kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айналада?ы ?ажап ?лем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айналамен таныстыру,к?ркем ?дебиет, математика, сурет ??растыру?а ??рыл?ан б?л саба?та к?зделген ма?сат мына т?мендегідей ?ш ба?ытта ж?зеге асырылады

    А) Білімділік: балаларды ?орша?ан ?лемді сезінуге ж?не  сезім ?ле? –жыр жолдарымен білдіруге ?йрету. Балаларды ізденуге, шешуін табу?а ж?не шешім ?абылдап, талдау?а баулып,?орша?ан  ортаны танып білуге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

    ?) Дамытушылы?: Балаларды ?з еркімен на?ты жауап беруге жатты?тыру. С?здік ?орын байытып, логикалы? ойлауды  дамыту, с?здерді д?рыс айту?а ?йрету. 

    Б) Т?рбиелік: ту?ан жерді? таби?атыны? с?лулы?ын сезінуге, оны аялап ?ор?ау?а, адамгершілікке,?ам?орлы? сезімдерге т?рбиелеу.

    К?рнекті ??ралдар: жыл мезгілдеріні? суреттері, ж?мырт?а, балапан, жануарлар бейнесі,?нтаспа,?а?аз,желім, сурет ?лгісі, бояу.

    ?олданылатын ?дістер: ??гімелер,ойын, т?сіндіру,к?рсету, с?ра?-жауап, ма?ал- м?телдер,шешендік с?здер, тиым с?здер, сын т?р?ысында ойлау.     

    С?здік ж?мыс:  ж?мырт?а-т??ым, таби?ат, арда?ты дос, аяулы дос, жар?ын дос, ?ажайып ?лем,шуа?ын т?ккен, шапа?атты к?н,жеті к?н, жеті ?азына.

  Саба?ты? барысы:   Психологиялы? тренинг:

-К?не балалар, с?лемдесіп  алайы?шы.

Таби?ат бізді? анамыз,

Иіліп с?лем береміз

Біз ?депті баламыз.  

Балалар:-«Амансыз ба,с?леметсіздер ме»

Т?рбиеші:  Арда?ты дос, алтын дос,аяулы дос,жар?ын дос – дегендей,    енді бір-бірімізге ?арап «Досым к?лімдейікші» деп айтайы?

Тренинг: «Мен ?андаймын?».                                     

  • Балалар, сендер ?здері? туралы айту?а дайынсы?дар ма?
  • К?не кім айтады?( балалар ?здері туралы айтады)
  • Мен ?депті ?ызбын.
  • Мен келбетті, к?ріктімін.
  • Мен ?депті, мейірімдімін.
  • Мен а?ылды, дарындымын.
  • Мен зейінді зерекпін.

 Т?рбиеші: -Сендер ?андай м?лу, мейірімді, а?ылды балаларсы?дар. Осындай ?айырымды, а?-жар?ын болуымыз?а бізге не к?мектеседі?

 Бала: Шуа?ын т?ккен,

            Шапа?атты к?н!

-Д?рыс, ендеше шуа?ын т?ккен к?нмен де амандасып алайы?(амандасу).

1-бала:  -Арайлап ат?ан та?ымыз,

2-бала:-?айырлы болсын к?німіз,

3-бала: -Шуа?ты к?нні? с?улесі

4-бала: -Жайнасын  б?гін жар?ырап.

Барлы?ы:  Амансы? ба-н?рлы к?н.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айналада?ы ?ажап ?лем»

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Мектепке дейінгі ұйым ересектер «Балдырған» топ тәрбиешісі

Мелдебекова Сауле Зауырбекова

Айналадағы ғажап әлем.

Айналамен таныстыру,көркем әдебиет, математика, сурет құрастыруға құрылған бұл сабақта көзделген мақсат мына төмендегідей үш бағытта жүзеге асырылады

А) Білімділік: балаларды қоршаған әлемді сезінуге және сезім өлең –жыр жолдарымен білдіруге үйрету. Балаларды ізденуге, шешуін табуға және шешім қабылдап, талдауға баулып,қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын арттыру.

Ә) Дамытушылық: Балаларды өз еркімен нақты жауап беруге жаттықтыру. Сөздік қорын байытып, логикалық ойлауды дамыту, сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

Б) Тәрбиелік: туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері, жұмыртқа, балапан, жануарлар бейнесі,үнтаспа,қағаз,желім, сурет үлгісі, бояу.

Қолданылатын әдістер: әңгімелер ,ойын, түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап, мақал- мәтелдер,шешендік сөздер, тиым сөздер, сын тұрғысында ойлау.

Сөздік жұмыс: жұмыртқа-тұқым, табиғат, ардақты дос, аяулы дос, жарқын дос, ғажайып әлем,шуағын төккен, шапағатты күн,жеті күн, жеті қазына.

Сабақтың барысы: Психологиялық тренинг:

-Кәне балалар, сәлемдесіп алайықшы.

Табиғат біздің анамыз,

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Балалар:-«Амансыз ба,сәлеметсіздер ме»

Тәрбиеші: Ардақты дос, алтын дос,аяулы дос,жарқын дос – дегендей, енді бір-бірімізге қарап «Досым күлімдейікші» деп айтайық

Тренинг: «Мен қандаймын?».

  • Балалар, сендер өздерің туралы айтуға дайынсыңдар ма?

  • Кәне кім айтады?( балалар өздері туралы айтады)

  • Мен әдепті қызбын.

  • Мен келбетті, көріктімін.

  • Мен әдепті, мейірімдімін.

  • Мен ақылды, дарындымын.

  • Мен зейінді зерекпін.

Тәрбиеші: -Сендер қандай мұлу, мейірімді, ақылды балаларсыңдар. Осындай қайырымды, ақ-жарқын болуымызға бізге не көмектеседі?

Бала: Шуағын төккен,

Шапағатты күн!

-Дұрыс, ендеше шуағын төккен күнмен де амандасып алайық(амандасу).

1-бала: -Арайлап атқан таңымыз,

2-бала:-Қайырлы болсын күніміз,

3-бала: -Шуақты күннің сәулесі

4-бала: -Жайнасын бүгін жарқырап.

Барлығы: Амансың ба-нұрлы күн.

-Енді сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін кім табады?

Арайлап таң атты,

Нұрлы сауле таратты.

Жарқырайды күніміз.

Күлімдейді жүзіміз,

Айтыңдаршы балалар , бұл кай мезгілде болады?

Бала: Таңертеңгі мезгіл.

Кәне, балалар, бір- бірімізге шуақты күн тілеп, ыстық сезімдерімізбен бөлісейік.

1-бала: -Аспан ашақ болсын!

2-бала:- Күн қайырлы болсын!

3-бала: -Күн қуанышты болсын!

4-бала:-Шаттыққа толы болсын!

5-бала:-Біз балдырған тең басқан!

6-бала: -Дос құшағын кең ашқан !

7-бала:- Тілегіміз әділдік!

Барлығы: Ашық болсын, кең аспан!

Тәрбиеші: Балалар, сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды? Жыл мезгілін атап беріңдерші?

Бала: Көктем, жаз, күз, қыс.

-Жыл мезгілі бізге қандай сыйлықтар сыйлайды?

1-бала: -Қыс мезгілі-сырғанақтың шаңғысын, шанасын, аппақ қарын сыйлайды

2-бала:-Көктем мезгілі – сарқыраған өзенін , алғашқы гүлін, көгілдір аспанын сыйлайды.

3-бала: -Жаз мезгілі-ыстық күннің саулесін, ашық түсті гүлдерін, жемісі мен көкенісін сыйлайды

4-бала:-Күз мезгілі –алтын астығы мен нанын, жеміс-жидегін, саңырауқұлағын сыйлайды.

-Балалар, білесіндер ме, табиғат ғажайыптарын терең сезініп, өлең жазған ақын атамыз кім?

Бала: Абай Құнанбаев атамыз.

Тәрбиеші: Кәне, жыл мезгілдеі жайлы өлең жолдарын еске түсірейікші.

Жаз.

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай..

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Көктем. Жазғытұры.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Кәне балалар бәріміз орнымыздан тұрып «саусақтарға жаттығу жасайық»

Қағып, сілкіп, кіреді (қолдысілкілеу)

Су бүркейді табаға (саусақпен бүрку)

Қолымызға жабысқан, түсірейік қамырды (саусақтарды төмен қарай сипалау)

Қолды жуып, кептіріп (қолды айналдыра сипалау)

Қолғапты да киелік (саусақты жоғары қарай сипалау)

Табыстырып саусақты,демалдырып алайық (саусақтарын кезекпен түйістіру)

Тәрбиеші: -Балалар, енді жыл мезгілдерінің атауларына орай төрт топқа бөлініп, сабағымызды жалғастырайық. « Дарын-жанып тұрған жалын»-демекші , дарындылықтарыңды көрейік.

Топтық жарыстар.

1. «Жаз» сурет салу, «Әсем гүлдер» бояумен салу.

2. «Күз» мақал-мәтел айту.

«Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тіленбей»

«Жері байдың-елі бай».

3. «Көктем» кұрастыру. Гүл жасау.

4. «Қыс» жаңылтпаш айту.

«Қыста құлағым үсіп-үсіп қалды», «Бұл қар-сұр –қар, кір қар,үстінде аунама.Үстіңді былғар.

Бой сергітусәті: Музыка қойылады.

Жұмыстарын аяқтап, тақтаға ілу, көрме жасау.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла,тез ойла (Осы уақытта үн таспадан шиқылдаған балапанның дауысы естіледі ).

-Тыңдаңдаршы балалар, бір шиқылдаған дауыс шығатын секілді. Кәне, кайдан шығып жатыр, көрейікші. Домалап, ортаға жұмыртқа келеді.

-Қараңдар, тамаша, мынау не?

-Жұмыртқа ғой.

-Тыңдаңдаршы ішінде біреу шиқылдайтын сияқты. Бұл кім болды екен?

-Бұл балапан ғой!

Балапан: Көмектесіңдерші, менің сыртқа шыққым келеді.

Тәрбиеші: -Қандай керемет, кәне көмектесеміз бе?

-Балалар жайлап жұмыртқаны тықылдатайықшы. Осы кезде ішінен кішкентай балапан шығады.

Балапан: Уа, тамаша, жап-жарық, қандай керемет. Сіздер кімсіздер?

Балалар:-Біз балалармыз. Сен енеңнен адасып қалдың ба?

Балапан: -Білмеймін менің енем кім екенін.

Тәрбиеші:Балалар, біз ойын ойнайық. Мүмкін балапан өзінің енесінің қалай аталатының есіне түсірер. Мен төлдерін айтамын, ал сендер енелерін айтасыңдар.

Бота-түйе, құлын-жылқы

Қозы-қой, лақ-ешкі

Күшік-ит, қонжық –аю

Балапан - тауық

Балапан: Алақай, менің енем тауық. Ол енді мені іздеп келедіғой.

Тәрбиеші:Әрине, балапан сенің енең сені іздеп келеді.

Осы кезде балапан қанатын қанатын қағып,сілкінеді де,қанатының астынан хат түседі.

Тәрбиеші:-Мынау не? Кәне, оқып көрелік. Балалар, бұл математикалық тапсырма екен. Мұнда, Апта деген атайдың ағайынды жеті ұлы қалай аталады?- деп жазылыпты.

Кәне шешеміз бе?

Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма,Сенбі,Жексенбі-деп балалар атап береді.

Балапан екіншірет қанатын сілкілегенде 7 – саны түседі.

Тәрбиеші: - Балалар 7 санын халқымыз қандай сан дейді?

Балалар: Киелі сан дейді

Тәрбиеші: -7 саны туралы не білесіңдер?

1-бала: - Жеті күн - бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, арғы күні, азна, соңғы күн.

2-бала:-Жеті ата - ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

3-бала: -Жеті тағам – тұз, қатық, ет, кеспе, бидай, тары, су.

4-бала:-Жеті қазына – сұлу әйел, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат, ер жігіт, жүйрік тазы, ақыл –білім.

Осы кезде қытқыттап тауық кіреді.

Тауық: -Балалар, менің бір жұмыртқам домалап кетіпті,көрген жоқсыңдар ма?

Балапан: -Ене, мен мұндамын. Алақай, енем келді.

Балалар балапанға сыйлық беріп, қоштасады.

Тәрбиеші: -Балалар, енді шеңбер жасап тұрайық, (жәй әуен ойнайды) көзімізді жұмып мына әуенді тыңдайық (1мин).

Балалар, бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Біз сабақта не үйрендік?

Балапанның даусын кім салып бере алыды?

Балапанның енесі кім?

Әлемдегі керемет нәрсе не?-деген сұрақтар қойып оның жауабын тындап қортындылайды.

Балалардың белсенділігін, жауаптарын бағалап, сабақты аяқтайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Айналада?ы ?ажап ?лем

Автор: Мелдебекова Сауле Заурбековна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284561


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства