Просмотр содержимого документа
«"Алма мен бәйтерек" ертегісі»
Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
(ертегісі)
Орындаған: Серікбай Ж.
Шымкент 2016
Қазақ тілі Сыныбы:4 09.12.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Алма мен Бәйтерек (ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алма мен Бәйтерек ертегісін түсіндіру, топпен, жұппен жұмыс жүргізу, кеспе қағазбен жұмысты орындау. «Алма теру» ойыны арқылы сұраққа жауап беру, Сөзжұмбақ шешу, суретке қарап өз ойын айтып жеткізу. Слайд көру және ойын ортаға салу. Тестпен жұмыс жүргізу. Сөздіктермен жұмыс жасау.
Дамытушылық: Оқу білімге деген құштарлығын ояту. Ой өрісін, Тіл байлығын, Ойлау қабілетін, ой жүйріктігін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отан сүйгіштік, ұлтжандылық, ел мен жердің қадір қасиетін білуге, сахна мәдениетін игеруге, сондай-ақ өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
1-топ. Үйге берілген «Көк ту» туралы өз ойын айтып беру.
2-топ. Үйге берілген «Бәйтерек» туралы өз ойын айтып беру.
Екі топтан Отан туралы жаттаған өлеңдерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Алма мен Бәйтерек (ертегісі)
1-тапсырма.Әр топ өз ұрандарын оқып таныстыру.
1-топ. Мен қызыл алмамын. Менің Отаным – Оңтүстік Қазақстан. Мен - Алматының символымын.
2-топ. Мен Бәйтерекпін. Менің Отаным Солтүстік Қазақстан. Мен Астананың символымын.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Алма мен Бәйтеректің Отаны қай жер?
Бұл сұрақты екі топқа да ортақ беремін. Оған жауапты екі топ та жауап беруіне болады. Бұл сұраққа жауап алған соң, 2 топқа 2 конверт беріледі, ішінде берілген сұрақтың жауабын дәптерге жазамыз.
1-топқа сұрақ. Алма қай қаланың символы?
2-топқа сұрақ. Бәйтерек қай қаланың символы?
ІҮ. Слайд көру. Астана-Алматы кереметімен танысу.
Ү. Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма. Әр топтан оқушылар шығып орындайды.
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алма
Бәйтерек
Астана символы
Алматы символы
.
ҮІ. Алма теру ойыны
Бұл ойын оқушылардың сөздіктерді қалай игергендігін тексеру үшін орындалады.
Алма артында жасырынған сөздіктер.
Ту-флаг, сүт – молоко, әнұран – гимн, Елтаңба – герб, үйрету – учить, ауа – воздух, бұлт – облако, аспан – небо, жер – земля, Отан – родина, ою – орнамент, алма – яблоко, тау – гора, орман – лес, ғимарат – здания, ескерткіш – памятник, немере – внук, мақал – пословица, пайдалы – полезный.
4-тапсырма. Алма мен Бәйтерек ертегісін сахналық көрініс ретінде көрсету. Екі топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып, осы ертегіні сахналық қойылым етіп көрсетеді..
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс
2 топқа конверт беру. Адасқан сөздерді өз орнын тауып сөйлем құрату. Ол сөйлемді аударма жасап оқыту.
Астана әсем де сұлу қала. Астана красивый и великолепный город.
Алматы байлығы – қызыл алма. Красная яблока - богатство Алматы .
ҮІІІ. Сканворд шешу.
2 топқа бөлек-бөлек беру арқылы әр топтың өздеріне берілген сканвордты шештіру және орындарынан тұрғызып оқыту. Қатесін түзеу.
ІХ. Қорытынды: 5-тапсырма бойынша сұраққа жауап алу