(Ойын ойнап бол?ан кезде Аяз ата жыл?ымен бірге кіреді)
Аяз ата:
Ау,балалар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Жа??ыртып жа?ын бар ма?ды
?ыздыры?дар думанды
Балалар:
Армысыз,Аяз ата!
Аяз ата:
Бар болы?дар,балалар!
?ыздырып тойды ?нге сал!
8-бала 2Г
Аяз ата,ты?да?ыз
Айтпау?а ?сте болмай т?р
Шырайлы с?лу шыршаны?
Шамдары м?лде жанбай т?р
Аяз ата:
?иналма?дар,кел,?алыспай
?н ?атайы? біз дауыстай:
Балалар
?уант шырша та?ыр?ат,
Шамдары?ды жар?ырат!
А?ша?ар:
Еш ?згеріс болмайды,
Шырша шамы жанбады
Аяз ата:
Си?ыр с?зді ?лгінде
Айтты?дар ма б?рі? де?
Балалар:
Ия!
Аяз ата:
?ане, та?ы ?айталайы?шы,
Б?ріміз ?алмай айтайы?шы
Балалар:
?уант шырша, та?ыр?ат,
Шамдары?ды жар?ырат!
(Шырша жанбайды)
Аяз ата:
Б?л не си?ыр, ж?мба? сыр
Шырша не?ып жанбай т?р?
(Ойланып шыршаны айналып ж?р)
Аяз ата:
?! М?нда ?ара?шылар бар екен ?ой
Бар б?ле солардан келген екен ?ой
?ане шы?ы?дар бері. Не істеді?дер мына ?сем шырша?а? Си?ыры?ды ?айтарып, шырша шамын жа?ы?дар, ?йтпесе мына тая?ыммен ?атырып тастаймын.
1-?ара?шы Мейрам:
Аяз ата,балалар
Кешірі?дер біздерді
3-?ара?шы О?талап:
Шыршаны ?айта си?ырлап
Шамдарын ?айта жа?амыз
(си?ырлайды)
?ара?шылар б?рі бірге:
Фирдоне,фани,фан
Шыршаны? шамы жан!
(Шырша шамы жанады)
Аяз ата:
?ане, ?айта еш ?алыспай
Шамдары?ды жар?ырат!
Ал ?ара?шы а?ыма?тар
Табандары?ды жалтырат!
(?ара?шылар Аяз атадан ?ор?ып шы?ып кетеді)
Жыл?ы:
Ал енді мен кетейін, ?ой жылы адамзат са?ан аманат! Барлы?ы: ?ош бол, жыл?ы, ?ош бол. А?ша?ар: ?ош келді? жа?а жыл.
20-бала 2Г
Аяз ата: Ал балалар мені? ?айтатын уа?ытым да таяп ?ал?ан сия?ты. ?асыма а?ша ?арымды ертіп мен ?айтайын. Сендер сия?ты балалар мені к?тіп отыр?ан болар.
Сендерге ?келген сыйлы?ымды беріп кетейін. Тойлап бол?ан со? таратып аларсы?дар.
Келесі жылы кездескенше сау болы?дар балалар. Ж?ргізуші: Балалар біз Аяз ата кетті екен деп еш ренжімей Жа?а жыл кешін ?ндетіп ?рі ?арай жал?астырайы?
Осымен Жа?а жылды ?арсы алу ерте?гілігіміз ая?талды. Жа?а жыл та?ы да ??тты болсын!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Міне тағы да бір жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл біз үшін, еліміз үшін жақсы, бейбіт тыныш жыл болды. Мектеп табалдырығын былтыр ғана аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін 1 жасқа есейіп, мектеп қабырғасында 2-ші рет жаңа жылды қарсы алайын деп келіп тұр. Ендеше 2 в, 2 г сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
(Оқушылар музыка әуенімен шырша жанына келіп тұрады
1-бала 2Г
Армысыңдар халайық! Бармысыңдар, халайық! Жаңа жылды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық!
2-бала Диас 2В
Жоламасын елге мұң
Жаңғырып кел жаңа жыл
Бар жақсылық бақытты
Жандырып кел жаңа жыл!
3-бала 2Г
Қуандырып біздерді
Нұрланып кел жаңа жыл
Жаңа жылда шаттықпен
Шырқатайық жаңа жыр!
Бәрі: Құтты болсын жаңа жыл
Жүргізуші: Даланың да қаланың
Думандатып отбасын
Тағы міне жаңа жыл
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел жаңа жыл,жаңа жыл
Далама ,қалама,жеріме
Жаңалықтармен жағымды
Шыға ғой әлем төріне!
Құрметті ата-аналар,балалар,барша қонақтар! Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2015 қой жылы құтты болсын! Бақыт,байлық,денсаулық,көп-көп жақсылық ала келсін!
4-қарақшы Айбар: Бұдан би болып па? Би деп біздің биді айт. Маэстро, музыку!
Би: Қарақшылар биі
2-қарақшы Мирас: Би билеген қызық емес болып кетті, одан да ойын ойнайық
Біздер қандай сұрақ қойсақ та, сендер «шырша» деп жауап бересіңдер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзсаңдар, шырша мүлдем жанбайды. Ұқтыңдар ма? 1. Атың кім? 2. Нешедесің? 3. Сынып жетекшің бар ма? 4. Қасыңдағы мұғалімің кім? 5. Қай мектепте оқисың? 6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма? 7. Досың кім? 8. Сабақта үлгерімің қандай? 9. Тұратын қалаңның аты қандай? 10. Аяғыңа не киесің?
Ақша қар:(сыбырлап) Енді қайттік? Аяз атаның әлі келетін түрі жоқ.
Жүргізуші:(сыбырлап) Біз тағы да бір ойын ойнап, қарақшыларды алдай тұрайық. Аяз ата да келіп қалар. Жүргізуші: Қанекей, қарақшы ағалар. Біз де сіздермен бір ойын ойнайық. Қазір мен сендермен санаймын, бір дегенде бәріміз бір деп айтамыз, екі санына келгенде үндемей екі рет секіреміз, үш санын хормен айтамыз, төрт санына келгенде дауыстап айтпай төрт рет шапалақтаймыз, бес санын хормен айтамыз. Кәнекей, бастайық! (Ойын ойналады)
(Ойын ойнап болған кезде Аяз ата жылқымен бірге кіреді)
Аяз ата:
Ау,балалар аман ба?
Мына бейбіт заманда,
Жаңғыртып жақын бар маңды
Қыздырыңдар думанды
Балалар:
Армысыз,Аяз ата!
Аяз ата:
Бар болыңдар,балалар!
Қыздырып тойды әнге сал!
8-бала 2Г
Аяз ата,тыңдаңыз
Айтпауға әсте болмай тұр
Шырайлы сұлу шыршаның
Шамдары мүлде жанбай тұр
Аяз ата:
Қиналмаңдар,кел,қалыспай
Үн қатайық біз дауыстай:
Балалар
Қуант шырша таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Ақшақар:
Еш өзгеріс болмайды,
Шырша шамы жанбады
Аяз ата:
Сиқыр сөзді әлгінде
Айттыңдар ма бәрің де?
Балалар:
Ия!
Аяз ата:
Қане, тағы қайталайықшы,
Бәріміз қалмай айтайықшы
Балалар:
Қуант шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша жанбайды)
Аяз ата:
Бұл не сиқыр, жұмбақ сыр
Шырша неғып жанбай тұр?
(Ойланып шыршаны айналып жүр)
Аяз ата:
Ә! Мұнда қарақшылар бар екен ғой
Бар бәле солардан келген екен ғой
Қане шығыңдар бері. Не істедіңдер мына әсем шыршаға? Сиқырыңды қайтарып, шырша шамын жағыңдар, әйтпесе мына таяғыммен қатырып тастаймын.
1-қарақшы Мейрам:
Аяз ата,балалар
Кешіріңдер біздерді
3-қарақшы Оңталап:
Шыршаны қайта сиқырлап
Шамдарын қайта жағамыз
(сиқырлайды)
Қарақшылар бәрі бірге:
Фирдоне,фани,фан
Шыршаның шамы жан!
(Шырша шамы жанады)
Аяз ата:
Қане, қайта еш қалыспай
Шамдарыңды жарқырат!
Ал қарақшы ақымақтар
Табандарыңды жалтырат!
(Қарақшылар Аяз атадан қорқып шығып кетеді)
Балалар: Алақай!
Жүргізуші:
Таң қалдырып тәмам жұртты
Думанды той жалғассын
Мәнерлі ой, өлең,тақпақ
Ән мен биге ұлассын!
Хоровод: «Аппақ, аппақ, жапалақтап»
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай Аяз ата
Келіп қалды алыстан.
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Аяз ата:
Шырқалған мына мен жайлы
Ұнады әсем әндерің
Жаңа жылға арналған
Тақпақтарың бар ма еді?
Балалар:
Әрине!
9- бала 2Г
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
10- бала 2В Али Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр, Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр! Бойындағы бар мейірім, қуанышын Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
11- бала 2 Г Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр, Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр. Адамзаттың армандары асқақтап, Тебіреніп от сезімі тасып тұр. 12- бала 2 В Ерасыл
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге Жаңа табыс тілейік ісімізге Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін. Мына отырған барша жан бәрімізге
13- бала 2 Г Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме, Құт –береке боп келгейсің еліме! Үміт артып армандарға аяулы, Шаттығыңа бөлегейсің мені де. 14- бала 2 В Мақсат Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым, Жақсылықтың жаршысы да нұрысың. Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысың. 15- бала 2 Г Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр. Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр. Құт болып береке бер халқымызға Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Жүргізуші:
Ақ мамыққа ораған
Мынау байтақ даланы
Ұлпақарлар қалайша
Би билемей қалады
Ұлпақарлар қалықта
Қалықтаудан жалықпа
Асау желмен айналып
Өнер көрсет халыққа!
Би: «Ақшақарлар» биі
16-бала Найман 2 В
Жаңа жылдың думаны
Қызығына тоймайық
Аяз ата сізбенен
«Тығылмақ» ойынын ойнайық
Аяз ата :
Жарайды!
17-балаМадияр 2В
Алдымен онда сіз бастап
Көзіңізді жұмыңыз
Біз тығылып болғанша
Қимылдамай тұрыңыз
Аяз ата:
Тығылыңдар тезірек
Беске дейін санаймын
Келістік пе?
Балалар:
Келістік
Аяз ата:
1 2 3 4 5
Тығылыңдар тез!
(Көзін ашып,балаларды іздеп таппайды.Балалар жер бауырлап отырады. Оны Аяз ата байқамайды)
Аяз ата:
Ау, балалар қайда бұл?
(Төмен қарап балаларды көріп кояды)
Аяз ата:
Ә, қулар – ай , қулар –ай !
Аяз атаны да алдай ма ?
Айналдырайын сендерді
Қатып тұрған мұзға !
18 –бала2Г
Ренжімеңіз ата әзілге
Жадыратамыз сізді қазір біз
Тақпақ айтып әлі де
Би билеуге әзірміз .
Би: Орыс биі 2 В сынып оқушыларының орындауында
19- балаАқбота 2 В
Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «Бәрің көр мені !»
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
Түрлі – түсті шамдары
Түнде ғажап жанғаны
Көргендерді елтеді
Керемет ертегі
Жылқы :
Сағат тілі сыртылдап
12 – ні соғыпты
Менің де міне қоштасар
Уақытым болыпты
Биылғы жыл қойдың да
Кезегі келіп қалыпты
Жүргізуші: Ендеше балалар Жаңа жылға арнап оқушыларымыз әсем әнін арнасын, мүмкін дауысымызды естіп қой жылы да келіп қалар.
Қой: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Аяз ата: Әрине, Жаңа жылым! Уақытында келдің.
Қой:
Жылқы- жылы – аға жыл
Үмітіңді ақтаймын
Мамыражай елімнің
Тыныштығын сақтаймын
Қуандырар бұл жылы
Бар жақсылық болады
Еліме мәңгі мекендеп
Бақыт құсы қонады
Аяз ата: Айтқаның келсін.
Жылқы: Ал енді мен кетейін, Қой жылы адамзат саған аманат! Барлығы: Қош бол, жылқы, қош бол. Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
20-бала 2Г
Таусылмасын! Ағытылсын ой көші, Ағайындар, қысылмастан сөйлеші. Ақ тілекті ағытып бір бастайық, Бүгінгі кеш-Жаңа жылдың той кеші. 21-бала 2 В Яссауи
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қой жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
22-бала 2Г
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
23-бала 2Г
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Әдемі тілектерге қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Жүргізуші: Ендеше тұрмайық, Жаңа жылдың құрметіне бәріміз қосылып ән шырқайық. Хоровод:Келді міне жаңа жыл
Келді міне жаңа жыл
Шаттық сыйлап әр үйге
Жаңа бақыт жаңа нұр
Үлкен кіші сәбиге
Жаңа бақыт жаңа нұр
Үлкен кіші сәбиге
Жаңа жауған ақ ұлпа
Қар жамылды даламыз
Балаларды сағынта
Келді аяз атамыз
Балаларды сағынта
Келді аяз атамыз
Айдай ару ақша қар
Көмекшісі сол екен
Аяз ата ақ сақал
Сыйлықтары мол екен
Аяз ата ақ сақал
Сыйлықтары мол екен
Қандай сұлу шыршамыз
Ортамызда тұр жайнап
Жаңа жылда баршамыз
Шаттанайық кел ойнап
Жаңа жылда баршамыз
Шаттанайық кел ойнап
Жүргізуші:
Балалар Жаңа жылымыздың құрметіне орманнан кішкентай түлкілер де келіп қалыпты. Кезекті соларға берейік.
Би: Түлкілер биі. 2В сынып оқушылары
Аяз ата: Ал балалар менің қайтатын уақытым да таяп қалған сияқты. Қасыма ақша қарымды ертіп мен қайтайын. Сендер сияқты балалар мені күтіп отырған болар.
Сендерге әкелген сыйлығымды беріп кетейін. Тойлап болған соң таратып аларсыңдар.
Келесі жылы кездескенше сау болыңдар балалар. Жүргізуші: Балалар біз Аяз ата кетті екен деп еш ренжімей Жаңа жыл кешін әндетіп әрі қарай жалғастырайық
Хоровод: «Жаңа жыл»
Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Тамаша,Тамаша.
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Көрікті, бөрікті.
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
Қала нұр, дала нұр.
Құтты болсын Жаңа жыл.
Шырша жаны көңілді
Билеп барлық бала жүр.
Флешмоб барлық оқушы бірге билейді
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Таусылмасын Жаңа жылдың думаны, Құтты болсын Жаңа жылың, ағайын.
Осымен Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл тағы да құтты болсын!
«Армысың, 2015 қой жылым!» атты жаңа жылдық
кешке қатысатын оқушылардың киетін костюмдері
№
Оқушының аты-жөні
Сыныбы. Сын.жетекшісі
Киетін костюмі
1
Аңсапов Тамирлан
2 В сынып-28 оқушы
Сын.жет. Дәрменқұлова Л.Ж.
Вьетман
2
Әбдіжәмил Дильназ
Ақшақар
3
Бекділда Гүлсезім
Ақшақар
4
Дүзбаева Аружан
Ақшақар
5
Дүзбаев Ерасыл
Гном
6
Жалғасбай Расул
Грузин
7
Жалғауов Али
Санта Клаус
8
Жамбыл Жанат
Күн
9
Жолдыбай Ақбота
Түлкі
10
Загретдинов Диас
Өрмекші адам
11
Ибраим Яссауи
Өрмекші адам
12
Қапанова Әлия
Құмысрсқа
13
Қалдыбек Асылжан
Ханшайым
14
Қалдымұратова Нұрзат
Орыс
15
Құлекенова Гүлмарал
Ақшақар
16
Құсайынова Толғанай
Ақшақар
17
Мамаджанов Мақсат
Өрмекші адам
18
Мәжитова Ғалиябану
Қуыршақ
19
Меңдіғара Аида
Көбелек
20
Нованова Динара
Қар ханшайымы
21
Нұрымбетова Шапағат
Көбелек
22
Саматқызы Дильназ
Қызыл телпек
23
Серікова Айгерім
Фея
24
Серікова Жансая
Ханшайым
25
Төлеуов Мадияр
Аяз ата
26
Теміржан Алуа
Орыс
27
Хамит Найман
Мушкетер
28
Шегебай Сағындық
Өрмекші адам
29
Ермұхамбетов Нұрбол
2 Г сынып-24 оқушы
Сын.жет.Қарағұлова Л.И.
30
Сейдулла Айболат
Өрмекші адам
31
Аманғали Ж
Жылқы
32
Рзаева Марина
Ақшақар
33
Құдайбергенова Ұлболсын
Мысық
34
Нұртаза Амир
Аю
35
Қайсарова Анель
Қоян
36
Маратова Жангүл
Қоян
37
Әбітай Бекарыс
38
Сағынбаев Бексұлтан
Ковбой
39
Мейрімханова Айдана
Түлкі
40
Мейрімханова Гүлдана
Түлкі
41
Мирасов Бақдаулет
Арыстан
42
Бисетай Аяна
Көбелек
43
Жоламанов Азамат
44
Әміржан Есенгелді
Өрмекші адам
45
Әміржан Нұргелді
Сиқыршы
46
Жамбылұлы Бағдәулет
Өрмекші адам
47
Сұлтанмұратова Жансая
Қуыршақ
48
Арайлым
Ханшайым
49
Жанатов Гиас
Қасқыр
50
Жақсыберген Аслан
Санта Клаус
51
Алтынбек Диас
Тышқан
52
Кенжебекқызы Алина
Қуыршақ
Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Қой жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Достар, достар! Тағы да бір жыл жаңа Қадам басты, ұрлана да нұрлана Жүректерде лүпілдейді жас үміт. Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де,
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге.
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым. Жақсылықтың жаршысы да нұрысың. Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысың