kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеберлерді? ?олында к?сіп бол?ан б?л а?аш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:  «Шеберлерді?  ?олында к?сіп бол?ан  б?л а?аш»

Саба?ты?  ма?саты:         о?ушыларды? ойлау ?абілетін арттыру, шеберлігін шы?дау, ?ол?нерге, ?семдікке ?йрету.    

Керекті ??рал – жабды?тар: компьютерлік о?у б?лмесі, презентация материалы,

                                                     мультимедиялы? проектор, орта? басып шы?ар?ыш.         

Саба?ты? к?рнекілігі:      е?бек ??ралдары, е?бек формасы, суреттер, слайдтар (?р

                                               б?лімге арналып дайындалады).

?йымдастыру ж?мысы:

 Шебер ?олды о?ушылар арасынан екі топ ??рылады. Осы топтар?а мынадай жоспар бойынша ж?мыс ж?ргізуге тапсырмалар беріледі:

1. Топты? атын та?дау.

2. Топ м?шелерін таныстыру.

3. ?ол?нер туындыларын ?ор?ау.

4. «Шеберлік шы?ы» бай?ауы.

5. «Шеберлерді? ?олында к?сіп бол?ан б?л а?аш» атты шы?армалар, ?ле?дер, суреттер бай?ауы.

    М??алім а?аш шеберлігі туралы баяндап, ?ыс?аша т?сінік береді.

    А?аш -  ол адамзат пайда бол?ан к?ннен бастап е? ?ажетті материал деп санал?ан. Себебі а?аштан ?р т?рлі т?рмыс?а ?ажетті ??рал – жабды?тар жасалынып, с?ндік б?йымдар дайындал?ан. Ел арасында  ас?ан а?аш шеберлері «а?аштан т?йін т?йген» деген ата??а лайы?ты шеберлер ?мір с?рген. Міне, сол д?ст?рді жал?астырып мектебімізде «Жас а?аш шеберлері» атты ?йірме ж?мыс істейді. Осы жас шеберлерді? іскерліктерін ба?алау ?шін ?ткізгелі отыр?ан сайысты ж?ргізушілерге кезек береміз.

1 – ж?ргізуші:     Б?л бай?ау?а барша?ыз,

                             Келіпсіздер жиылып.

                             С?лем бердік сіздерге,

                             Міне, біз де иіліп.

2 – ж?ргізуші:   ?лы? ?сіп келеді,

                            Ата – ананы? ?міті.

                            Т?рбиелеп келеміз,

                            Ел ?ор?айтын жігітті.

1 – ж?ргізуші:    Шебер ?олды баланы?,

                             ?нерін б?гін к?рейік.

                             Жас ?ренге ?нерлі,

                              ?діл ба?а берейік.

2 – ж?ргізуші:      «Жас а?аш шеберлері» атты бай?ау?а ?атысушы «Емен» ж?не «?айы?» топтарына ба?а беру ?шін осы ?нерге бейімі бар адамдардан ж?не тіл мамандары мен сурет, е?бек мамандарына ?діл?азылар ал?асы сайланады.

М?ра бол?ан бала?а!

А?ашты ?ор?ап к?тейік,

?асиетін сезініп.

Пайдалану орнымен,

Керек екен осыны ??!

А?ашты кеспе аяусыз,

Таби?атты ?ор?айы?!

Отын ?ылып орынсыз,

Желекті жасыл жоймайы?!

1 – ж?ргізуші:

Шеберлерді мада?тап,

??рметтейміз біз б?гін.

Аны?таймыз бай?аудан.

4. «Жас а?аш шеберлері» ?здігі деген ат?а лайы?ты топты аны?тап, марапаттау. «Таныстыру», «?ол?нер туындыларын ?ор?ау», «Шеберлік шы?ы», «Шеберлерді? ?олында к?сіп бол?ан б?л а?аш» б?лімдері бойынша ?діл?азылар ал?асы ?ай топта ?здіктер саны к?п екенін аны?тап, сол топты же?імпаз деп жариялайды. Сондай – а? жекелеген белсене ?атыс?ан о?ушылар?а марапаттаулар жасайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шеберлерді? ?олында к?сіп бол?ан б?л а?аш »

Сабақтың тақырыбы: «Шеберлердің қолында кәсіп болған бұл ағаш»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шеберлігін шыңдау, қолөнерге, әсемдікке үйрету.

Керекті құрал – жабдықтар: компьютерлік оқу бөлмесі, презентация материалы,

мультимедиялық проектор, ортақ басып шығарғыш.

Сабақтың көрнекілігі: еңбек құралдары, еңбек формасы, суреттер, слайдтар (әр

бөлімге арналып дайындалады).

Ұйымдастыру жұмысы:

Шебер қолды оқушылар арасынан екі топ құрылады. Осы топтарға мынадай жоспар бойынша жұмыс жүргізуге тапсырмалар беріледі:

1. Топтың атын таңдау.

2. Топ мүшелерін таныстыру.

3. Қолөнер туындыларын қорғау.

4. «Шеберлік шыңы» байқауы.

5. «Шеберлердің қолында кәсіп болған бұл ағаш» атты шығармалар, өлеңдер, суреттер байқауы.


Мұғалім ағаш шеберлігі туралы баяндап, қысқаша түсінік береді.

Ағаш - ол адамзат пайда болған күннен бастап ең қажетті материал деп саналған. Себебі ағаштан әр түрлі тұрмысқа қажетті құрал – жабдықтар жасалынып, сәндік бұйымдар дайындалған. Ел арасында асқан ағаш шеберлері «ағаштан түйін түйген» деген атаққа лайықты шеберлер өмір сүрген. Міне, сол дәстүрді жалғастырып мектебімізде «Жас ағаш шеберлері» атты үйірме жұмыс істейді. Осы жас шеберлердің іскерліктерін бағалау үшін өткізгелі отырған сайысты жүргізушілерге кезек береміз.

1 – жүргізуші: Бұл байқауға баршаңыз,

Келіпсіздер жиылып.

Сәлем бердік сіздерге,

Міне, біз де иіліп.

2 – жүргізуші: Ұлың өсіп келеді,

Ата – ананың үміті.

Тәрбиелеп келеміз,

Ел қорғайтын жігітті.

1 – жүргізуші: Шебер қолды баланың,

Өнерін бүгін көрейік.

Жас өренге өнерлі,

Әділ баға берейік.

2 – жүргізуші: «Жас ағаш шеберлері» атты байқауға қатысушы «Емен» және «Қайың» топтарына баға беру үшін осы өнерге бейімі бар адамдардан және тіл мамандары мен сурет, еңбек мамандарына әділқазылар алқасы сайланады.


1 – жүргізуші: Таныстыру сәтіне,

Кезек келді ағайын.

Шеберлерге шыңдалған,

Тілейік табыс толайым.

2-жүргізуші: «Емен» , «Қайың» топтары,

Кезек алсын танысып.

Шыңына шығып шеберлік,

Мол болсын дейік табысың.

1. Топ таныстырулары.

«Емен» тобының таныстыруы:

Ағаштың болған төресі,

«Емен» сияқты тобым бар.

Шынығып ыстық, суыққа,

Емендей төзімді болыңдар.

Шеберлерден құралған,

«Емен» атты тобым бар.

Қолдан келсе жігіттер,

Емендей мықты болыңдар.

«Қайың» тобының таныстыруы.

«Қайың» аталды топ аты,

Төзімділердің бірі деп.

Бір тал кессең ағайын,

Орнына оның он тал ек!

Мұқағали атамыз,

Қайыңмен ғана сырласқан.

Әдеміліктің символы

Арналған оған жыр дастан!

1 – жүргізуші:

Оң қолынан өнер тамған,

Еңбектеніп осы жолда.

Дайындаған туындыны,

Кезек келді топқа қорғау.

2. Қолөнер туындыларын қорғау.

Байқаудың бұл бөлімінде әр топ кезектесіп топ мүшелерінің дайындаған ағаштан жасалған құрал – жабдықтарының жасалу технологиясымен таныстырып, қазылар алқасына бағалауға тапсырады.

«Емен» тобы – домбыра, ас үй жабдығы, орындық, бесік тағы басқа құралдар дайындаған екен.

«Қайың» тобы – астау, ағаш мүсіндер, ыдыстар, келі – келсап, сыбызғы сияқты бұйымдар жасады. Ендігі кезекте топ мүшелері қолөнер туындыларын қорғайды.

2 – жүргізуші: Адал еңбектерін төккен,

Шеберлер бар сыннан өткен.

Өнерімен өркен жайып,

Шеберліктің шыңына жеткен!

3. «Шеберлік шыңы» байқауы.


Бұл бөлімде алдын ала дайындалған құралдармен белгіленген уақыт ішінде ағаш бетіне ою - өрнектер салып, әр топ мүшелерінің жұмыстарынан бір ортақ геометриялық пішіндер құрастырып шығару керек. Мысалы: «Емен» тобы табаны алты бұрышты пирамида құрастырса, «Қайың» тобы алты қырлы цилиндр жасап шықты. Бұл жұмыстарға 15 минут уақыт беріледі.

Топ мүшелері өз тапсырмаларын орындап жатқан кезде қатысып отырған көрермендер арасында шеберлік және қолөнер туралы мақал – мәтелдерден, қанатты сөздерден сайыс ұйымдастырылып, үйірме мүшелерінің жасаған қолөнер туындылары сыйға тартылады.

1 – жүргізуші: Кәсіп еткен ағашты,

Шеберлер міне, жарасты.

Шеберлерің өнердің,

Сан түрімен таласты!

4. «Шеберлердің қолында кәсіп болған бұл ағаш»

Бұл сайыста топ мүшелері осы тақырыптағы шығармашылық жұмыстарын сарапқа салады. Мысалы: бір оқушы өзінің шығармашылық жұмысын мынадай өлеңмен жеткізе алды:

Шеберлердің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

Адамға қызмет етуге,

Асық болған бұл ағаш.

Бағзы көне заманда,

Құрал болған адамға.

Шеберлердің дәстүрі,

Мұра болған балаға!

Ағашты қорғап күтейік,

Қасиетін сезініп.

Пайдалану орнымен,

Керек екен осыны ұқ!

Ағашты кеспе аяусыз,

Табиғатты қорғайық!

Отын қылып орынсыз,

Желекті жасыл жоймайық!

1 – жүргізуші:

Шеберлерді мадақтап,

Құрметтейміз біз бүгін.

Анықтаймыз байқаудан.

4. «Жас ағаш шеберлері» үздігі деген атқа лайықты топты анықтап, марапаттау. «Таныстыру», «Қолөнер туындыларын қорғау», «Шеберлік шыңы», «Шеберлердің қолында кәсіп болған бұл ағаш» бөлімдері бойынша әділқазылар алқасы қай топта үздіктер саны көп екенін анықтап, сол топты жеңімпаз деп жариялайды. Сондай – ақ жекелеген белсене қатысқан оқушыларға марапаттаулар жасайды.




























«Жігіт сұлтаны» сайысы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ер жігіттің қасиеттерін, батыр ерлердің ерлігін құрметтей білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік мақсаты: ер жігіттің қасиеттерін көрсете отырып, батыр ерлердің ерлігін ұмытпай есте саққтап, оқушыларды сол ерлердің ұмытпай есте сақтап, оқушыларды сол ерлерімізді құрметтеуге баулу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын, төзімділігін, ептілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанды қорғауға, сүю сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, мақал – мәтел жазылған плакаттар.

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Құрметті оқушылар! «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» атты «Жігіт сұлтаны» сайысын ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысқа 7 «Ә» сыныбынан 5 оқушы қатысып отыр.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ел дәстүрін қолдамақ,

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Ортаға сайысқа қатысатын батырларды шақырамыз.

Жырлардан сіздерге белгілі

«Ер Тарғын» секілді батыр

Ақжүніс сұлудың сарбазы

Сайысуға келіп жатыр.

Ортаға Ер Тарғын батырды шақырамыз.

Халыққа бақ бұрайын деп,

Хақтан медет сұрайын деп.

Сын сағатта шыдайын деп,

Қалың елді бір қуанттың,

Батыр бабам Райымбек.

Ортаға Райымбек батырды шақырамыз.

Ертегіден Ер Төстік

Бәріңізге танымал

Күш сынауға келіпті,

Көрермендер қабыл ал.

Ортаға Ер Төстік батырды шақырамыз.

Қоңырат деген елінен,

Жиделі байсын жерінен.

Батыры болған сол елдің

Алпамыс келді көріңдер.

Ортаға Алпамыс батырды шақырамыз.

Қобыланды батыр жырлардан,

Естіп жүрміз бәріміз.

Қошаметпен қарсы алып,

Құрметтеңдер бәріңіз.

Ортаға Қобыланды батырды шақырамыз.

Осы сайыста білімдеріңді, тапқырлықтарыңды, өнерлеріңді, батырлықтарыңды көрсетіп, әр бөлімнен сүрінбей өтіп «Жігіт сұлтаны» атағын алуға тырысайық.

Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру.

2. Жорға.

3. Еңбек сайысы. «Түйме қадау».

4. Сөздің көркі - мақал.

5. Өнер сайысы.

6. Поэзия минуттары.

7. Білгенге маржан . . . (Сұрақ – жауап ойыны)

8. Сән үлгісі.

9. Қорытынды.

Сайыс байқауымыздың міндеттерімен танысайық:

1. Әр кезеңде ең жоғары баға «5» ұпайлық белгімен белгіленеді.

2. Жанкүйерлер батырларымызға 2 ұпай алып бере алады.

Сайысымызды бастамас бұрын:

«Әділқазы болды бүгін,

Сайысымыздың ата – анасы.

Бүгінгі күнгі мерекені,

Әділдікпен бағалашы» - дей келе әділқазылар алқасын сайлап алайық. . . .

Бәйгеге түспей жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

«Жігіт сұлтанын» алар ма?

Сайысымызды бастаймыз.

1 – сайыс. Таныстыру.

Өнерлі жастар ортамызда,

Бүгінгі келді сайысқа.

Таныстырып өздерін,

Шықсыншы, кәне ортаға.

2 – сайыс. Жорға.

Мінекей, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата – салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, бір тарихтан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.

1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (Бәйге)

2. Бір топ аттылар тартыспаған қазақта қалай атайды? (Көкпар)

3. Қазақтың тұңғыш ғұлама ғалымы? (Ш. Уәлиханов)

4. Үш дана кім? (Абай, Ыбырай, Шоқан)

5. Үш арсыз? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)

6. Үш жүз? ( Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

7. Жеті ата. ( Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

8. Дүниежүзілік чемпион атағын алған, алғашқы қазақтан шыққан палуан кім? ( Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

9. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесің? (Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов)

10. Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін ата. («Көксерек». «Жетім», «Қараш – қараш»).

11. «Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім? (Сырым батыр)

12. Шыңғысханның бала кезіндегі есімі кім? (Темучин)

13. Шешеңнің әкесі саған кім? (Нағашы ата)

14. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс. (Әулет)

15. Шыңғысханның балаларына бөліп берілетін жер қалай аталады? (Ұлыс)

3 – сайыс. Еңбек сайысы.

«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей еңбек сайысы, яғни «Түйме қадау». Берілген уақыт ішінде түймені дұрыс тәсілмен қадау керек, дұрыс қадалған түйме үшін 5 ұпай беріледі.

4 – сайыс. Сөздің көркі – мақал.

Шешендікті құрметтеген барлық елде,

Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде.

Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған,

Қалып па екен сұлтандарымыздың сол есінде, - деп сайыстың келесі кезеңі – мақал – мәтелге көшеміз.

1. Еңбек пен бақыт - . . . (егіз).

2. Қыз жоқ жерде ... (қызық жоқ)

3. Кедеймін деп қысылма, .... болса қолыңда. (өнерің)

4. Жалқаудан жаман жоқ,

Оқымаса .... жоқ. (маман)

5. Еңбек түбі ... (береке)

6. Ердің атын ..... шығарар (еңбек).

7. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік .... жеткізер. (елдікке)

8. Өнерліден үйрен, . . . (өнерсізден жирен)

9. Талаппен баста, . . . (талғаммен аяқта)

10. Шешеннің тілі алтын, шебердің . . . алтын (қолы)

11. Салт - дәстүрге адал болған арымас, арам болған . . . (жарымас).

12. Жүзігің алтын болғанша, ... (жүзің жарқын болсын).

5 – сайыс. Өнер сайысы.

Өнер аққан селдей – ді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең өнер көп,

Ақыл – ойға кел дейді.

Өнер – оймен арымыз,

Рухани ол нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

6 – сайыс. Поэзия минуттары.

Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген – деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап еді.

Қазақ халқы үшін бұл ақынның орны ерекше.Орыс халқы Лермонтов, Пушкин, Есенин деп мақтанса, біз ұлы Абайды, Мұқағалиды айтып мақтана аламыз.

Ал, біздің батырларымыз қандай ақындардың өлеңдерін оқып таңқалдырар екен.

7 – сайыс. «Білгенге – маржан ...» сұрақ – жауап ойыны.

Қазақтың түрлі – түсті дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен батырларым,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

  1. Руы оның Жағалбайлы,

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Оның өлгені рас болса,

Құдайым, Қыз Жібекті неге алмайды – деп кімнің өлімін жоқтап отыр? (Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы)

2. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986)

3. Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері Естайдың сүйіктісіне арнаған әні? («Қорлан»)

4. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі кім? (Сәдуақас)

5. Мұсылман елдерінің тойлайтын мерекесі қалай аталады? (Наурыз мерекесі)

6. «Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте». Кімнің өлеңі? ( Қ. Мырзалиев)

7. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім? (Т.Әубәкіров)

8. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? (І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлин)

9. Алғашқы мектепті ашқан адам? (Ы.Алтынсарин)

10. Айша – Бибі, Бабаджа, Қарахан мавзолейлері қай жерде? (Таразда)

8 – сайыс. Сән үлгісі.

Батырларымыздың киім талғамын қызықтайық.

Әділқазылар шешімге келгенше бір ән орындалады.

9. Қорытынды.

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.


Құрметті көрермендер, қатысушылар, енді ұпай санын есептеп, сайыста жеңіске жеткен жеңімпаз батырларымызды марапаттау үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік.

Әділқазылар батырларымызды «Жігіт сұлтаны», «Ең парасатты», «Ең епті», «Ең ақылды», «Ең білімді» деген мақтау қағаздарымен марапаттайды.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Осымен «Жігіт сұлтаны» атты сайысымыз аяқталды. Сайысқа қатысушыларға көп – көп рахмет айтамын.

Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Шеберлерді? ?олында к?сіп бол?ан б?л а?аш

Автор: Казенов Улгасбай Талимбаевич

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192204


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства