Тәрбиеші:БізүшінЖеңіскүніненасқанқымбатмерекежоқ. Әрбіркөктембіздіойшасонауұмытылмас, әрікөптенкүткен 1945 жылдың 9 мамырынақайтаоралтады.
Дәлосынаужадыраңқыжайкүні,
Болсадағықайғасырды, қайкүні.
ҰлыОтанымбасыниіпбір минут,
Есінеалмақсолбірапатқайғына.
( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусымкүнітаңшапағыжаңағанаарайлапкележатқанкездефашистік Германия елімізгеопасыздықпенбасыпкірді. ҰлыОтансоғысыосылайбасталды. Отанымыздыңбасынаауыркүндертуды.
3- ші бала:Ойлап-ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәріқұлағын:
- Дұрыс, – дестісұрағың. –
Бейбіткүнніңбәрі де
Жеңіскүні, шырағым!
Тәрбиеші: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
4 – ші бала:Сонаужылыжер-көкті,
Соғысбұлтыторлаған.
Сонда Мәншүкапамыз
Жауданелдіқорғаған.
Тәрбиеші:Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.
5 –ші бала: Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.
Тәрбиеші:Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.
Зымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаны
Бөбегім сен де ұмытпа.
- Ал, сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?!
Хормен: Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.
Тәрбиеші:Рақмет.
Ән:«Әрқашан күн сөнбесін!»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ