kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Армысы?, Жа?а жыл!" ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?ргізуші: Армысыздар, аяулы ?стаздар, ата-аналар!

                        С?леметсіздер ме, балалар. Сендер  б?гін, с?нді киініп, ?демі болып  кетіпсі?дер. Мына жерде Джунглиді?  барлы? а?дары, с?йікті ертегілерімізді?  кейіпкерлері де жетіпті. Ал, б?гін балалар, ?андай мереке?

Балалар: Жа?а жыл!

Ж?ргізуші: Балалар, б?гін біз  жа?а жылды ?арсы алу?а  жиналды?. Келі?дер. С?н ??рап т?рып, ?ол ?стасып ж?ріп  ?н салайы?.

?н «Аппа?-аппа?, жапала?тап...»

Ж?ргізуші: Балалар, ортамызда?ы ?сем не?

Балалар: Шырша!

            Ж?ргізуші: Шыршамыз ?андай ?демі! Ойыншы?тары неткен к?п! Ал, кім  бізге  шырша?а  арнал?ан ?ле?дерін айтып берер екен?

Ж?ргізуші: Жарайсы?, ?андай жа?сы та?па?! Балалар, естіді?дер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол ?она?пен біздер ты?ылыспа? ойнайы?. К?неки, б?ріміз шыршаны? ар?ы жа?ына ты?ылайы?. ( Балалар ты?ылады, А?ша?ар келеді)

А?ша?ар: Мектепте  балаларды? Жа?а жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен ?айда келдім? Осы жа?а ?н естіген сия?ты едім, ал енді ешкім жо?, ?ызы? екен. (Балаларды іздейді. Мысы?ты? даусы шы?ады). Жо? ол жерде мысы? екен, ?рі ?арай іздейін (жа?ындаса итті? дауысы шы?ады). Жо? ол жерде ит екен, ?рі ?арай  іздейін(Балаларды табады). С?леметсіздер ме балалар! Мектепті?  ?асынан ?тіп бара жатып ?демі ?нді естіп ?алдым, сіздерге мейрам?а келдім.

Ж?ргізуші: С?леметсіз бе А?ша ?ар! Біз са?ан ?те ?уаныштымыз, т?рлет. Бізді? ?она?ымыз бол! А?ша?ар, ?арашы ?андай ?демі шырша, ?аншама ойыншы?тар. Ал неге шыршада шамдар с?ніп т?р?

А?ша?ар: Балалар шыршамен ойнайы?шы, ?з шамдарын жа?сын, с?ндірсін. Шамдарды жа?у ?шін си?ырлы с?здерімізбен  оны? шамдарын  жар?ыратайы?!

А?ша?ар: ?андай си?ыршымыз б?ріміз. Біра? шыршада шамдар жанып т?рсын, сонда ?ана шырша ?демі.

(Аюды? дауысы шы?ады.)

Ж?ргізуші: Мынау кім екен?

А?ша?ар: ?оры?па?дар балалар, ол аю. ?ыста аю ?йы?тайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюды? ?асына барып) Аю оян, Жа?а жыл келді. (Аюды? дауысы шы?ады). Оян?ысы келмейді. Аю, сен Жа?а жылды к?ргім келеді деп айтатын еді?, т?р, Жа?а жыл келді. (Аю оянды).

Ж?ргізуші: С?леметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.

Аю: С?леметсіздер ме, балалар, ?она?тар. С?леметсіз бе А?ша?ар. (К?зін у?алап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ?йы?таймын (шыршаны? алдына жатады да ?йы?тайды).

Ойын: «Аюды оятайы?». Балалар аюды? ?асына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды ?уады да ?айтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.

Аю (оянып): А?ша?ар, ал Аяз Ата ?айда?

А?ша?ар: Білмеймін Аю. Аяз Атада ж?мыс к?п ?ой: шыршаны ?демілеу, балаларды? барлы?ына сыйлы?тар дайындау.

Аю: Мен орман?а барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шы?ып кетеді).

Ж?ргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше А?ша?ар?а арнап  би билеп берейік. (Би: «?збек биі»).

А?ша?ар: Рахмет балалар, ?андай  к??ілді, керемет би билеп  берді?дер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Канеки балалар, ша?ырайы? оларды.

Балаларды? б?рі: Аяз Ата! Аю! (деп 2 рет  айт?анда, есік  ашылады да, сыпыр?ышына мінген  Жалмауыз кемпір  ж?гіріп кіреді).

Жалмауыз кемпірПай-пай! Мен ?айда келдім ?зі. Мына шыршань? кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан т?менге е?кейіп, шыршань? т?бірімен ж?лып ал?ысы келеді. /
             Ж?ргізуші: Мыстан кемпір!( Мыстан о?ан м?н бермейді де шыршаны ж?луын то?татпайды).  Біз «Жа?а жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тиме?із біздін шыршамыз?а!             

А?ша?ар: С?леметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнады?, биледік. Ал енді балалар сізге би  орындап береді. (Би: «Шы?ыс биі»).

Ж?ргізуші: АязАта! Сіз бізді? балалар?а сыйлы?гар ?келді?із бе?
           Аяз- Ата: ?рине, барлы? сыйлы? мына санды?ты? ішінде! А?ша?ар санды?ты? кілті ?айда?  (А?ша?ар иы?ымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
           Ж?ргізуші: ?андай кілтті с?рап т?рсыз? Ба?ана?ы шыршада?ы ілініп т?р?ан кілт пе?
           Аяз- Ата: И?,сол кілт шы?ар.
          Ж?ргізуші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
         Аяз- Ата: ?ап, ?ттеген-ай! К?не, біз А?ша?ар екеуміз оны іздеп келейік.
                        (Осы кезде зал?а Мыстан кіреді.)
              Мыстан: А-а,б?лем! Таптым, санды? мында т?р екен ?ой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip к?ш оны арт?а ?арай итереді)
             Аяз- Ата: Мына ?рлы?шы м?нда ж?р ?ой. К?не кілтті ма?ан бер,балалар сыйлы?тарын к?тіn ?алды.
               Мыстан: Ойбай- та?ы, не дейді. Сыйлы? ?зіме де керек.
                  Аяз-Ата: А?, б?лем! Олай болса ?зі?нен к?р. Мен ceнi ?атырып тастайын. Аяз-Ата: «К?не тая?ым мына Мыстанды ?атырып таста»
                    (Мыстан кемпір т?р?ан бойында ?атып ?алады.)
             Мыстан: ?й, Аяз шал! Керегі жо?, ?алпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
              Аяз-Ата: Бересі? ба санды?ты? кілтін?
              МыстанЖо?, бермеймін.
              Аяз-Ата: А-а, онда осылай т?ра бер. Мен кеттім.
           Мыстан: Жо?,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілті?ді, тек балалар мені? ?ояр тілегімді орындасын, ма?ан ?н айтып, би билеп берсін.

Хор: «Шырша жыры»

Би: «Буратино»
               (Осы кезде мыстан ?алпына келеді)
              Мыстан: Жарайсь?дар,балалар,  ?нді ?те жа?сы айтасы?дар екен.

Аяз-ата: Ал, енді балалар, мына шырша?а арнал?ан,  ма?ан, келген Жа?а жыл?а, А?ша?ар?а  арнал?ан ?нерлері? болса, аяма?дар!
              Аяз-Ата: Жарайсы?дар балаларым! Meнi б?гін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде к??ілімді к?терді?дер. ?ош болы?дар
         Ж?ргізуші??рметті ?она?тар, балалар! 2015-ші жа?а жыл?а арнал?ан мерекеміз ая?талып ?алды. К?ріп тамашала?андары?а рахмет. Жа?а жыл ??тты болсын, отбастары?ыз?а тек ба?ыт пен куаныш ?келсін!!!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Армысы?, Жа?а жыл!" ерте?гілігі »


№5 орта мектеп














«Армысың, Жаңа жыл!» атты жаңа жыл кеші















Өткізген: 1 «Г» Каналина Г.Н.

0 «Г» Сапарбаева Қ.Ж.

















2014-2015 оқу жылы





Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңажылдық карнавал,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық!(Балалар билеп залға шығады)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар!

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер. Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән «Аппақ-аппақ, жапалақтап...»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?

Нұршат: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы тақпақ! Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)

Ақшақар: Мектепте балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай  іздейін(Балаларды табады). Сәлеметсіздер ме балалар! Мектептің қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақша қар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр?

Ақшақар: Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат (3 рет айту керек)

Ойын: Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады).

Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. (Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын

1-2 рет ойналады.

Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.

(Аюдың дауысы шығады.)

Жүргізуші: Мынау кім екен?

Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю үйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.

Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).

Ойын: «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.

Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?

Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.

Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).

Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше Ақшақарға арнап  би билеп берейік. (Би: «Өзбек биі»).

Ақшақар: Рахмет балалар, қандай  көңілді, керемет би билеп бердіңдер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Канеки балалар, шақырайық оларды.

Балалардың бәрі: Аяз Ата! Аю! (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді).

Жалмауыз кемпірПай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Жүргізуші: Мыстан кемпір!( Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды). Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!

Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! (Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. (Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда:) Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

  (Жалмауыз Keмпip кeтiп қалады.)

Жүргізуші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата мен Аю кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!
Ән: «Шырша жыры» жырланады (Жаңа жыл, жаңа жыл)
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Аю кіреді.

Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым. Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.

Аяз Ата: Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады) Рахмет,рахмет балаларым!

Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге би орындап береді. (Би: «Шығыс биі»).

Жүргізуші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Жүргізуші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілтін?
МыстанЖоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, маған ән айтып, би билеп берсін.

Хор: «Шырша жыры»

Би: «Буратино»
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, әнді өте жақсы айтасыңдар екен.

Аяз-ата: Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

(Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады)

Аружан А 0г: Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Айбат 1г: Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге.

Жақсылықпен қуанайын жыл болып,

Қиындық жолатпасын елімізге.

Гулдәурен 0г: Шыршамызды керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз Ата сағынған.

Досымхан 1г: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Айтолқын 0г: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Айбар 1г: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрали 0г: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Әлішер 1г: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Анель 0г:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Аружан 1г: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Сандуғаш 1г: Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Сабыр 0г: Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.


Бекзат 1г: Қардай аппақ әдемі,

                  Мұздай жалтыр кірпікті

                  Шанаменен зымырап

                  Келеді атын ұшырып.

Аяулым 0г:             Келеді бізге асығып,

                             Жолында оның тұрмаңдар!

                             Ханшайымдай ақ тонды

                             Жылы қолғап қолында.

Есмырза 1г:     Әкем таңдап әкелді

                      Ең үлпілдек шыршаны,

                      Иісі аңқыған шыршаны,

                      Жарқыраған шыршаны...

                      Жұпар иісі аңқыды,

                      Апамды да мәз қылды!

Нұралхан 0г:         Ауыл маңы қар аппақ,

                             Қызықтар көп не түрлі.

                             Ақ дәптерді парақтап,

                             Қыс отырған секілді.

Жасұлан 1г:     Мұз өрнектің бәрі асыл,

                       Оюларды аңғарам.

                       Қарағайдың жап-жасыл

                       Күйіне мен таңқалам.

Асылхан 0г:          Қандай әсем шартарап!

                              Шаттық күйге бөлеп тұр.

                              Кәмпиттерін арқалап,

                              Аязата келіп тұр.

Әзиз 1г: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Еркеназ 1г:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Райымбек 0г: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.
Мәди 1г: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
Диляра 0г: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Ұлбибі 1г: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Әділ М 0г: Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Бердібек 1г: Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Нұрғазы 0г: Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
Алымжан 1г: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

Нұрбақыт 0г: Шаттық жыр, шаттық жыр,

Дидарыңда шаттық тұр.

Аяз Ата ортада,

Арқасында қапшық жүр.



Әдемі 1г:Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.



Мадияр 0г:Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.



Айдос 1г:Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елендеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.



Исламбек 0г:Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.


Дильназ 1г: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.

Еркемай 0г: Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламын.

Санжар 1г: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

Әлиарман 0г: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.

Нұркел 1г:

Альфия 1г:

Алымжан:1г
Әділ 0г: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп


Нұрбақыт 0г: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.





Жүргізуші:  Кәне, балалар, бәріміз «» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Аю, Жалмауыз кемпір бәріміз
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)Балалар: Сау болыңыздар!
ЖүргізушіҚұрметті қонақтар, балалар! 2013-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!
























Хор:


  1. «Зырлайды шанамыз»

  2. «Жаңа жыл»

  3. «Шырша жыры»

  4. «Орманда шырша туыпты»

  5. «Жаңа жыл»


Би:


  1. «Өзбек биі»

  2. «Буратино»

  3. «Жаңа жыл биі»

  4. «Кукла» биі

  5. «Ақшақарлар» биі



Тәрбиеші: Қызыл телпек

Мұғалім: Күлше қыз




Аяз ата: Көшкинбаев

Ақшақар: Куанышбай А


Аю: Жарылғапов С

Мыстан кемпір:




































0 «Г» класс


Фамилия, имя


1

Ажимова Аружан

Бауыржановна

Қоян

2

Ажимова Гүльдәурен

Елтайқызы

Аю

3

Айқын Айтолқын Мешітбайқызы

Тышқан

4

Абдраманов Нұрали

Ерболович

Буратино

5

Әбілқайыр Анель

Асқарқызы

Қасқыр

6

Байкүшіков Сабыр

Саматұлы

Жылан

7

Бекділда Аяулым

Айдосқызы

Өзбек

8

Қартамбаев Нұрасхан

Асылбекұлы

Орыс

9

Қартамбаев Асылхан

Асылбекұлы

Буратино

10

Мұратов Райымбек

Жасағамбергенұлы

Дартаньян

11

Мұрат Диляра

Нұрболқызы

Паук киімі

12

Мұхидоллаев Әділ

Бақтыбайұлы

Тышқан

13

Мұханбетқазы Нұрғазы Балғазыұлы

Аяз ата

14

Мұратбай Нұрбақыт Болатұлы

Цыган

15

Нұрболат Мадияр Нұрболатұлы

Аю

16

Сәндібек Исламбек Сәндібекұлы

Бал киімі

17

Серікова Еркемай Ерболатқызы

Қасқыр

18

Темірбай Айша Сәндібекқызы

Қоян

19

Талғат Әлиарман Талғатұлы

Клоун

20

Ұзақбай Әділ Жангелдіұлы

Орыс киімі

21

Зинел Нұрбақыт

Буратино














1 «Г» класс


Фамилия, имя


1

Әділова Альфия Ақылбекқызы

Ақшақар

2

Әли Дилназ Бекболатқызы

Қоян

3

Әбілқайыр Алымжан Ерболатұлы

Аю

4

Әмитов Айдос Едігерұлы

Тышқан

5

Бахиткереев Санжар Дмитриевич

Буратино

6

Бахтияров Мәди Нұрболұлы

Қасқыр

7

Бурашов Бердыбек

Жылан

8

Дүйсенбина Ұлбибі Марленқызы

Өзбек

9

Ерғазы Еркеназ Ерғазықызы

Орыс

10

Жамбыл Аят Нұржанұлы

Буратино

11

Жолдыбай Жасұлан Ерланұлы

Дартаньян

12

Кеңістік Айбар Ерболұлы

Паук киімі

13

Қуаныш Айбат Мұхтарұлы

Тышқан

14

Мұхамбетова Сандуғаш Еркебұланқызы

Аяз ата

15

Мусин Есмырза Талғатұлы

Цыган

16

Ниеталин Әзиз Нұрболұлы

Аю

17

Нұралы Бекзат Әсетұлы

Бал киімі

18

Оспанова Аружан Жасұланқызы

Қасқыр

19

Оразай Фатима Әділбекқызы

Қоян

20

Тоғызбаева Нұршат Русланқызы

Клоун

21

Төлегенов Досымхан Қанатұлы

Орыс киімі

22

Төлегенова Әдемі Талғатқызы

Буратино

23

Шалқарбай Әлішер Сержанұлы

Дартаньян






Хоровод: «Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,

Орманда өсіпті.

Қысы-жазы бой көтеріп,

Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,

Қонаққа келіпті,

Және көптеген қуаныш,

Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,

Шырша астында жатыр.

Ашулы қасқыр, аш қасқыр,

Аңдып оны жатыр.


Хоровод: «Зырлайды шанамыз»

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақша қар,

Бетінде із қалды.

Жүйткиді ақ шанам,

Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суытсын,

Зырлайды шанамыз.

Аяз не біз үшін?

Шыныққан баламыз.

Зырлай түс ақ шана,

Бөгет жоқ бізге еш.

Көрсін дос басқа да,

Шаршайтын біз емес.


Хоровод: «Аппақ, аппақ, жапалақтап»

Аппақ, аппақ, жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай Аяз ата

Келіп қалды алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын Жаңа жыл!


Хоровод: «Жаңа жыл»

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Тамаша,Тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Көрікті, бөрікті.

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алма, анар, өрікті.

Қала нұр, дала нұр.

Құтты болсын Жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Армысы?, Жа?а жыл!" ерте?гілігі

Автор: ?аналина Г?лбану Н?рлан?ызы

Дата: 04.01.2015

Номер свидетельства: 149903

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?, Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(19) "armysyn-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "154597"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421169302"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Ертегілер еліне саяхат» "
    ["seo_title"] => string(30) "iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "147936"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419525853"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "?йымдастырыл?ан  о?у іс-?рекеті :«Ертегілер еліне саяхат» "
    ["seo_title"] => string(65) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "129143"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415640262"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Армысың, аппақ қыс!""
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn_appak_k_ys"
    ["file_id"] => string(6) "448071"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170777"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства