kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адыраспан

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

А?т?бе облысы  Шал?ар ?аласы  № 6 орта мектебіні? 4 класс  о?ушылары Исмайлов Мереке мен Т?легенова айым

Адыраспан ?сімдігі

          Адыраспан - т?йетабандар т??ымдасына жататын к?п жылды? ?сімдіктер туысы, тере? тамырлы ?сімдік.Сабы мен г?лінде уы болады. Ерекше к?шті сасы? иісті, д?рілік ?сімдік. Биіктігі 30-80 см аралы?ында, біра? к?бінде 30 см т??ірегінде ?седі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазы? далаларда к?ктейді. Жаз-к?з мезгілдерінде жемістейді. ?аза?стандаоны? ?ш т?рі бар. О?т?стік  Еуропа,  Батыс ж?не Орталы? Азия, Солт?стік Африка мен Мексикада 6 т?рі кездеседі. ?аза?станны? ш?л-ш?лейтті, сорта?ды жерлерінде, ?сіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу ?зендері бойында?ы та?ырлан?ан жайылымдарда бір т?рі – к?дімгі А. (P. harmala) ?седі. Саба?ы б?та?ты, салалы тамыры 10 м тере?дікке дейін кетеді. Г?лі а?, сары т?сті ж?не ол 1 – 3-тен топталып саба? басында орналасады. Мамыр – шілдеде г?лдейді. Жемісі – к?п т??ымды ?ауаша?. Т??ымы ?са? боз?ылт не ?ара т?сті болады

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адыраспан »



АДЫРАСПАН ӨСІМДІГІ

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

№6 орта мектебінің 3 класс оқушылары

Төлегенова Айым,Исмайлов Мереке Жетекшісі:Салтанат Ажигулова

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы,Ы.Нұртаев көшесі №14 үй, индекс  031200 Ажигулова Салтанат

«Жас ғалым» сайысы
І. Кіріспе.

 1.Адыраспан өсімдігі

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Адыраспанның  өсіп- өнуі,  табиғатта таралуы.

2. Емдік қасиеті

3. Адыраспан халық ұғымында

4.Адыраспанның пайдасы

ІІІ. Қорытынды

Адыраспан өсімдігі

Адыраспан - түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа,  Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады

Адыраспанның өсіп- өнуі, табиғатта таралуы.

Адыраспан – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке- жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, иісі өте жағымсыз. Адыраспан көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алкалойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алкалойдтері болады. Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15-16 аталығы, 1 аналығы, жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1см –дей шар тәрізді қауашақ .

Емдік қасиеті

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспаншаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.

Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.

Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.

Адыраспан халық ұғымында

Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағағажын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.

Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.

«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.

Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.

Адыраспан – пайғамбар шөбі. Оны өсіп тұрған жерінен кез келген адамға алуға болмайды, оны дұға оқып барып алу керек. Себебі: ол қасиетті, киелі шөп болып саналады. Онымен үйдің ішін аластап, жоғары іліп қояды.

Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.

Начало формы

Конец формы

Адыраспанның пайдасы

Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі. Ол – кәдімгі адыраспан.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.

1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады.

 3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады.

4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.

5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.

6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады.

Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар.

Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн.

Қорытынды.

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері – Республикамыздың ұлттық байлығы. Академик Н.И.Вавилов « Өсімдіктер әлемі неткен бай еді, бірақ біз оны тым аз пайдаланымыз –ау!» деген екен. Оны тиімді пайдалануға өсіп –өндіру мен қорғауға ғалымдар ғана емес, бүкіл халық атсалысуы керек.

Адыраспан туралы зерделей келіп, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.

1.Қазіргі медецинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе

2. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді

3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы мақалалар  жарияланып тұрса

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г
( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
3.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Өсімдіктер мен жануарлар қызыл кітабы


3 «А» класс оқушылары


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Адыраспан

Автор: Исмайлов.М Т?легенова.А

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150792

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Адыраспанны? пайдасы "
    ["seo_title"] => string(20) "adyraspannyn-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "205364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429869897"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "?ылыми жоба "Адыраспанны? пайдасы""
    ["seo_title"] => string(30) "gylymizhobaadyraspannynpaidasy"
    ["file_id"] => string(6) "294941"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455767031"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "научная урок"
    ["seo_title"] => string(13) "nauchnaiaurok"
    ["file_id"] => string(6) "304428"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457712973"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?.Кекілбай  Тасба?аны? ш?бі "
    ["seo_title"] => string(29) "kiekilbai-tasbak-anyn-shobi-1"
    ["file_id"] => string(6) "202884"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429350633"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Таби?атты аялайы?" "
    ["seo_title"] => string(21) "tabig-atty-aialaiyk-2"
    ["file_id"] => string(6) "123226"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1414431825"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1850 руб.
2640 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства