«№27 Өмірзақ орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Бердимуратова Каламкас Базарбаевна
Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер анаға сүйіспеншілікпен қарау;
Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
Міндеттері:Ананың мейірімін,махаббатын,жақсылығын түсіну;Ана еңбегін қадірлеу;
Пәнаралық байланыс:ағылшын және орыс тілі
Көрнекіліктер: интертақта,шар,плакаттар,суреттер,постер,стикер,қалам,желім.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық тренинг.Сергіту.
Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып әуен қосады.Балалар билейді.Мұғалім әуенді тоқтатып,балаларға бір дененің пішінін жасауын айтады.Мысалы, гүл,ағаш,үйдің шатыры.Балалар жақсы көңіл күймен орындарына жайғасады.
ІІ. Топқа бөлу.
Мұғалім үстел үстіне бағдаршам түсіне сәйкес қызыл,сары,жасыл түсті қалпақтар қояды.Балалар өздері қалаған түсті қалпақты алып үш топқа бөлінеді.
І топ.Әке
ІІтоп. Mohter
ІІІтоп.Ребенок
ІІІ. Тақырып ашу.
Мұғалім тақырыпты ашу үшін үш топқа тапсырмалар береді.
Ітоптың тапсырмасы:. Mohter сөзінің қазақша және орысша аудармасы.Ана туралы тақпақ айту.
ІІтоп. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІтоп. Ребус шешу.
Тапсырмалар дұрыс орындалса «Ана – әлем шуағы» тақырыбы ашылады.
ІV. Жаңа сабақ.Миға шабуыл.
Ой талқылау.
Мұғалім:Ананың қандай қасиеттері болу керек деп ойлайсыз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
V.Видеоролик.Мұғалім ана туралы видеоролик көрсетіп,сұрақ қою арқылы талқылайды.
VІ. «Мейірімділік» сөзінен сөз құрау.Мұғалім 2 минут уақыт береді.Оқушылар осы уақыт ішінде сөздер құрау керек.Қай топ көп құраса сол топ жеңімпаз.
VІІ.Сергіту сәті:Ана туралы ән айту
VІІІ.Постер қорғау.
Мұғалім үш топқа тапсырмалар береді.
Ітоп. Гүл құрастырып,әр гүлдің жапырақтарына ана туралы мақал-мәтелдер жазу.
ІІтоп.Құмыраға гүлдержапсырып,әр гүлге орыс тілінде анасының жақсы қасиеттері мен неге теңейтінін жазу.
ІІІтоп.Пазлы құрастыру.Отбасы суреті шығады.Отбасы туралы ағылшын тілінде түсіндіру.
Қорытынды.
Мұғалім:Аналарың сендерді қалай еркелететеді?
Аналарыңа үйде қалай көмектесесіңдер?
Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдық?
Ана туралы тақпақтартар айту.Аналарына арнап тілектер жазу.