпшілік мүддесін жеке бас қамынан жоғары қоюды көздейді. Тәрбиенің осы принципін сақтағанда ғана басқа адамдардың қамын ойлайтын адамды, патриот және интернационалисті қалыптастыруға болады.

Бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе өте өзекті, сондықтан, осы нәтижемен шектеліп қалмай жалғасын табады деген үміттеміз.





ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Мектеп директоры. №1, 2008 жыл, 5-8бет

2.В.С.Мухина, АЛТЫ ЖАСТАҒЫЛАР МЕКТЕПТЕ. Алматы, 1989 жыл.

3.Г.А.Урунтаева, Ю.А.Афонькина. Практикум по дошкольной психологии. Москва, 1998ж.

4.Т.Н.Доронова, Қ.Б.Арганчаева, Т.И.Гризик,Л.Ф.Климанова.

5.Мектепалды дайындық. Алматы.,2007ж.

6.Ә. Алдамұратов, Жалпы психология. Алматы.,1996 ж, 224 б.

7.Абуева И.А. Әлеуметтік психология, Алматы., 2001 жыл – 58 б.

8.Берн Э. Игры, в которые играют люди / ЭюБерн.М.: Прогресс, 1988.399 с.

9.Вопросы экспериментальной психологии и ее истории. – М.: Издово МГПИ, 1975ж. – 353 с.

10.Захарова А.В. Структурно – динамическая модель самооценки / А.В.Захарова // Вопр. Психологии. – 1989 . - №1. – С. 5-15.

11.Исследование общения и индивидуальных различий. – Алма – Ата, 1976.89 с.

12.Кәрібаева Г. Кәсібі іс - әрекеттегі сыртқы және ішкі мотивацияны зерттеу ерекшеліктері / Г.Кәрібаева // Ұлағат. – 2003ж. - №1. – 25- 30 бет

13.Кенжан А. Болашақ мұғалімдердің оқушылармен сөйлесе білу ерекшеліктерін дамыту / А. Кенжан // Ұлт тағылымы. – 2002. - №4.36-37б.

14.Мухина В.С. Возрастная психология, Москва ., 2000 – 45 с.

15.Романова Е.С. Графические методы в психологической диагностике / Романова Е.С., О.В.Потемкина. – М.: Просвещение, 1991. – 237 с.

16.Рысбаев А. Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері / А.Рысбаева // Білім – 2001. - №2.5-7 бет.

17.Сәбет Баба – Баба. Жалпы психология, Алматы., 2003 – 205 бет.

18.Начальная школа, № 1, 2008

19.Дошкольное воспитание, № 3, 2007

20.М. Жұмабаев, «Педагогика» -1992 ж.

21.Тұрғынбаева Б.Э. «Дамыта оқыту» -Алматы 1999 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? саба? "Тіл дамыту"

Автор: Раисова Ельвира Мамбетовна

Дата: 01.12.2014

Номер свидетельства: 137937

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ: "Еңбек – ер атандырады.Көктем""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_ien_biek_ier_atandyrady_koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "462616"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1521508048"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Ша?ын біріктірілген мектептерде ?дебиет саба?ынан ашы? саба?ты? ?лгісі. "
    ["seo_title"] => string(83) "shag-yn-biriktirilghien-miektieptierdie-diebiiet-sabag-ynan-ashyk-sabak-tyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "138355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530971"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ашы? саба?: Ал?аш?ы ?о?ырау"
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakalgashkykonyrau"
    ["file_id"] => string(6) "277780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452965356"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашық сабақ: Бір уыс мақта"
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk_sabak_bir_uys_mak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "381540"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484892497"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства