kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Н. Бай?анин «Амангелді батырым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Н. Бай?анин  «Амангелді батырым»
Саба?ты? ма?саты:
1. ?ле? мазм?нымен таныстыру. ?лт азатты? к?терілісті? батыры А. Имановты? ?мірі
мен ерлік істері жайында ма?л?мат беру. О?ушыларды? патриотты? сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін с?юге, Отанын ?ор?ау?а т?рбиелеу. ?лт намысын ?ор?а?ан ерлерді ??рметтеуге ?йрету.
2. О?ушыларды еркін с?йлеуге, ой ?ш?ырлы?ын ?штау?а, ?з ойын еркін жеткізуге
баулу, тіл байлы?ын жетілдіру, шы?армашылы??а баулу.. ?з ойларынан ?орытынды жасай білуге да?дыландыру.
3.. О?ушыларды? патриотты? сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін с?юге, Отанын ?ор?ау?а т?рбиелеу. ?лт намысын ?ор?а?ан ерлерді ??рметтеуге ?йрету.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
Саба?ты? ?дісі: ой ?оз?ау, ?ызы?ушылы?ты ояту, топпен ж?мыс, негізгі идеяны ай?ындау.
Саба?ты? типі: жа?а саба?ты т?сіндіру.
Саба?ты? к?рнекілігі: А. Иманов, Н. Бай?анин портреттері, суреттер

П?наралы? байланыс: математика, д?ниетану

О?ыту н?тижесі: Амангелді батырды? ?андай бол?анын білу.
Батыр ?аза? еліні? ба?ы ?шін ту?ан ер екенін т?сіну.
?ле?ні? мазм?нын т?сіну. ?ле?ді жаттап алу.
Негізгі идеялар: Амангелді батыр езілген ?аза? еліні? ба?ы ?шін ту?ан ер. Д?шпандармен шай?ас?анда ?алы? ?аза? еліні? кегін ?анмен жу?ан. К?міс балда? ?ылышы к?кті тіле суырылып, жауды жерге кіргізген. Арам, ?ара ж?ректі, пасы?, обыр ниетті д?шпандарды ?аза? жеріне жа?ындатпай, найзасын жерге ты?ып жаныш?ан.

Тапсырмалар: 1. Тірек с?здер
2. ?айта ба?ыттау с?ра?тары
3. Ойлан - ж?птас - тал?ыла
4. ?ле?ді т?сініп о?у.
М??алімні? іс - ?рекеті:
Сыныппен с?лемдесу.
Сыныпты? о?ушыларын 3 топ бойынша отыр?ызу.
Саба??а ?атыспа?ан о?ушыларды белгілеу.
Тренинг «Визиттік карточка»
О?ушыларды б?гінгі саба?ты? та?ырыбымен ж?не ма?сатымен таныстыру. Ба?алау критерийлерімен таныстыру.
Ба?алау критерийлері:
1. ?й тапсырмасын орындап келу.
2. ?ле?ді м?нерлеп о?у.
3. ?ле?ні? мазм?нын т?сіну.
4. ?осымша с?ра?тар?а жауап беру.
?й тапсырмасын тексеру.
1 - топ: Жа?ия туралы не білесі??
2 - топ: Махамбет туралы не білесі??
3 - топ: Исатай туралы не білесі??

«Ой ?оз?ау» с?зж?мба? шешу. Шешімі «Амангелді»
“Ой ша?ыру”
Торк?здегі с?зді о?ы. Ол туралы не білесі??
Амангелді батыр туралы ма?л?мат беріледі.
АМАНГЕЛДІ ?дербай?лы Иманов (1873 - 1919 жж.), халы? батыры, ?аза? хал?ыны? 1916 ж. ?лт - азатты? к?терілісі басшыларыны? бірі, ?аза?станда?ы Азамат со?ысынын ?а?арманы. Тор?ай уезіні? ?айдауыл болысында (?азір Тор?ай облысы Амангелді ауданы) кедей малшыны? отбасында ту?ан. 1908 - 1909 ж. Тор?айда ?арауыл солдаттармен ?а?ты?ыс?а ?атыс?аны ?шін сот?а тартылды. ?аза?станда ?лтты? ж?не ?леуметтік езгіні? к?шеюіне байланысты ?лт - азатты? ж?не революциялы? ?оз?алыс ?ріс алды.

О?улы?пен ж?мыс.
“Амангелді батырым” ?ле?і ?нтаспадан ты?далады.
?ле?ні? авторы Н. Бай?анин туралы  м?лімет беріледі.
Бай?анин Н?рпейіс (1860 - 1945) - халы? а?ыны, жырау, ?аза?станны? е?бек сі?ірген ?нер ?айраткері. А?т?бе облысыны? Темір ауданында (?азіргі Бай?анин ауданы) ту?ан. Н?рпейісті? анасы ?міт тамаша ?нші, домбырашы ж?не а?ын бол?ан. Ол суырып салма а?ындар айтыстарында к?зге т?скен. ?н айтуды анасынан ?йренеді, жастайынан домбыра тарту?а, жанынан суырып салып, ?ле? шы?ару?а талпын?ан. К?п кешікпей - а? ол «бала жыршы» деген ат?а ие болады. Н?рпейіс ?з кезіндегі белгілі а?ындарды? жырларын ты?дайды, оларды? шы?армаларын жаттап алады. Жас кезінде - а? оны? репертуарына Батыс ?аза?станны? а?ындары Абыл Тілеу?лыны?, Алаша Байто?ты?, Шернияз Жарыл?ас?лыны?, Н?рым Шыршы??л?лыны? ?ле?дері мен жырлары енген.

Д?птермен ж?мыс
С?з тіркестері:
езілген - ш?бырынды халы?, ?алы? - к?п, кегін – кек са?тау - жасал?ан жаманды?ты ?мытпау, жасындай - кіші, балда? - ?ылышты? сабы мен болаты т?йіскен жерінде ?олды тіреп т?ру?а арнал?ан б?лігі, пасы? - абыройсыз, арсыз, адамшылы?тан безген, обыр - к?зі тоймайтын, аш?ара?, жебір, ?ома?ай, жаныш?ан – ?ада?ан,
т?йреген.

Сергіту с?ті.
-Шы?армашылы? ж?мыс.
-Суретті сал?ан кім?
-Сурет ?алай аталады?
-Сурет бойынша ??гіме ??ра.
-«Ойлан - ж?птас - тал?ыла»
-«Бір айналым с?йлесу»
1 - топ Амангелдіні? батыр болуына ?сер еткен жа?дайларды ата.
2 – топ Батыр?а т?н ?асиеттерді ата.
3 - топ Батыр туралы ма?ал – м?тел жаз.
«Галереяны шарлау»
Та?тада ілулі т?р?ан о?ушыларды? суреттері бойынша ??гіме.

?орытынды.
“Батыр” с?зіне бес жол ?ле? ??растыру.
Батыр
?айратты, жігерлі, намысшыл.
Кегін ?анмен жу?ан ер.
Ерж?рек.
Ба?алау.
М??алім: Б?гінгі саба? ?нады ма?
М??алім: Олай болса, б?гінгі саба?та кім ?те жа?сы жауап бергенін ба?алайы?.

?йге тапсырма: «Амангелді батырым» ?ле?ін жаттау.
М??алім: - Барлы?ы? да саба??а белсенді араласып, жа?сы жауап берді?дер. Е? басты ?осар?лестері? білімді, т?рбиелі жа?сы азамат болып ?су. Отанымызды ?ор?ау?а дайын болу.
?лылар?а ??сап ?ссе?, жас ?лан!
Ба?ыт?а жете аларсы? ?р?ашан!
Саба?ымызды «К?к туды? желбірегені» ?німен ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Н. Бай?анин «Амангелді батырым»»

Сабақтың тақырыбы: Н. Байғанин «Амангелді батырым»
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұнымен таныстыру. Ұлт азаттық көтерілістің батыры А. Имановтың өмірі
мен ерлік істері жайында мағлұмат беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.
2. Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін жеткізуге
баулу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылыққа баулу. . Өз ойларынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3. . Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету..
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, негізгі идеяны айқындау.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: А. Иманов, Н. Байғанин портреттері, суреттер

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Амангелді батырдың қандай болғанын білу.
Батыр қазақ елінің бағы үшін туған ер екенін түсіну.
Өлеңнің мазмұнын түсіну. Өлеңді жаттап алу.
Негізгі идеялар: Амангелді батыр езілген қазақ елінің бағы үшін туған ер. Дұшпандармен шайқасқанда қалың қазақ елінің кегін қанмен жуған. Күміс балдақ қылышы көкті тіле суырылып, жауды жерге кіргізген. Арам, қара жүректі, пасық, обыр ниетті дұшпандарды қазақ жеріне жақындатпай, найзасын жерге тығып жанышқан.

Тапсырмалар: 1. Тірек сөздер
2. Қайта бағыттау сұрақтары
3. Ойлан - жұптас - талқыла
4. Өлеңді түсініп оқу.
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Тренинг «Визиттік карточка»
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
1. Үй тапсырмасын орындап келу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Өлеңнің мазмұнын түсіну.
4. Қосымша сұрақтарға жауап беру.
Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ: Жақия туралы не білесің?
2 - топ: Махамбет туралы не білесің?
3 - топ: Исатай туралы не білесің?

«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Шешімі «Амангелді»
“Ой шақыру”
Торкөздегі сөзді оқы. Ол туралы не білесің?
Амангелді батыр туралы мағлұмат беріледі.
АМАНГЕЛДІ Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.

Оқулықпен жұмыс.
“Амангелді батырым” өлеңі үнтаспадан тыңдалады.
Өлеңнің авторы Н. Байғанин туралы мәлімет беріледі.
Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші, домбырашы және ақын болған. Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен. Ән айтуды анасынан үйренеді, жастайынан домбыра тартуға, жанынан суырып салып, өлең шығаруға талпынған. Көп кешікпей - ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады. Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жырларын тыңдайды, олардың шығармаларын жаттап алады. Жас кезінде - ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының, Алаша Байтоқтың, Шернияз Жарылғасұлының, Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген.

Дәптермен жұмыс
Сөз тіркестері:
езілген - шұбырынды халық, қалың - көп, кегін – кек сақтау - жасалған жамандықты ұмытпау, жасындай - кіші, балдақ - қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі, пасық - абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, обыр - көзі тоймайтын, ашқарақ, жебір, қомағай, жанышқан – қадаған,
түйреген.

Сергіту сәті.
-Шығармашылық жұмыс.
-Суретті салған кім?
-Сурет қалай аталады?
-Сурет бойынша әңгіме құра.
-«Ойлан - жұптас - талқыла»
-«Бір айналым сөйлесу»
1 - топ Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.
2 – топ Батырға тән қасиеттерді ата.
3 - топ Батыр туралы мақал – мәтел жаз.
«Галереяны шарлау»
Тақтада ілулі тұрған оқушылардың суреттері бойынша әңгіме.

Қорытынды.
“Батыр” сөзіне бес жол өлең құрастыру.
Батыр
Қайратты, жігерлі, намысшыл.
Кегін қанмен жуған ер.
Ержүрек.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.
Мұғалім: - Барлығың да сабаққа белсенді араласып, жақсы жауап бердіңдер. Ең басты қосарүлестерің білімді, тәрбиелі жақсы азамат болып өсу. Отанымызды қорғауға дайын болу.
Ұлыларға ұқсап өссең, жас ұлан!
Бақытқа жете аларсың әрқашан!
Сабағымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.

«Гимназия сыныптары бар №12 ЖББОМ» ММ

Ашық сабақ

Тақырыбы:«Амангалді батырым »

Бастауыш сынып мұғалімі:Конисбаева Айнур

3 «в» сынып

2014-2015 оқу жылы

«Гимназия сыныптары бар №12 ЖББОМ» ММ

сынып сағаты

Тақырыбы:«Мектеп формасы-эстетикалық талап»

3 «б» сынып

2014-2015 оқу жылы

Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор екені айтпаса да түсінікті. Жастар мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты.

Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Бірінші сыныптан бастап оқушылар біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. 
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орнын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. Мектеп формасын сақтау-эстетикалық талаптардың бірі.

Мектеп формасы жайлы да қолайлы, әрі жұмыс күні үшін ыңғайлы болуға тиіс. Оқушылардан мектепке сай форма кию талап етіледі. Пиджакті мектепте кию керек, сыныпта және асханада шешіп қоюға болады. Қыздар белдемшесі тізеден төмен болғаны жөн және жейдені әрдайым ішке салып жүру қажет. Шашты таза да жинақы ұстаған жөн. Ер балалар шашының ұзындығы жағадан жоғары болу керек, ал қыздардың сабақ кезінде шаштарын жинап алғандары жөн. Мектеп аяқ киімі қара былғарыдан жасалған, стилі қарапайым болу керек. Орынды аяқ киім киген жөн, әсіресе қыздар аяқ киімінің өкшесі 3 см. биік болмау керек. Қара спорт аяқ киімін киюге рұқсат етілмейді.

Әр түрлі жастағы ер және қыз балаларға арналған мектеп формасының тізімі төменде көрсетілген:

Бөбектер тобынан

2 сыныпқа дейін –

Ер және қыз балалар

Ер және қыз балалар ашық көк түсті

Поло жейде

Қыздар белдемшесі

Ер бала сұр шалбары

Қою қызыл свитер

(ер, қыз балаға бірдей)

Жаздық көйлек

Қыз баланың қысқа ақ шұлығы

Ер баланың қара не сұр шұлығы

Қарапайым қара былғары аяқ киім

Өнерге арнаулы киім – Кішкентай

Мектеп сөмкесі – Кіші

Жаттығу костюмі

Спорт поло жейдесі (ер, қыз балаға бірдей)

Қыз баланың шолақ спорт шалбары

Ер баланың ақ шолақ шалбары

Ер балалар формасы –

3-7 сыныптар

Пиджак

Ақ жейде

Ер бала Үй галстугі

Сұр шалбар

Қою көк түсті свитер (ер, қыз балаға бірдей)

Қара/сұр шұлық

Қарапайым қара былғары аяқ киім

Өнерге арнаулы киім

Мектеп сөмкесі – үлкен

Жаттығу костюмі

Үйлік поло жейде (ер, қыз балаға бірдей)

Спорт поло жейдесі

(ер, қыз балаға бірдей)

Ақ шолақ шалбар

Қыз балалар формасы – 3-8 сыныптар

Пиджак (белгіленген)

Ақ жейде

Қыз бала Үй галстугі

Белдемше

Қою көк түсті свитер

(ер, қыз балаға бірдей)

Қысқа ақ шұлық

Ақ колготки

Қарапайым қара былғары аяқ киім

Жазғы көйлек (тізе ұзындығы)

Өнерге арнаулы киім

Мектеп сөмкесі – үлкен

Жаттығу костюмы

Қызыл түсті шолақ спорт шалбары (тек3,4 және 5 сыныптар)

Ақ шолақ шалбар (6-8 сыныптар)

Жаздың жылы айларында оқушылар мектептің негізгі формасын жиі кие алмайды. Олар жаздық мектеп формасын қашан кию керектігі жайлы мектеп директоры шешім қабылдағаннан кейін ғана хабардар болады. Ер балалардың жаздық мектеп формасы: сұр түсті мектеп шалбары, галстуксіз ақ жейде. Қыз балалар жаздық көйлекпен колготки немесе қысқа ақ шұлық киюге тиіс. Пиджак мен свитер киіп, галстук тағудың қажеті жоқ. Ер және қыз балалар қара былғары аяқ киім киюді жалғастыра береді. 

Баяндама

Тақырыбы:«Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы»

Бастауыш сынып мұғалімі:Конисбаева Айнур

3 «в» сынып

2014-2015 оқу жылы

«Гимназия сыныптары бар №12 ЖББОМ» ММ

Баяндама

Тақырыбы:« Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы »

Бастауыш сынып мұғалімі:Конисбаева Айнур

3 «б» сынып

2014-2015 оқу жылы

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».

Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3

" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын.

Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.

Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.

Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын" ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.5

"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет"6 деп толғанады ақын.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi".7

Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, "Қасымның қасқа жолы" (1511-1518), "Есiмнiң ескi жолы" (1598-1628), Әз Тәукенiң "Жетi Жарғысы" (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.

Ата-заңды аттаған азғындарды "етегiн кесiп, елден қу" деген қағидамен аяусыз жазалаған8. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесiне ерекше мән берген. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң" деген мақал арқылы бала тәрбиесiндегi отбасының рөлi ерекше екендiгiн атап көрсетедi. Бала тәрбиелей отырып артына iз, өшпес мұра қалдырған.

"Жерге себiлген дақылдың өсуi жердiң құнарлығына, ылғалдылық пен күн шұғылысына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына ( тәлiм-тәрбиесiне) қатысты.»9

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел"10 деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi, – деген болатын А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек".11

Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.

Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.

Ата – аналар жиналысының хаттамасы №1

/Күні, айы, жылы. уақыты/  6.09.2014 жыл
Қатысты:28
Күн тәртібі: 

1) 2014-2015 оқу жылы мақсат ,міндеттерімен ата-аналарды таныстыру туралы.
2) «Мектеп формасы-эстетикалық талап» /баяндама/

Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе төңірегінде және жаңа оқу жылы мен жыл бойғы мақсат, міндеттері туралы сынып жетекшісі таныстырды. Оқудағы жалпы мақсат «жеке тұлға» қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі.Оқу жылы барысында сыныптың алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берді.
2. Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі «Мектеп формасы-эстетикалық талап» тақырыбында баяндама оқып,оқушыларға арналған мектеп формасымен таныстырып өтті.Әр оқушының мектеп формасын киюі міндеттелді.

Қабылданған шешім: 

1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

2.Оқушылардың мектеп формасын киюі міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы : Конисбаева Айнур  
Хатшы :Танбаева Жадыра

Ата – аналар жиналысының хаттамасы №2

/Күні, айы, жылы. уақыты/  15.10.2014 жыл
Қатысты: 26
Күн тәртібі: 

1) I тоқсанның қорытындысы.
2) «Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы,өнегесі » /баяндама/

Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Конисбаева Айнур сөз алды.Оқушылардың I тоқсан бойынша сапалық көрсеткіштеріне тоқталды .Сынып оқушыларының білімдерінің орташа деңгейде екендігін және оқушы мен ата-ана арасындағы байланыстың әлі де жандандырылуының тиіс екенін атап өтті.Бір ғана пәннен 3 –і бар оқушыларды атай келе,келесі оқу тоқсанында аталған пәндер бойынша 3-тік бағасын жоюы үшін жұмыстануы қажет екенін баса айтты.Сабақтан себепсіз қалуға болмайтындығы ескертілді.

2.«Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы »тақырыбында баяндама оқылып,талқыланды.

Қабылданған шешім:

1.Оқушылардың сабақ үлгерімі бақылауға алынсын.

2.Ата-ана мен оқушы ,ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс күшейтілсін.

Жиналыс төрайымы : Конисбаева Айнур   
Хатшы :Танбаева Жадыра

Ата – аналар жиналысының хаттамасы №1

/Күні, айы, жылы. уақыты/  6.09.2014 жыл
Қатысты:27
Күн тәртібі: 

1) 2014-2015 оқу жылы мақсат ,міндеттерімен ата-аналарды таныстыру туралы.
2) «Мектеп формасы-эстетикалық талап» /баяндама/

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе төңірегінде және жаңа оқу жылы мен жыл бойғы мақсат, міндеттері туралы сынып жетекшісі таныстырды. Оқудағы жалпы мақсат «жеке тұлға» қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі.Оқу жылы барысында сыныптың алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берді.
Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі «Мектеп формасы-эстетикалық талап» тақырыбында баяндама оқып,оқушыларға арналған мектеп формасымен таныстырып өтті.Әр оқушының мектеп формасын киюі міндеттелді.

Қабылданған шешім: 
1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

2.Оқушылардың мектеп формасын киюі міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы : Конисбаева Айнур  
Хатшы : Абулханова Санбиби

Ата – аналар жиналысының хаттамасы №2

/Күні, айы, жылы. уақыты/  15.10.2014 жыл
Қатысты: 24

Күн тәртібі: 

1) I тоқсанның қорытындысы.
2. «Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы »тақырыбында баяндама оқылды.

Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Конисбаева Айнур сөз алды.Оқушылардың I тоқсан бойынша сапалық көрсеткіштеріне тоқталды .Сынып оқушыларының білімдерінің орташа деңгейде екендігін және оқушы мен ата-ана арасындағы байланыстың әлі де жандандырылуының тиіс екенін атап өтті.Бір ғана пәннен 3 –і бар оқушыларды атай келе,келесі оқу тоқсанында аталған пәндер бойынша 3-тік бағасын жоюы үшін жұмыстануы қажет екенін баса айтты.

2.«Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы»тақырыбында баяндама оқылып,талқыланды.

Қабылданған шешім:

1.Оқушылардың сабақ үлгерімі бақылауға алынсын.

2.Ата-ана мен оқушы ,ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс күшейтілсін.

Жиналыс төрайымы : Конисбаева Айнур   
Хатшы :Абулханова Санбиби

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Н. Бай?анин «Амангелді батырым»

Автор: Азанова Акбала Шапанбердыевна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321235

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства