Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Г,г дыбысы мен ?ріпі"»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Г г дыбысы мен әрпін меңгерту. Сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2.Дамытушылық.Оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды тапқыр алғыр болуға, жылдам ойлауға, ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ертегі сабақ
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, Венн диаграммасы, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Парта саған төсек емес жатуға, Түзу ұста, тік отыр сен партада. Бойды түзе, көтер басты жоғары, Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.
Психологиялық дайындық
Ойнап күліп аламыз,
Оқып білім аламыз.
Әріптермен танысып,
Сауаттанып шығамыз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Кім шапшаң?» ойыны
-Өткенде қай дыбыспен таныстық? (Ү дыбысы мен әрпі.) Қандай дыбыс? (Жіңішке дауысты дыбыс.) Ережені еске түсіру. Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).
«Кім кінәлі» өлеңін тізбектеп оқытамын.
Жаңа сабақты өтуге дайындық.
«Ой қозғау»
Аналарды сыйлайтын, Аралар бал жинайтын. Бұл немене, балалар, Үзуге адам қимайтын. (Гүл)
Жаңа сабақты өту. Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? (Г г дыбысы.) Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту) (Г-г-г) Айтылуына қарай қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Баспа ,жазба түрімен таныстыру. Баспа түрімен қайда жазылады? Жазба түрімен қайда жазылады?
Оқулықпен жұмыс.
«Мағынаны тану»
1.Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.
2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.Бақытгүл– 3буын, 3 дауысты,
5 дауыссыз дыбыс бар.Берілген буындарды сәйкестендіріп сөз құрау.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Берілген сөздерді оқу.
-Мына суретте ненің бейнесі бейнеленген? (Көгершін) Ол туралы не білеміз? (Көгершін - бейбітшілік құсы.. Көгершін – достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы,әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті , татулықты білдіретін құс.)
Өлеңді мәнерлеп оқу. өлеңі Н. Баймұхамедов. әні А. Жұбанов. Ақ көгершін, көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан. Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан.
Хормен оқу
Бұл өлеңнің сазы бар екенін атап өту
«Бауырсақ» ертегісінің желісімен сабақты әрі қарай жалғастыру.
Қоянның тапсырмасы- Дәптермен жұмыс (дәптердегі Г әрпін жазу)
1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету. 2. Тақтада жазу. 3. Ауада жазу. 4. Дәптерге түсіру.
Аюдың тапсырмасы- «Бойы сергектің ойы сергек»
Сергіту сәті
Гүл өсірем үйде Су құямын күнде. Гүл күткенді біледі Бойын сылап күледі. Күнде гүлін ашады, Жұпарын маған шашады.
«Ой толғаныс»
Қасқырдың тапсырмасы- «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады.
Жаңа сабақты бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын тауып, сөздерді айту.
Қорытынды «Венн диаграммасы» арқылы сабақты қорыту.
Үйге тапсырма. Ақ көгершін өлеңін жаттау.
Бағалау. Ақ көгершін әнімен сабақты аяқтау. Оқушыларды мадақтау.
Киров орта мектебі
«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»
ӘБ жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
.............. Кавкей Ж. ................ Кошанова А.М. ................. Солтанов С.Ж.
Тақырыбы:
(ана тілінен ашық сабақ)
3 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Кавкей Ж.
2012-2013 оқу жылы
Мақсаты:
1. Білімділік. Ы.Алтынсарин өмірі,еңбектері туралы білім көкжиектерін кеңейту, әңгімедегі негізгі ойды ашу, оқушылардың мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын, өз беттерімен жұмыс жасау қабілеттерін, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин портреті, сөзжұмбақ, А. Құнанбаев қара сөздері, тақырыпқа сай мазмұнды сурет, «Авторлық орындық» ойыны, слайдтар, бұлақ суреті, мақалдар, бақылау картасы, «Адасқан әріптер» ойыны.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ т, орыс т, дүниетану, бейнелеу, музыка, өзін-өзі тану
Сабақ барысы:
Психологиялық икем
Бір аллаға сыйынып,
Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ана тілім мақтанышым, елдігім,
Ана тілім күш-қуатым ерлігім.
Қиянатқа ешқашанда төзбейтін,
Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім-дегендей қазір бізде ана тілі сабағы. Сурет-суретшілердің тілі, ән-әнші музыканттардың тілі, сөз-ақын-жазушылардың тілі. Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жері, елі жайлы сыр шерте алады.
Үй тапсырмасын тексеру:
Біз көңіл-күйіміздің көтеріңкі болғанын қалаймыз. Көңілімізді ешқашан кірбің шалмаса екен дейміз. Қазір біз «Күннің көзін бұлттан арылту» ойынын ойнаймыз.Үй тапсырмасына байланысты сұраққа жауап бере отырып, күнімізге көмек бере аламыз.(үйге Ы.Алтынсариннің «Баланың айлас» әңгімесі берілген)
Жаңа сабақ:
Қазір мына сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабаққа көшсек.
Шөлге шыдамды жануар?(түйе)
Ең аяулы адам?(ана)
Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе жарқ етеді. (найзағай)
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте (шырша)
Ұлттық аспап? (домбыра)
Тал басында түндіксіз отау? (ұя)
Ешкінің төлі? (лақ)
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай)
Үй құсы? (қаз)
Міне балалар біз бүгін Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.
-Ы. Алтынсарин кім?
-Ақын,жазушы
-Қостанай облысында дүниеге келген.
-1841-1889ж
-Тұңғыш мектеп ашқан.
-Ұлаңатты ұстаз
-Ағартушы, ғалым
-«Қазақ хрестоматиясын» жазған.
Әңгімеге көшпес бұрын таза бұлақ сөзінің мағынасын ашып алайық. Таза-пәк, кіршіксіз деген мағына береді. Ал бұлақ-жер бетіне түскен жауын-шашын суы топыраққа сіңеді. Одан құм, қиыршық. Тас жыныстарынан өтіп тереңдей береді. Сазға немесе су өтпейтін тау жынысына келгенде су іркіледі. Жиналған су енді еңіс жаққа жылжиды. Содан кейін өзен жағасынан сай табанынан бұлақ түрінде ағып шығады.Оны халық «Қайнар, бастау» деп атаған. Қазақта «Бұлақ көрсең көзін аш» деген мақал да бар.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Мәтін мазмұнына сай салынған сурет арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Сөздік жұмысы:
Тастақ-тасы көп жер
Қайнап жатқан-бұлақтың бастау көзі
Ғибрат-үлгі
Сусаған-шөлдеген
Мәтінді тізбектеп оқыту
Үш топтан үш оқушыға рөлдеп оқыту.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
А. Құнанбаевтың 18-ші қара сөзін тыңдату.
Түсінік беру: Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқасымен оздым деу ақымақтық. А.Құнанбаев бұл арада ғылым сөзін бар білімнің неше алуан өнер жиынтығы ретінде алып отыр. Осы ғылымды меңгерумен қатар адам арлы мінезді болғанда ғана аяулы жанға айналмақ. Ас пен дүние, байлық жақсылықтың, ардақтылықтың өлшемі бола алмайды. Адам баласы өзінің арлы мінезімен, білімділігімен, еңбекқорлығымен ғана ерекшелене алады дегенді меңзеп тұр.
Топпен жұмыс:
Бақылау картасымен жұмыс, «Адасқан әріптер» ойыны
Дәптермен жұмыс:Эссе жазу
І-топ «Еңбек түбі-береке»
ІІ-топ «Жақсылық-жанып тұрған шырақ»
ІІІ-топ «Тазалық-денсаулық кепілі»
Сөздіктер әлеміне саяхат
«Авторлық орындық» ойыны
Әр сөздің баламасын табу
Жер аудару
Ділдә
Шалғын
Сөз мұрасы
Күйіну
Сылти басу
Нәуетек
Алаша
Репрессия
Мәміле
Қазіргі өмірмен байланыс:
Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы бар.
Ы. Алтынсарин атында медаль бар.
Қорытынды:
-Ы. Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті қандай?
-Ы. Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесің?
-Ата Заңның 38-бабында не делінген?
Үйге тапсырма: Сөздіктерді пайдаланып, ертегі құрастыру.