Адамзатты? тіршілік етуі барысында ?сімдіктер ?леміні? алатын орны ерекше зор. ?азіргі медицинада ?олданыста ж?рген д?рі-д?рмектерді? 40 пайыздай б?лігі тап ?сімдіктер д?ниесінен жасалады екен. ?орша?ан орта ?скіндеріні? адам а?заларын жа?сарту?а осындай ?лшеусіз к?мегі барын бізді? ата-бабаларымыз ба?зы замандардан бері жа?сы білген. Сонау алты ?асыр б?рын ?мір с?рген халы?ты? емші ?тейбойда? Тілеу?абыл?лыны? (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соны? бергі кезе?дердегі ?негесі ?ана. Тарба?атай ??ірінде 1787 жылы ?мірге келіп,1850 жылы ?айтыс бол?ан ата?ты Ыр?ызбай Дос?ан?лы емші д?рілік ?сімдіктерді жа?сы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын д?режеге жеткен. Ол кезінде ?лы Абайды? ?кесі ??нанбайды д?рілік ш?птерімен ауыр дерттен жазып шы?ар?ан деген с?з бар. Емші шипалы ?сімдіктерді? г?лінен, жапыра?ы мен тамырынан д?рі-д?рмек жаса?анда, оларды? ?андай нау?астар?а ем болатынын таби?и т?йсігімен д?п біліп, білігін одан ары дамыт?ан. Сол емшіні? к?п ауру?а ?олданатын д?рілік ш?птеріні? ?атарында біз с?з етіп отыр?ан адыраспан да бол?ан.Адыраспанды емшілер д?рілік шикізат ретінде шілде айында г?лдеген кезінде жинап алады екен. Ал?анда да, сол т?р?ан бойы б?рі ала бермейді, оны? енді пісіп-жетілген б?та?шаларын, жапыра?ы мен г?лін бір ?и?ымын жерге т?сірмей к?лдей орамал?а т?йеді. Ал?анда тамырдан жо?ары жа?ынан ??ыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астында?ы к?ле?келі, ауа ?тіп т?ратын жерге ?ойылады. Осылайша ол екі жыл са?талуы керек. Ал т??ымын ?скінні? ?ауаша?ы ашыла баста?ан кезде теріп алады. Оны да т?бесі жабы? бол?анымен, ауа ?тіп т?ратын бастырма астында кептіреді. Астына мата т?сеп, сосын т??ымын ш?бі мен ?ауызынан ажыратады.
Жасыратыны жо?, адыраспан – барынша улы ?сімдік. Оны? м?ндай ?асиеті барын аталмыш ?скінді ыстау ?шін от?а тигізген кезінде ?шатын ащы т?тініні? ?зі бай?атады. ?сімдікті? химиялы? ??рамына к?з ж?гіртсек, б?л с?зімізді? д?лелді екенін аны? а??ара т?сер едік. Адыраспанны? т??ымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин ж?не шамалы ?ана м?лшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон ш?біні? ??рамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Б?дан бас?а аздау к?лемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табыл?ан. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, саба?ында -0,23-3,57 пайыз, жапыра?ында – 1,07-4,96 пайыз, г?лінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, т??ымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас ?сімдікті? тамырында?ы алкалоидты затты? м?лшері 2 есе к?п келеді. Фармакологияда адыраспан ш?бінен жасал?ан д?рілер ?абыну ауруын, бас, з?р айдауды жа?сарту, тер шы?ару, ішек ??рттарын ?лтіру, орталы? ж?йке ж?йесін ?оздыру ?шін ?олданылады. Гармин мен пеганин ?ан ?ысымын к?тереді, тыныс алуды жиілетеді, ас?азан мен ж?ректі? ж?мысын баяулатады. Ал адыраспан ш?бінен ?олдан дайындал?ан т?нбаларды емшілер б?дан да бас?а алуан т?рлі нау?астарды жазу ?шін пайдаланады. Айталы?, адыраспан т?нбасымен ішкі м?шелерге суы? тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жаз?ан. Сол сия?ты емшілер ш?пті? т?нбасымен ірі ?ара малдарыны? ?отырын емдеген. Ш?пті? ?айнатпасын невростения ж?не ?ояншы? ауруларына ?арсы ішкізеді. Ауызды? ?ызыл иегі ауыр?анда оны сол ?айнатпамен шаяды. Б?дан б?лек, адыраспанды іш ауруын ал?аш?ы кезе?інде жазу?а жаратады. Адыраспан т?тінімен сал ауруын емдейтін де емшілер бар. Оны? жапыра?ын ісікке та?ып, булама жасаса, ол тез ?айтады. Та?ы бір елдерде адыраспанды ішек ??рт?а ?арсы инсекцидтік ??рал ретінде ?олданады. К?зі нашар к?ретін кісілерді адыраспанды бал мен шарап?а араластырып емдейді. Аталмыш ш?пті? емдік ?асиеттері б?дан да к?п. Бізді? ма?аламызды? басты ма?саты б?л болма?анды?тан, о?ан егжей-тегжейлі то?тал?анды ж?н к?рмедік.
?аза?станда адыраспанны? бір ?ана т?рі – а? адыраспан ?седі. Ол – к?п жылды? ш?п, т?йетабан т??ымдастар тобына кіреді. Тамыр ді?гегі 2-3 метрге дейін жететін ?сімдікті? саба?ы б?та?шалы келеді. Жасыл т?сті саба?ыны? ?зынды?ы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапыра?тары тілімделген, кезектесіп орналас?ан, ?ыс?а сыр?алы тере? 3-5 б?лікке б?лінген. Г?лі а? ж?не сары т?сті болады. Олар ірі жал?ыз, не ?ш кіші г?лдерден ??ралады. Жемісі ?о?ыр т?сті, ??р?а? болып, ?ш жеміс ?алтасынан т?рады. Топтанып ?сетін ?скін шілде айында г?лдегенде оны? хош иісі т??іректі алып кетеді. Бір ?ажабы, адыраспан ?сіп т?р?ан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Адыраспанны? пайдасы »
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп,1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.
Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады. Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, сабағында -0,23-3,57 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді. Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады. Ал адыраспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Бұдан бөлек, адыраспанды іш ауруын алғашқы кезеңінде жазуға жаратады. Адыраспан түтінімен сал ауруын емдейтін де емшілер бар. Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді. Аталмыш шөптің емдік қасиеттері бұдан да көп. Біздің мақаламыздың басты мақсаты бұл болмағандықтан, оған егжей-тегжейлі тоқталғанды жөн көрмедік.
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек«ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған.
Халық шаруашылығындағы пайдасына келер болсақ,адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояғанЖүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Адыраспан халық ұғымында... Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған. Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс. «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.
Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледерін пайдаланады. Адыраспан-ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінді атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған. Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ белгілі болған. Бұл арада оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ ревматизмді емдейге қолданады. Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек. Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады. Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.