kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект на тему- Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:

Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин.

Мұғалім: Аубакирова Г. И.

Сынып: 2«А»

Қатысқан  оқушылар  саны: 

Қатыспаған  оқушылар саны: 

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Оқушыларға батырлар туралы жаңа ақпарат беріп, білімді меңгерту. Түрлі тапсырмалар арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.

Сабақ  нәтижесі:

Оқушылардың барлығы: Қазақ халқының батырлары соның ішінде Амангелді батыр  туралы білімді меңгеріп,берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындай алады.

Оқушылардың көбісі:  Өлеңнің мазмұнын айтып бере алады.Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың кейбіреуі: Берілген тапсырмаларды өз бетінші орындап,өз ойын еркін айта алады.Тақырыпты толықтай меңгереді.

Бағалау  критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алуы. Сабаққа белсенді қатысуы.

Өз ой-пікірлерін еркін, ашық айта алуы.

Тілдік құзіреттілік

Батыр-герой-hero(хеөн)

Ресурстар

Бейнематериал, оқулық, қима қағаздар, кері байланыс, батырлардың суреттері, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, қайталау,ойландыру.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, тарих,музыка.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему- Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин.»



Сабақтың тақырыбы:

Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин.

Мұғалім: Рамазанова Р.Д.

Әдіскер: Жуматаева З. Ж.

Машықкер: Амиржанова А.Н.

Күні: 28.11.17

Сынып: 3«А»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Оқушыларға батырлар туралы жаңа ақпарат беріп, білімді меңгерту. Түрлі тапсырмалар арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы: Қазақ халқының батырлары соның ішінде Амангелді батыр туралы білімді меңгеріп,берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындай алады.

Оқушылардың көбісі: Өлеңнің мазмұнын айтып бере алады.Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың кейбіреуі: Берілген тапсырмаларды өз бетінші орындап,өз ойын еркін айта алады.Тақырыпты толықтай меңгереді.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алуы. Сабаққа белсенді қатысуы.

Өз ой-пікірлерін еркін, ашық айта алуы.

Тілдік құзіреттілік

Батыр-герой-hero(хеөн)

Ресурстар

Бейнематериал, оқулық, қима қағаздар, кері байланыс, батырлардың суреттері, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, қайталау,ойландыру.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, тарих,музыка.

Сабақтың жоспары

Жоспарлан ған уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті.

Қолданыла

тын материалдар.

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал 2минут






-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағын мен Аида Нұрланқызы беремін.

-Балалар, сабағымызды әр түрлі елдердің амандасуынан бастайық.Бірінші Қазақтар -қол алысу,Орыстар-қол алысып құшақтасу, Қытайлықтар-қолдарын айқастырып иілу,Жаңа Гвинения-иектерін қытықтау,Кенилықтар-билей бастайды,Жаңа Зеландия-мұрындарын тигізіп,

-Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отырыңдар.



Мұғалімнің айтқандарын қимылмен көрсету.

Сабақтың ортасы


Сөзжұмбақ шешу

жазбаша

3минут























Ой тастау

ауызша

2минут





















Топтық

Жұмыс

5минут


































































Өлеңмен жұмыс

ауызша 4минут









Сөздік жұмыс

ауызша

2минут



















Өлең бойынша сұрақтар

Ауызша

2минут






















Сергіту сәті

2минут





Топтық жұмыс

жазбаша

6минут
















Бекіту

8минут
























Қорытынды

2минут


Білу және түсіну.Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар өткен сабақтағы білімімізді бекіту үшін тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік.

1-сұрақ.Қаракерей ...*Қабанбай*

2-сұрақ.Исатайдың серігі.*Махамбет*

3-сұрақ.Жақияның әкесі.*Исатай*

4-сұрақ.Исатайдың тұлпары.*Ақтабан *

5-сұрақ.Қанжығалы ...*Бөгенбай*

6-сұрақ.Ағыбай батыр заманындағы хан.* Кенесары*

7-сұрақ.Қабанбай,Бөгенбай батырлар заманындағы хан.*Абылай *

8-сұрақ.Қорғансыз,есеңіреген халықтың түскен күйі.*шұбырынды*

9-сұрақ.Исатай,Махамбет батырлар заманындағы хан.*Жәңгір *

-Оқушылар қандай сөз шықты?*Амангелді*

-Бұл кісі туралы не білесіңдер?


Амангелді Иманов 1916жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылған. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге және соғыс өнерін меңгеруге үйретті.

-Балалар, Амангелді Иманов кім?Иа, батыр.Қане, батыр сөзін үш тілде айтып көрейікші!батыр-герой-hero.

-Ал енді оқушылар тақтадағы суреттерге назар аударайық,бұлар кімдер?

-Бұл үш кісіні не байланыстырады?

-Балалар ,Нұрпейіс Байғанин -Амангелді батырым деген өлең жазған.

-Амангелді Иманов -қазақтар қиналған кезде қолдау көрсеткен,ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі.

-Әбілхан Қастеев -Амангелді батырды суреттеген.


Демек, біз бүгін Нұрпейіс Байғаниннің Амангелді батырым өлеңімен танысамыз. Бұл өлең Амангелді Имановқа арналған.


Автордың өмірімен таныстыру.

-Оқушылар қазір біз осы кісілер туралы толық мәлімет алу үшін топтық жұмыс істейміз.Үш қатар бойынша үш топқа бөлінесіңдер.Мен әр топқа қима қағаз беремін,ол қағазда өмірбаяндар жазылған.Сендерге 2минут беріледі сендер сол өмірбаянды оқып,уақыт біткен соң топтан 2оқушы шығып қорғайды

1-топқа-Нұрпейіс Байғанин туралы.

2-топқа-Амангелді Иманов туралы.

3-топқа-Әбілхан Қастеев туралы.

Бір топ айтып жатқанда қалған топ тыңдап отырады.

Нұрпейіс Байғанин ( 1860- 1945)- ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысында, қазіргі Байғанин ауданында дүниеге келген. Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Нұрпейістің анасы тамаша әнші, домбырашы, ақын болған. Ән айтуды осы анасынан үйренген. Ол суырып салма ақындар айтысында көзге түсіп, «бала жыршы» атанады. Нұрпейіс Байғанин “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі. Қазіргі Торғай облысы Амангелді ауданы кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы ; 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Танымал туындылары  «Мақта жинау», «Түрксіб» сонымен қатар Абайдың, Шоқанның, Жамбылдың портретін салған. Соның ішінде ерекше танымал болып табылатын портреті «Амангелді Иманов» портреті.

Мақта жинау Түрксіб Амангелді Иманов

-Жарайсыңдар, балалар!

-Сонымен Амангелді Иманов кім екен?

-Амангелді Иманов қай жерде дүниеге келген?

-Ол қандай көтеріліске қатысқан?

-Осы Амангелді батыр туралы өлең жазған кім екен?

-Амангелді батырды шебер суреттеген кім?

-Әбілхан Қастеевтің тағы да қандай танымал туындылары бар екен?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Біз Амангелді батырым өлеңінің авторы- Нұрпейіс Байғанин, ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі- Амангелді Иманов және Амангелді батырды шебер суреттеген суретші Әбілхан Қастеев туралы мәлімет алдық.Осы мәліметтерді естеріңе сақтап жүріңдер.



Өлеңмен жұмыс

- Оқулығымыздың 89-шы бетін ашамыз, «Амангелді батырым» өлеңіне назар аударамыз.

Амангелді батырым.

Езілген қазақ елінің Күміс балдақ қылышы

Бағы үшін туған ер. Көкті тілі суырылса,

Қалың қазақ елінің Жауы жерге кірген ер.

Кегін қанмен жуған ер. Арам қара жүректі,

Езілген қазақ елі үшін Пасық, обыр ниетті

Қасық қанын қиған ер. Дұшпан тисе еліне

Жауар бұлттай түнеріп, Жерге тығып жанышқан

Жасындай жауға тиген ер. Амангелді батырым.

-Бірінші мен оқимын, егер түсініксіз сөздер кездессе қарандаштарыңмен түртіп алыңдар.

Сөздік жұмыс

-Балалар, өлеңде сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?

-Езілген-қиыншылық көрген.

-Бағы үшін-қуанышы,бақыты үшін.

-Қалың қазақ -қазақ халқының санының көптігі

-Кегін қанмен-өштесу,өш алу.

-Қасық қанын-қасықтың көлеміндей қан қалғанша өмірін,жанын қиған.

-Жауар бұлттай түнеріп-намыстанып,қайраттанып,жігерленіп.

-Жасындай-батылдықпен ,күш қуаттанып.

-Күміс балдақ- өткір, көмекші қылыш.

-Көкті тіле суырылса-қылышты қанабынан суыру.

-Арам қара жүректі-тек өз пайдасын ойлау, жаман.

-Пасық, обыр-жиіркенішті, жаман ауру.

-Дұшпан-жау.

-Жанышқан- езу, көзін құрту.

-Ал енді осы өлеңді мәнерлеп тізбектеп бір-бір шумақтан оқыйық.

-Кім маған осы өлеңді толық мәнерлеп оқып бергісі келеді?

-Өте жақсы,балалар!

Сұрақтар:

-Автор езілген қазақ елінің,

бағы үшін туған ер.

Қалың қазақ елінің,

кегін қанмен жуған ер деп кімді айтқан?


- Езілген қазақ елі үшін

Қасық қанын қиған ер.

Жауар бұлттай түнеріп,

Жасындай жауға тиген ер.-деген сөздерді қалай түсінесіңдер?


- Күміс балдақ қылышы,

Көкті тілі суырылса,

Жауы жерге кірген ер-деген сөздерде не туралы айтылған?


- Арам қара жүректі,

Пасық, обыр ниетті,

Дұшпан тисе еліне,

Жерге тығып жанышқан

Амангелді батырым.-деген өлең жолында не туралы айтылған? Жауды қалай сипаттаған?

-Енді балалар Амангелді Имановтың мұражайы туралы бейнежазба көрейік.Осы бейне жазбада өлең жолдарында кездескен Амангелді Имановқа тиесілі заттарды көруге болады.

Сергіту сәті

- Балалар, орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

-Жарайсыңдар, отырыңдар.





Топтық жұмыс


І-топ. «Сурет бойынша әңгіме құрастыру»


ІІ-топ. «Амангелді батырға арнап өлең шығару»

ІІІ-топ. «Амангелді батырға хат»


Бекіту:

-Балалар, қазір біз сендермен Кім тапқыр? деген ойын ойнаймыз. Тақтада айналмалы алаң берілген ондағы әр санда бір тапсырмадан.Соларға жауап берулерің керек.

2-Амангелді батырым өлеңінде кім туралы айтылған?

5- Езілген қазақ елі үшін

Қасық қанын қиған ер.

Жауар бұлттай түнеріп,

Жасындай жауға тиген ер-дегенді қалай түсінесің?

7- Ер өлсе де, аты өлмейді-деген мақалды қалай түсінесің?

4- Қасық қанын қиған ер – деген өлең жолын қалай түсінесің?

3-Ерлік,батырлық туралы мақал айт?

6-Қалың қазақ елі-деген сөзді қалай түсінесің?

1-Жанышқан деген сөз қандай мағына білдіреді?

8-Ерлік,батырлық жасаған қандай батырларды білесің?


Қорытынды :

-Балалар бүгін біз не білдік?

-Не үйрендік?

-Не алдық?

-Әбілхан Қастеев кім ?

-Амангелді Иманов кім екен?

-Нұрпейіс Байғанин кім?


Сөзжұмбақ




























Тақтадағы А4 форматтағы суреттер



















Қима қағаздар



































































Оқулықтағы өлең





























































Бейнежазба арқылы






А4форматындағы қағаздар
















Ойын арқылы сұрақтарға жауап беру

ауызша






















Сұрақтар арқылы

ауызша

Сабақтың соңы

2минут







Кері байланыс «нысана »

-Балалар, қазір біз кері байланыс жасаймыз.Мен сендерге жеке-жеке қағаздар таратамын,ол қағаз 4бөлікке бөлінген.Әр бөлікте 4деңгей бар ,әр деңгей баллдармен өлшенеді. 5-балл-сабақты түсіну,барлық тапсырмаларды орындау.

4-балл-сабақ қызықты,тапсырмаларды орындау.

3-балл-сабақ қызық емес,тапсырмаларды түсінбедім.

2-балл-сабақты,тақырыпты мүлдем түсінбедім.


Түсінікті болды

Қызықты болды

Белсенді қатысты

Жаңаны білдім

-Балалар, сабаққа белсенді қатысқандарыңа рахмет.Сау болыңдар.

Әр оқушыға жеке-жеке қағаздар

Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.


Аты-жөні

Баға

Қолы

Әдіскер

Жуматаева З. Ж.



Мұғалім

Рамазанова Р.Д










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Конспект на тему- Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин.

Автор: Аубакирова Гүлжан Ибрагимқызы

Дата: 07.04.2019

Номер свидетельства: 506383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства