Просмотр содержимого документа
«Ана тілі бойынша ашы? саба?»
Сабақтың тақырыбы: Алматы. Тасымал. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тасымал жайлы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, CТО технологиясы арқылы сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Дамытушылық: Алматы қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту дамыту. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: CТО, сұрақ – жауап әдісі, баяндау әдісі, көрнекілік әдісі, талдау әдісі. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, қазақ тілі Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 1/ Психологиялық дайындық:
2/Үй тапсырмасын тексеру:
, Ана тілін ашайық, өткенге шолу жасайық,. II Үй жұмысы - Өткенге шолу Іске сәт, сабақтан жақсы әсер алып, барлығыңның бағалануларыңа тілектеспін. 1/ «Өз Астанам - өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқыту - Өте жақсы, балалар! - Балалар, өлең не туралы, кім айтады? - Өлең Астана туралы. - Астана қандай қала? - Астана - еліміздің бас қаласы. Астана өте әдемі қала. Ол жас қала, жас астана. 2/ - Ал, балалар, тынышталайық, Енді тақтаға назар салайық. Сөздердің тасымалдануын Ойланып, еске алайық. «Астана» сөзінің тасымалдану жолдарын сұрау - Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек? Тасымалдау. Астана - Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады? Буынға Астана Бұл сөз Ас - та - на болып үш буынға бөлінеді. - Ал, буын саны неге байланысты болады? Дауысты дыбыстарға. 3)- Тақтаға бәріміз қарайық, Мұқият назар салайық. Бас қаламыз – Астана жайлы Білімімізді толықтырайық. Астана жайлы суреттерді көрсету. Суреттегі таныс ғимараттарды атату - Бұл суретте не бейнеленген? - Бәйтерек. Бәйтерек – Астананың символы. - Бұл не? - Ол Ақорда. Мұнда еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істейді. Мына суретте не көріп отырсыңдар? - Бұл Астананың мешіті – Ислам орталығы.
3/Жаңа сабақ
СТО
-Сөзжұмбақ шешу
-Қандай сөз шықты?
-Алматы
-Балалар ,мен сендерге Алматы қаласы туралы мәліметтер жинап келіңдер дегенмін .
-Кәне кім не біліп келді? - Балалар, бұрын Қазақстанның астанасы қай қала болған? - Астанаға дейін еліміздің бас қаласы – Алматы қаласы болған.
-Алматыда кім болды?
-Кәне Алматы туралы айтып беріңдерші?
-Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді оқу
-Сұрақ-жауап әдісі:
-Мәтін не туралы?
-Алматы қандай қала?
-Алматы қаласының жан-жағын не көмкеріп тұр?
-Алматының іші-сырты неге толы?
-Алматыда өсетін теңдесі жоқ алма қалай аталады?
-Енді, тақтаға көңіл аударайық.
Алматы қаласының көріністерін тамашалау.
Сергіту сәті
-93-жаттығу
Мақалды көшіріп жазу
-Қарамен жазылған сөздерді тасымалдап жазу.
-Мақалдың әр жолын оқытып ,талдау жасату
-Слайд
-Тау аттарын тасымалдап жазу
-Өзен аттарын тасымалдап жазу
-Әр қатарға тапсырма беру
1/ Алматы туралы шағын әңгіме жазу
2/Алматы туралы бес жолды өлең жазу
3/Алматы сөзін тасымалдап көрсету.
-Вен диаграммасы арқылы сабақты бекіту:
Қорытынды:
-Қазақстанның қазіргі астанасы қалай аталады?
-Астанаға дейін еліміздің бас қаласы қалай аталған?
-Астана
-Алматы
Екеуінің ортақ қасиетін табу
-Бағалау
-Үйге тапсырма :61-62 бет оқу .Алматы туралы әңгіме жазу