Сабақтың тақырыбы: Аяз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2. Оқушылардың тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3.Оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілі: Ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу.
Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, «Күз», «Қыс»
Тақырыптарына байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Фонетикалық жаттығу: Алға бір адым, артқа бір адым
Отырамыз, тұрамыз .
Сабақта «бес» аламыз.
Ал енді балалар, мына жұмбақтың шешімін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Аяз», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
Балалар, біз бүгін «Қысқы әлемге саяхат» жасаймыз. Аялдамаларда тоқтап, білімдерімізді тексереміз. Балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Бұл саяхатқа кімдер барады екен? Танысып қоялық.
Сенің атың кім?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сен қайда тұрасың?
Ал енді автобусқа мінелік, дұрыс отырыңдар.
Сөздік жұмысы.
1- аялдама «Сөздік алқабы».
Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды.
Аяз – қыстағы ызғарлы суық.
а)Аяздың қандай пайдасы бар?
б)Қалың қардың пайдасы не?
2-аялдама «Күз».
а) Күз айларын атаңдар.
б) Күзде не болады?
Жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды. Күн салқындайды.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.
3-аялдама «Қыс».
Оқулықтың 25 -бетіндегі «Аяз» мәтінін түсініп оқу.
Сергіту сәті.
«Қыс» туралы өлең, жұмбақ айту.
4-аялдама «Киім дүкені». Балалар, дүкенде қысқы жылы киімдер бар екен. Суреттерді көрсету, балалар киімдерді атап береді.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт
Былай-былай ойнат.
5-аялдама «Орфография мұражайы».Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.
Қыс айлары: желтоқсан,......, ақпан.
Адамдар үстіне… киеді.
Адамдар қолына……… киеді.
Адамдар аяғына… киеді.
Қыста…… жауады.
Қыста…… қатады.
Дәптермен жұмыс.
34- жаттығу. Берілген сөздерді тиісті топқа бөліп жазу.
Малдар:бота, ... , ... , ... .
Аңдар: арыстан, ... , ... , ... .
Сабақты бекіту.
35- жаттығу. Тиісті әріптерді қойып, бірнеше сөз жасау.
т | | б | | т | | к |
б | а | ж | ж | е | р |
л | | ғ | б | | ш |
Сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айту.
Қорытындылау.
Мадақтау, бағалау.
Үй тапсырмасын беру. « Аяз» мәтінін оқу.