kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аяулы анашым" 2 сәбилер тобына арналған сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                               «Аяулы  анашым»

(Балалар музыка әуенімен залға кіреді).

Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты əжелер, ардақты аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнімен құттықтаймыз. Əрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары, өмірлеріңіз ұзақ болсын!

Жүргізуші:  Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….

Жүргізуші:

Көктем келді қалаға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп тал өседі, - деп ортаға Көктем аруын шақырайық.

Көктем ханшайымы:

Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін əперем.
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер.

Жүргізуші: Амансың ба, Көктем Аруы! Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Ал, Көктем Аруы, балаларымыздың өзіңе арналған әнін қабыл ал.

Ән «Көктемде»

Көктем ханшайымы:

Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды.

Жүргізуші: Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз

Көктем ханшайымы: Жарайды

Ән «Айналайын ақ мамам»

Тақпақтар:

Адия

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен

Әлия

Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар

Асылжан

Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.

Ильяс

Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім

Әлібек

Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «апа» дегізген

Райяна

Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың

Ернұр

Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар

А.Нұрай

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

Аслан

Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Меруерт

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып-ойнап күлем.

Ұлықбек

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «Гүлдер биін» 

Би: «Гүлдер»

     

Тақпақтар:

Дамира

 Ақ қабақты анашым,

күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

айналайын анашым.
 

Айқаракөз
Жүре берсем қасында,

Әйбат анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан –

Мен мәз болып оянам.

Аңсар

Сыйлаймын мен жырымды, 
Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын Ақ анам!

Ерназар

Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім

Алихан

Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған

Сұлтан

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам

Саша

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым

         

Жүргізуші:

 «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Қазыналы əжелерімізді құттықтай отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Әже туралы тақпақтар:

Аяназ

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

Н.Нұрай

 Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана, ол әжем.

Ерзат

Әжелерді ардақтап,

Қуанатын кулді күн.

Мейрамымен құттықтап

Би билейміз біз бүгін

Иманғали

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді. 

М.Айым

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Роза

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Архат

Еркелесем күнім дейтін, 

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 

Ән: «Әжем мені өте жақсы көреді»   

Ойын: Гүл құрастыру.

       

Жүргізуші

Еңбекпенен ер жеткен

Отан даңқын өрлеткен

Туған жерді гүлдентіп

Шаттық бимен тербеткен, - дей отырып ұлдарымыздың «Аспазшылар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Аспазшылар» 

Көктем: Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бырақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

Жүргізуші

Шалқып тасып əніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бəріміз.

Би: «Танго»

Жүргізуші:

Аналардың мейірімі ерекше,

Талпындырған асулар мен белеске.

Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…

(сыйлықтарын аналарға береді

Жүргізуші: Құрметті  Əжелер мен Аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нəрсе жоқ.

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашан да қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі «Аяулы  анашым»  атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анашым" 2 сәбилер тобына арналған сценарий»

«Аяулы анашым»

(Балалар музыка әуенімен залға кіреді).

Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты əжелер, ардақты аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнімен құттықтаймыз. Əрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары, өмірлеріңіз ұзақ болсын!

Жүргізуші: Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….

Жүргізуші:

Көктем келді қалаға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп тал өседі, - деп ортаға Көктем аруын шақырайық.

Көктем ханшайымы:

Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін əперем.
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер.

Жүргізуші: Амансың ба, Көктем Аруы! Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Ал, Көктем Аруы, балаларымыздың өзіңе арналған әнін қабыл ал.

Ән «Көктемде»

Көктем ханшайымы:

Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды.

Жүргізуші: Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз

Көктем ханшайымы: Жарайды

Ән «Айналайын ақ мамам»

Тақпақтар:

Адия

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен

Әлия

Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар


Асылжан

Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Ильяс

Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Әлібек

Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «апа» дегізген


Райяна

Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың


Ернұр

Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар


А.Нұрай

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


Аслан

Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.


Меруерт

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып-ойнап күлем.


Ұлықбек

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «Гүлдер биін» 

Би: «Гүлдер»

Тақпақтар:

Дамира

Ақ қабақты анашым,

күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

айналайын анашым.

Айқаракөз
Жүре берсем қасында,

Әйбат анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан –

Мен мәз болып оянам.


Аңсар

Сыйлаймын мен жырымды, 
Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын Ақ анам!


Ерназар

Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Алихан

Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған


Сұлтан

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам

Саша

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым



Жүргізуші:

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Қазыналы əжелерімізді құттықтай отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Әже туралы тақпақтар:

Аяназ

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

Н.Нұрай

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана, ол әжем.


Ерзат

Әжелерді ардақтап,

Қуанатын кулді күн.

Мейрамымен құттықтап

Би билейміз біз бүгін


Иманғали

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді. 


М.Айым

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.


Роза

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.


Архат

Еркелесем күнім дейтін, 

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 


Ән: «Әжем мені өте жақсы көреді»

Ойын: Гүл құрастыру.

Жүргізуші

Еңбекпенен ер жеткен

Отан даңқын өрлеткен

Туған жерді гүлдентіп

Шаттық бимен тербеткен, - дей отырып ұлдарымыздың «Аспазшылар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Аспазшылар»

Көктем: Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бырақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

Жүргізуші

Шалқып тасып əніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бəріміз.

Би: «Танго»

Жүргізуші:

Аналардың мейірімі ерекше,

Талпындырған асулар мен белеске.

Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…

(сыйлықтарын аналарға береді)


Жүргізуші: Құрметті Əжелер мен Аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нəрсе жоқ.

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашан да қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Аяулы анашым" 2 сәбилер тобына арналған сценарий

Автор: Абдусаттар Айаулым Абдуғалиқызы

Дата: 19.02.2019

Номер свидетельства: 500516

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Ана- ?мірді? г?лі" ерте?гілігіні? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "ana-omirdin-ghuli-iertien-ghilighinin-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "305961"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458032109"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства