а) А.Иманов атындағы мұражайдан көргендерін және ауданымыз жайында әң
гімелеу.
- Біздің ауданымыз кімнің атымен аталады?
- А.Имановтың мұражайы жайында не білеміз?
- Батырдың туыс-туғандары,қару-жарақтары, ұстаханасы, киім-кешектерімен танысқандарын айтады.
- А.Имановтың атында ауданымызда нелер бар? (мектеп,мұражай, көше, аудан аты т.б.)
Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар, біз бүгін туған жерімізден шыққан ұлт-азаттық көтерілістің батыры А.Иманов жайында толығырақ білеміз. А.Иманов туралы естелік жазушы Әліби Жанкелдин.Әліби Жанкелдин - белгілі қоғам қайраткері, А.Имановтың досы.
А.Иманов 1873 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданында бұрынғы Қайдауыл болысында Үдербай деген бақташының баласы.
Аманкелдінің атасы Иман белгілі батыр болған. 1916 жылы 25 маусымда отар халықтардан кедейлерден 19 бен 31 жас аралығында жігіттерді күштеп майданға қара жұмысқа алу туралы жарлық шығарды.Онсыз да жергілікті байлардан қысым көріп отырған жергілікті халыққа ауыр тиді. Ауыл ақсақалдары жиналып, патша жарлығына қарсы күреске ұйымдасты.Үлкен жиында қолбасшылыққа Иман батырдың немересі Аманкелдіге жүктеледі.
А.Иманов туралы естелік мәтіннің мазмұнымен таныстырылады.
Кедейлерді жақтаушы
оқыған
аңшы
ержүрек
шыншыл
Батыр
Атасы Иман
Аманкелді
Әкесі Үдербай
Шәріп
Рамазан
Суық қару соғатын ұста дүкендері құрылды.
Ұста дүкені
айбалта
найза
шиті мылтықмылтық
қылыш
Мұражайда көрген соғыстың болған жерлері еске түсіріледі.
Татыр
Торғай
Батпаққара
Байғабыл
Үрпек
Картадағы жер-су аттары қандай әріппен жазылған? Жалқы есім бе? Жалпы есім бе?
Сөздік жұмыс: Құралайды көзге ататын-асқан мерген.
Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтіннен А.Иманов пен атасы Иман туралы айтылған бөлікті тауып оқы.
ә) А. Имановқа берілген мінездемені анықта.
б) Ә. Жанкелдинге А.Имановтың жазған хатын тауып оқы.
А. Иманов пен Ә Жанкелдин айырылысу себебін анықта?
Сергіту сәті
Н. Байғанинның «Аманкелді батырым» атты өлеңі оқылады.
Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер.
Жергілікті сазгер А. Мұздахановтың «Аманкелді дүбірі» атты күйі тыңдалады.
4. Жаңа сабақты пысықтау.
- Шығарма кімнің атынан баяндалады?
- Әліби Жанкелдин мен Аманкелді Иманов туралы не білесің?
- «Болаттай берік, алмастай өткір», «Батыр келбетті кесек тұлға» деген жолдар кімнің бейнесін береді?
( Ұлт –азаттық көтерілістің жағымды және жағымсыз жақтарын оқушылар өздері анықтайды)
Бейнетаспадан көрсетіледі.
Бұл аудан 1928 жылы құрылған.Ауданымызға қарасты 27 орта мектеп,музыка және спорт мектебі 8 клуб, 24 кітапхана бар. Батыр ауылынан шыққан мақтан етерлік ақындарымыз,жазушыларымыз,әншілеріміз,театр,кино актерлерімізбен таныстырылады.Ауданымыздың 80 жылдық мерей тойы атап өтілді.
Аманкелді кино фильміндегі Аманкелді рөлін ойнаған Елубай Өмірзақов пен Аманкелдінің жары Балым рөлін ойнаған.Ш.Жиенқұлова туралы кинодан үзінді
көрсетіледі.
Үйге тапсырма: А.Иманов туралы естелік.
« А.Иманов- халық батыры» тақырыбына шығарма жазу.