kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары.»

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары.

Білімділік: Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың   адам ағзасында орналасуын  көрсете түсіндіру.
Дамытушылық:     Оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын  дамыту.
Тәрбиелік: Сабақта өзіндік ізденуге, оқулықпен жұмыс жасауға өз ойын қорытып, дәлелдеуге, өзіне және өзгелерге баға беруге , санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ типі:  «БиС» технологиясы бойынша  жаңа  тақырыпты түсіндіру.

Технология:  «БиС»  технологиясы, «Ауызша сабақ -1»  картасы .

Сабақтың көрнекілігі: матрица,  тірек  сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар, қарама-қарсы  сұрақтар;

Ауызша – 1 сабақ картасы
1 - кезең
 Мақсатты айту
 Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар
2. Тірек сөздер
3. Мәтінмен жұмыс
4. ҚҚС
5. СТС
6. ТСҚ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.( сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)

Құрметті көрермендер 3 «Ә» сыныбына хош келдіңіздер.

3 «Ә» сыныбының дүниетану пәніне арналған «Ауызша-1» картасымен жұмыс жасаймыз

Сынып та 28 оқушы бар. 28 оқушының 18 оқушысы 63 % алу керек.

Тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі»

Бүгінгі сабаққа белсене қатысып, 63% алуға дайынбыз ба? /иә/

Сабағымызды бастамас бұрын ортаға сынып көшбасшысын шақырамыз.

Шыңғысқа сөз береміз.

Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? /иә/

Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? /иә/

Дүниетанудан «5» алып, нәтижеге жетеміз бе? /иә/

Өте жақсы!

І.Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар
Өткен тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қоямын. Сол сұраққа жауап берген оқушылыр бірінші + алады.

1. Өкпеге сыртқы ортадан енген ауада не көп болады? /оттегі/

2. Бұл оттегі неге қосылады? /қанға/

3. Қан тамырлары арқылы арқылы бүкіл денеге не тарайды? /оттегі/

4.Өкпеден шыққан ауада нелер көп болады? /көмірқышқыл газы мен су буы көп болады/

5. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады? /мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше,өкпе жатады/

6. Өепе қайда орналасқан? /көкірек қуысында/

7. Өкпе неше бөліктен тұрады? /оң жақ өкпе, сол жақ өкпе/

8. Әр өкпені не жауып тұрады? / жұқа қабық/

9. Тыныс алғанда, кеуде қуысы не істейді? /көтеріледі/

10.Тыныс алғанда өкпе не істейді? /кеңиді/

11. Таза ауа өкпеге нелер арқылы өтеді? /мұрын қуысы, көмей,кеңірдек, кеңірдекше/

12.Тыныс шығарғанда көкірек қуысы не істейді? /орнына келеді/

13.тыныс шығарғанда өкпе не істейді? /өкпе сығылып кішірейеді/

14.Өкпедегі көмірқышқыл газы тыныс жолдары арқылы не істейді?/сыртқа шығарылады/

15.Шаңды ауамен тыныс алғанда денсаулыққа қалай әсер етеді? /зиян/

16.Шаңды ауада түрлі ауруларды қоздыратын не көп болады? /микробтар/

17.Микробтар болмас үшін не істеу керек? /бөлмені таза ұстау керек/

18.Тыныс алуға қандай зиянды заттар әсер етеді? /темекі/

19.Бөлме өсімдігінің керегі бар ма?

20.Жаңа туған бала 1 мин неше рет тыныс алады/ 60 рет/

21.5 жастағы бала- 25-26 рет

22. 10-17 жаста5ылар – 16—20 рет7

23.Үлкен адамдар ше? /16 рет/

24.Аязды күндері таза ауада серуендегенде қалай, немен дем алу керек?

/Ауызды ашпай, мұрынмен дем алу керек/

25.Ойнайтын, жаттығу жасайтын бөлмені күнделіті не істеу керек? /жиі желдетіп отыру/

26.үн сайын не істеу керекпіз? / таза ауада демалу керек/

27.Тыныс алу мүшелерін не істейміз?/сақтау керек/

Бекіту сұрақтарына қанша оқушы екенін анықтаймын.


ІІ. Тірек сөздер
Дәптерді ашу, бүгінгі күнді жазу. Жаңа тақырыбыз «Ас қорыту мүшелері»

Бүгінгі сабақтың тірек сөзімен таныс болайық.

1.Ауыз қуысы

2.Жұтқыншақ

3.Өңеш

4.Қарын

5.Аш ішек    

6. Тоқ ішек

7. Бауыр

1.Ауыз қуысы Ауыз қуысы: 2 бөлімнен.

ауыз кіреберісі                              нағыз ауыз қуысы

Ерін мен ұртпен (сырт жағынан)Тістер мен қызыл иекпен (іш жағынан) тістерден басталып аран мен шектеледі

Ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері өзектері ашылады.

Тіл көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.

Бұлшықет талшықтары ұзына бойына, көлденең, тік бағытта жатады.

2.Жұтқыншақ

 Мойын омыртқаның алдыңғы жағында орналасқан.

Ұзындығы:11-13 см болатын бұлшық  етті мүше тыныс алу және ас қорыту жолдары     қиылысады. Екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысымен жалғасқан жерінде 6 бадамша бездер орналасқан.

3.Өңеш:

 Ұзындығы:25 см болатын ас қорыту мүшесі, 11 кеуде омыртқасында асқазанға ашылады.

4.Қарын

Қарын- құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі.

Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасады.Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы-сақина тәрізді, сыртқысы-ұзыннан орналасқан.Сілемейлі қабықшада көп бездер бар. Бездерден сөл бөлінеді.

Қарынның өңешпен ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады. 

5.Аш ішек   

Аш ішек-қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын  түтік пішінді бұлшықетті мүше.Ұзындығы  5,5-6 метрдей

Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 см бөлімі ұлтабар деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы бездің де өзегі ашылады. Сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Ішкі бұлшық ет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойына орналасқан. Аш  ішек  /5-6 м/

 6. Тоқ ішек

Аш ішектен екі еседей жуан 1,5-2 метр. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Оң жақ мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шеті тұйық өскін соқырішек болады. Оны аппендикс латынша “қосалқы” деп атайды. Тоқ ішектің соңғы бөлімі тік ішек

Тоқ   ішек  /2-1,5м/

7. Бауыр

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Тірек сөздердің мағынасын аштық, осы 7 сөзді жаттауға 30сек уақыт беремін. Уақыт:

Осы сөздерді жазуға тағы да 30 сек уақыт беремін. Уақыт:

Дәптерді көршімізбен ауыстыру, сөздік қорын тексеру.

Тірек сөздерді 18 оқушы тапсырманы орындай алу керек.


3. Мәтінмен жұмыс.

Келесі оқулықтың 28-бетін ашамыз. Мәтінді оқуға 5 мин уақыт беремін. Мәтінді түсініп оқимыз, мәтін бойынша сұрақтар сұралады. Уақыт:

Сапаға жету үшін 18 оқушы сабақта «4», «5» алу керек.


ІV. ҚҚС

Ал енді оқығандарығ бойынша қарама-қарсы сұрақтар сұралады.

1.Ас қорыту жолы неден басталады?/ауыз қуысынан/

2.Асты ненің көмегімен ұсақтайды? /тістердің/

3.Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты қайтеді? /ылғалдайды/

4.Тіл арқылы не істейді?/араластырып,жұтады/

5.Жұтылған ас жұтқыншақтан қайда өтеді?/ өңешке/

6.Жұтылған ас өңештен әрі қайда түседі? /қарынға/

7.Ас қорыту мүшелеріне не жатады?/ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек/

8.Жасөспірімдердің ағзасының дұрыс өсіп жетілуіне не қажет? /қоректік заттар/

9.Тамақ адамға не береді? Күш-қуат/

10.Дұрыс тамақтанбаған адам не істейді?/түрлі ауруларға шалдығады/

11.Тамақтану ережесін не істеу керек? /сақтау керек/

12.Ас ішер алдында не ішу керек? /бір стакан таза су/

13.Әр тамақты қалай жеу керек?

14.Тамаққа орырар алдында не істеу керек?

15.Жеміс-жидектерді де не істеу керек?

16.Дәрумендер – грек сөзінен аударғанда қалай аталады?/өмір жалғастырушы 17.Қандай тамақта белоктар көп болады? /ет, балық, сүт, ірімшік, жұмыртқа/ 18. Белоктар өсіп келе жатқан ағзаны не істейді?/жетілдіреді/

19.Егер адамның асқа тәбеті ашылмаса?/Бұл сырқаттың белгісі/

20.Тамақты жеген кезде қалай жеу керек?/тәбетпен/

21.Тамақты мезгілсіз ішуге бола ма?

22.Тамақты күн сайын қай кезде ішу керек?/бір мезгілде/

23.Әр тамақты қалай жеу керек?

24.Ас қорыту мүшелеріне ?/ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек/ 25.Ас қорыту жолы неден басталады?/ауыз қуысынан/

26. Жұтылған ас өңештен әрі қайда түседі? /қарынға/

27.Дәрумендер-грек сөзінен аударғанда қалай аталады?/өмір жалғастырушы/

ҚҰТҚАРУ СҰРАҒЫ БЕРІЛЕДІ.


V. СТС

Сыни тұрғыдан сұрақтар сұралады. Дайынсыңдар ма?

1.Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталмайды.-

2.Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алады.-

3.Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталады.+

4.Асты тістің көмегімен ұсақтайды.+

5.Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты ылғалдамайды-

6.Тіл арқылы араластырып,жұтады.+

7.Жұтылған ас жұтқыншақтан өңешке өтеді.+

8.Жұтылған ас өңештен әрі қарай қарынға түспейді.-

9.Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатпайды.-

10.Жасөспірімдердің ағзасының дұрыс өсіп жетілуіне не қажет? /қоректік заттар/

11.Тамақ адамға күш-қуат береді.+

12.Дұрыс тамақтанбаған адам түрлі ауруларға шалдығады+

13.Тамақтану ережесін сақтамау керек.-

14.Ас ішер алдында он литр таза су ішу керек-

15.Әр тамақты қалай болса солай жеу керек-

16.Тамаққа орырмай, түрегеп жүріп жеу-

17.Жеміс-жидектерді жумай жеу.-

18.Дәрумендер – грек сөзінен аударғанда өмір жалғастырмайды деп аталады.-

19.Ет, балық, сүт, ірімшік, жұмыртқада белок жоқ.-

20. Белоктар өсіп келе жатқан ағза керек емес-

21.Егер адамның асқа тәбеті ашылмаса, ол көңілді жүреді.-

22.Тамақты жеген кезде тәбетің ашылады.+

23.Тамақты мезгілсіз ішу керек.-

24.Тамақты күн сайын бір мезгілде ішу керек+

25.Әр тамақты ауызға толтырып жеу керек?-

26.Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек/ жатады.+

27.Ас қорыту жолы қарыннан басталады-

28. Жұтылған ас өңештен әрі қарай аяққа түседі.- /қарынға/

29.Дәрумендер-грек сөзінен аударғанда ұрпақ жалғастырушы деп аталады.-


VІ. ТСҚ

Дәптерді ашу, кітапты жабу.Мәтін бойынша түсінгендеріңді жазуға 5 мин уақыт беріледі. Уақыт:

Дәптерді көршіге береміз, қарындашпен жазу. 37 сөзден жоғары жазғандар қол көтереміз.

Жазған тапсырманы оқу. 1-2 оқиды, бір сөз екі рет қана қайталану керек.

Мен тексеріп шығамын.


Қорыту.

Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға  баға қойылады.

Үйге тапсырма  беріледі



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары.

Автор: Ботабекова Бакыткуль Токтагановна

Дата: 12.03.2017

Номер свидетельства: 399537

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Статья по химиии"
    ["seo_title"] => string(17) "statia_po_khimiii"
    ["file_id"] => string(6) "541781"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1583174997"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Д?ниетанудан тест с?ра?тары "
    ["seo_title"] => string(31) "duniietanudan-tiest-su-rak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "160870"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1422123941"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Внеклассное мероприятие по биологии "Жас биолог""
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-po-biologhii-zhas-biologh"
    ["file_id"] => string(6) "292602"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455296569"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Внеклассное мероприятие по биологии среди 6- 11 классов "Жас биолог""
    ["seo_title"] => string(74) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-po-biologhii-sriedi-6-11-klassov-zhas-biologh"
    ["file_id"] => string(6) "292605"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455296716"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Саба?ты? та?ырыбы: З?р шы?ару ж?йесіні? анатомиясы мен физиологиясы."
    ["seo_title"] => string(65) "sabaktyntakyrybyzrshygaruzhuiiesininanatomiiasymienfiziologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "319260"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460788749"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства