kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашу-дұшпан, ақыл- дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты балаларға ашуланған кезде қалай таныштану керек екенін үйретеді. Жағдаяттар шешуді.Нақыл сөздердің мағынасын ашады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашу-дұшпан, ақыл- дос»

Бекітемін: Пән оқытушысы: Р.Х.Мутенова

Мектебі:


№11 С.Сейфуллин атындағы ДБАМОҚМИК

Пән мұғалімі:

Р.Х.Мутенова

Практикант: Өтепбергенова Бақытжамал Өтепбергенқызы


Сыныбы: 4б


Күні: 20.11.18ж

Пәннің аты:

Өзін-өзі тану

Кабинет: 317

Қатысқан оқушылар саны: 29

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ашу-дұшпан, ақыл- дос

Сабақтың оқу мақсаттары:

4.1.6.1 Балалардың «ұстамдылық» ,«сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

  • «Ұстамдылық» ,«сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді.Тақырыпты меңгереді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • «Ұстамдылық» ,«сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейіп ,тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп,ойын жеткізіп, айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • «Ұстамдылық» ,«сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейіп ,тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп,ойын жеткізіп, сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қосып, айтып бере алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, кері байланыс.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу,дүниетану.

Ресурстар

Ғаламтор, интербелсенді тақта, слайд, кітап, дәптер, суреттер


Көрнекіліктер

Кітап,дәптер, cлайд , суреттер,постер ,ақ бет, тынышқық сәті,нақыл сөздер



Ұйымдастыру бөлімі:

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Сабақтың барысы: (7мин)

-амандасу, -түгендеу, -оқу құралдарының дайындығын тексеру

Психологиялық ахуал

-Сәлеметсіздер ме!

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?



Тыныштық сәті: Көзіңізді жұмып, терең дем алып, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыңыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сезді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сезді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырдыңыз да, мықтап ұстап, жолға шықтыңыздар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезініңіз, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жақсылып қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қарап және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



-амандасады, -кезекшілік қызметтерін атқару, -оқу құралдарын дайындау;

-Сәлеметсіз бе!

-Жақсы








Кітап,дәптер,қалам, сергіту сәттері







Слайд,тыншқық сәті, интерактивті тақта










Сабақтың ортасы

Білу

Үй тапсырмасы

(5 мин)



Жаңа сабақ

20 мин



Қорытынды

8 мин

Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?Өткен сабақта не жайында сөз болды?

Балалар әңгімелерін оқиды.

  • Сөйтіп , адал досқа тән қасиеттерді кім айтып береді?

Олардың жауаптары толықтырылып, қағазға жазылған қасиеттерді.(Адал дос жазуының айналасына іліп отырады. )

Мұғалім:

  • Айнымас дос деген, адал дос деген түсінікті білдіреді.Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досыммен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп, жабырқағанда қасыңан табылса, ол әрине айнымас дос.Сөйтіп өздерің айтқандай адам бойындағы жақсы қасиеттер олар:шындық, ақылдылық, сабырлылық, төзімділік, әдептілік, көрегенділік.


-

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.

Сурет

Ж.Дәуренбаев.

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.

  • Қалаған суреттеріңді салып келіңдер, -деді.

Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:

  • Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады.

Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады.

Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:

  • Әжемнің түрі қара!Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты.

Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да:

  • Әзкентай, қағазыңды бері әкелші, -деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.

  • Енді менің алақанымды сызып шықшы, -деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

  • Міне, атамның алақаны,- деді.

Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.

  • Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған , құдық қазған , бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!.

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...

  • Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

  • Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.Енді осыны көрініс ретінде көрсетейікші.

Интерактивтік тақтамен жұмыс. «Шеге туралы аңыз» бейнефильмін көрсету.

- Әрі қарай не болды деп ойласыңдар?Балалар, әңгімені жалғастырып көріңдерші.

Түйіндеме

Данышпан атаның кеңесін оқып,ойға түйю.

Түйіндемеде Данышпан атаның кеңесі ұсынылады:

Данышпан атаның кеңестері:

  • Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.

  • Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

  • Жақсы нәрсе туралы ойла.

  • Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

  • Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

  • Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

Ашуды ақылға жеңдір.

Балалар сонда біздер ашуланған кезде қандай іс – әрекет жасауымыз керек?

Дәйексөз

Сабақта айтылған ойлар мұғалімнің дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорытылады:

-Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары –ақылға салу,сабыр сақтау,ұстамды болу.Ақылды, кішіпейіл,әділ,батыл,қайырымды,мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.

Топпен ән тыңдайды.Достар жайлы ән«Мейірімді болайықшы бауырлар»


Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.


Сұрақтар:

  • Өлең не жайында айтылған?

  • Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?



Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Тапсырма.

Оқушылардың білімдерін бекіту үшін тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?» деген сұраққа жауап береді.

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан түйген ойларын бекіте түсу үшін тапсырма беріледі.

Тақтада берілген даналық сөздерді оқып,олар бойынша түсініктерін жазу.

Сабыр түбі-сары алтын.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Әңгiмелеу.      «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).


Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.


Сұрақтар:
- Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  • Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

Жағдаяттар шешу

- Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек.









  • шындық, ақылдылық, сабырлылық, төзімділік, әдептілік, көрегенділік.

Адал дос





















-«Сурет» әңгімесі.н оқыдық










































































-Бірден онға дейін іштей санау керек.

-Сабырлы болу керек.

-Ашуланған кезде тек қана жақсы нәрселерді ойлауымыз керек .













-Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» дәптерлерімізге жазып алдық











-Досым ашуланған кезде мен оған сен көп ашуланба ол әдейі жасамады ғой дер едім.


















Слайд,кітап, дәптер, суреттер тапсырмалар



















Слайд,

Кітап,дәптер





































































































Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді


Үйге тапсырма: Сурет әңгімесін оқып келу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Желкенді қайық

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашу-дұшпан, ақыл- дос

Автор: Өтепбергенова Бақытжамал Өтепбергенқызы

Дата: 17.01.2019

Номер свидетельства: 495894

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ашу-д?шпан,а?ыл дос "
    ["seo_title"] => string(23) "ashu-du-shpan-ak-yl-dos"
    ["file_id"] => string(6) "132539"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416343272"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Өзін-өзі тану пәнінен 4 сынып ашық сабақ "Ашу-дұшпан, ақыл-дос""
    ["seo_title"] => string(66) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_4_synyp_ashyk_sabak_ashu_du_shpan_ak_yl_dos"
    ["file_id"] => string(6) "465492"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523209013"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашу д?шпан а?ыл дос"
    ["seo_title"] => string(18) "ashudushpanakyldos"
    ["file_id"] => string(6) "285037"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454079560"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Тақырыбы: Ашу-дұшпан, ақыл дос"
    ["seo_title"] => string(33) "tak_yryby_ashu_du_shpan_ak_yl_dos"
    ["file_id"] => string(6) "415649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494867340"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс ж?мыс "?здік о?ырман" "
    ["seo_title"] => string(35) "synyptan-tys-zhu-mys-uzdik-ok-yrman"
    ["file_id"] => string(6) "181775"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425394815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства