- Бізге математика ?лемінен мынандай сыйлы? келді.?андай ?ажап сыйлы?.
Балалар, бізге тапсырмаларды осы шарларды? ішіне жасырып ?ойыпты,тапсырманы д?рыс орындаса?дар келесі саба?та «Си?ырлы математика» еліне саяхат?а барамыз.
Просмотр содержимого документа
«?ажайып сандар ?лемі»
№ 19 жалпы орта білім беру мектебі
«Жауқазын» шағын орталығы
Қарапайым математика
Тақырыбы: Сандар әлемі
Мектеп алды даярлық «А» тобы
Тәрбиеші:Шона Жанар
2015-2016 оқу жылы
Павлодар қаласы
Білім беру саласы: «таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «ҚМҰҚ»
Сабақтың тақырыбы: Сандар әлемі
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталай отырып,10 көлеміндегі сандардың құрамын анықтау арқылы сандардың қатарын ретімен санауға жаттықтыру .Есеп оның құрылымдық э лементтері туралы түсініктерді бекіту,сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың білім-біліктілігін , танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс әрекеттерін біріктіріп дамыту. Ойлау қабылдау сезімдерін жетілдіру. Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық пішіндер,слайд,үлестірмелі материалдар
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-
лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
Шаттық шеңбері
Күндей жадырап,айдай арайлап жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.
Шеңбер болып тұрайық.
Күннің нұрын салайық..
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық
2. жүректен жүрекке
. Жаттығу «Біз байсалдымыз»
-Мұқият тыңдаймыз
-Есте сақтаймыз
-Бөгет жасамаймыз
-Сабақта өткенді әрдайым қайталаймыз!
Ғажайып сәт:
Дыбыс естіліді: Бұл не дыбыс ?
- Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не дыбыс ?
- Бізге математика әлемінен мынандай сыйлық келді.Қандай ғажап сыйлық.
Балалар, бізге тапсырмаларды осы шарлардың ішіне жасырып қойыпты,тапсырманы дұрыс орындасаңдар келесі сабақта «Сиқырлы математика» еліне саяхатқа барамыз.
Орындаймыз ба?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға
Тапсырмалар:
1-тапсырма экранда
Пішіндердің санын анықта
Қай затқа ұқсайтынын ата.
Карточкамен жұмыс:
2.тапсырма:суреттегі заттарды санап,керекті санды боя
3.Ой қозғау /сұрақ-жауап/
Сәуле шашып маңайға
Үш шырағы жанып тұр
Кезекпенен жағылып
Бағытқа жол салып тұр
Аспанда күн нешеу?
Үш алманы бағтағы
кірпі барып жинады
ең әдемі тәттісін
түлкіге ол сыйлады
себеттегі алманың санап көрші қалғанын
сатып екі сәбізді,қойды қоян себетке,тағы қосса біреуін нешеу болмақ әдете?
Ағашта үш торғай қонып отыр еді,ала мысықты көріп ,торғайлар ұшып кетті.Ағашта қанша торғай қалды.
4.Экранда сандарды тура,,кері сана
5.Сергіту сәті:
6.Экранда есептерді ауызша шығару
Карточкамен жұмыс: есептер шығару
7.Сызбамен жұмыс
8.Дәстүрден тыс әдіс
Қорытынды:сұрақ-жауап арқылы қортындылау
-
1.сабақта не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
2.Сабақта не ұнады?
3.болашақта не білгілерің не үйренгілерің келеді?
4қандай қиындықтар кездесті.
5. сен қандай сезімде болдың?
6. қандай тілектерің бар?
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз - Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлық таратады. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалау
Балалар шаттық
шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.
Алақандарын жоғары көтеріп үрлейді
Балалар қайталап айтады.
Балалар тыңдайды
балалар жауап береді,жұмбақтың шешімін табады
Санын анықтайды,
Заттарды атайды
Бос орынға тиісті пішінді сызады
Заттарды санап тиісті санды бояйды.
Мұқият тыңдайды
балалар жауап береді,жұмбақтың шешімін табады
Балалар қимылмен санап көрсетеді
Орындарында есептер шығарады
Сызбаға қарап заттарды атайды
Пішіндермен сандарды әшекейлу
Балалар жауап береді,өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : Тура кері санауды,пішіндерді ажыратуды,есептер құрастырып,шығара білді.Логикалық есептер шығарды
Меңгеру керек:сұраққа толық жауап беріп,жазу,сызуды меңгерді