Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І.Мотивациялық кезең Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. Оқушыларды топтастыру. Бағалау түрімен таныстыру а) "Көңіл-күй " тренингі "Қайырлы күн "-деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтсін күніміз! ә) "Ой шақыру" /жалпыға ортақ жеке жұмыс/ -Балалар,біз оқып жатқан тарау қалай аталады? -Ата-бабамыздан бізге қандай мұра қалды? -Бұл мұралар бізге қалай жетті? -Бұл мұраларды біз қалай атаймыз? б) Сәйкестендіру тесті /жұптық жұмыс/ Ертегі атаулары | Ертегіден алынған үзінділер | Аңқау арыстан | Дүкеннің төрт бұрышынын тоқсан түрлі жиһазға толтыршы | Байлық пен ақыл | Бір күні шал тұзағын қараса бір қаз түсіп қалыпты. | Қасқыр мен түлкі | Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап алыпты. | Ұр,тоқпақ | Менде еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат-жігерге толы жүрегім бар | Сақина | Сені жері отты,суы мол,оңаша шабындыққа апарайын.Сонда жүріп семір,сайраңда. | Шибұт,Қылмойын,Қарынбас | Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,достым. | /бірін-бірі тексеру,смайликпен бағалау/ в) Кестемен жұмыс /топтық жұмыс/ Жан-жануарлар туралы ертегілері | Қиял-ғажайып ертегілері | Шыншыл ертегілері | | | | /Бармақпен бағалау/ ІІ. Операциялық кезең а) " Артығын тап" /Топтық жұмыс/ Әр топқа жан-жануарлардың суреті беріледі,соның ішінен артық жануарды табады Постер құру І топ "Түйе" /аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./ ІІ топ "Жылқы" /аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./ ІІІ топ "Сиыр" / аты,пірі, шақыруы,қасиеті,төлі,өнімі,пайдасы,т.б./ Топтың жұмысын "Екі жұлдыз,бір тілек" арқылы бағалау/ ә) "Бұл не? Ол қандай?" /Жалпыға ортақ жеке жұмыс/ Бұл қой. Ол момын Бұл жануар. Ол өнімді. б) "Сыр сандық базарлығы" Қой туралы бейнематериал,қосымша мәліметтер в) Оқулықпен жұмыс Төрт түлік туралы жырлыр Қой -Өлеңді мәнерлеп оқу; -Мазмұнын талдау,сұрақ-жауап; - Қойды сипаттау г) "Сен-маған,мен-саған" /топтық жұмыс / Бір сұрақ,бір жұмбақ,бір мақал-мәтел тарту етеді І топ - ІІ топқа ІІ топ-ІІІ топқа ІІІ топ- І топқа /Оқушы жауаптарын "Бағдаршаммен" бағалау/ Сергіту сәті "Қошақаным"әні караоке "Сен ,білесің бе?" айдары Қойдың жасына қарай атаулары Балалар, біздің ата-бабамыз қойларды өсіріп қана қоймай оның тұқымына,өскен жеріне қарай ,түр-түсіне құйрық , бас ,құлақ бітістеріне ,жасына қарай ,т.б. ерекшеліктеріне қарай түрліше атаған екен. Жасына қарай: -үлкен (сақа) қошқар: -азбан; -ісек: -дөнен қой; -құнан қой; -саулық; -тұсақ; -тоқты; -марқа қозы; ІІІ. Рефлексиялық кезең /Топтық жұмыс/ А)Кестемен жұмыс Ә) Топ атауларын қоймен байланыстыру Ой толғау Алтын күн - Қой Мөлдір бұлақ-Қой Жасыл жайлау--Қой “Пайымдау сұрақтары” әдісі: -Сабақта қандай әрекет ұнады? - Не қызық болды? -Жаңадан не білдіңдер? -Не қиын болды? |